Қазақша шығарма: Қазақстан - кеше және бүгін

Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінен бастау алар қазақ халқының тарихы тереңге жайылған. Егеулі найза қолға алып, атқа қонған батыр бабаларымыз «Ақ найзаның ұшымен, Ақ білектің күшімен» осы бір ұлтарақтай жер үшін қан майданда қан кешіп, қасық қаны қалғанша тәуелсіздік жолында құрбан болды. ХVI-XVII ғасырларда жоңғар қыспағынан қашып, көршілес жатқан Ресей мемлекетінен пана іздей барған аңғал да аңқау, еңбекқор қазақ елін орыс басшылары біржола қол астына алуды көздеп, сол мақсатына жетеді. Сол кезеңнен бастап қазақ халқы ІІ ғасырға......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақстандық байлар мен кедейлердің ішетін тамағының айырмашылығы қандай?

Алматы - тек алманың ғана емес, ақшаның да қаласы болып саналады. Себебі, еліміздегі ең үлкен салықтың төлем осы шаһардан жиылады. Сондай-ақ сырттан келетін туристер мен қатар еліміздің қалталы азаматтарының басым көпшілігі осы шаһарды тұрғындары.

Жергілікті халық арасында «Алматыда құстың сүтінен басқаның бәрін табуға болады» деген сөз бар. Яғни, мегаполиске отандық үздік өнімдерден бастап әлемнің барлық бұрышынан тағам мен тауардың барлық түрі тасылады. nur.kz порталы бүгінгі мақалада еліміздегі байлар мен қарапайым халық жиі тұтынатын тауарлардың баға айырмашылығын анықтап көрді.

Яғни, 1 тауар қала орталығындағы қара базарда қаншаға сатылады және қалталыларға арналған дүкенде қанша тұрады? Салыстырып көрейік.
Жаңалықтар
Толық
13 -8

Қолөнершіге жарнама жасамай қойған Мөлдір Әуелбекованың басы дауға қалды (фото)

Отандық қолөнерші танымал әнші Мөлдір Әуелбековаға айып тақты. Қолдан әшекей бұйымдар жасап сатумен айналысатын келіншек Әйгерім Ахметова 20 мыңның бұйымдарын алып, жарнама жасамай қойған Мөлдірге ашулы екенін жеткізді деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша Тәрбие сағат: Халықаралық отбасы күні (Отбасы - өмір аясы)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасыөмір аясы
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы - өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0