Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ормандар орман экономикалық ресурсы

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында сандық телерадио-хабарларын таратуды дамыту бағдарламасы әзірленуде. Осы бағдарламаның негізгі мақсаты мемлекеттік құралдарды ұсынатын бұқаралық ақпараттық қызмет көрсету сапасының артуын қамтамасыз ету болады.
Қоршаған ортаны қорғауға шығыстардың құрамында халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты және Қазақстан Республикасы экологиялық жүйелерін іске асыруға бағытталған, мынадай негізгі бағыттарда қаражат құрайтын болады:
қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның орнықты экологиялық дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру, табиғи ортаға арта түсіп отырған антропогенді әсерді азайту;
жердің шөлейттену және құнарсыздану үдерісін тоқтату және алдын алу;
тұтастай алғанда Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, оның ішінде жекелеген өңірлер мен республиканың экологиялық жай-күйінің автоматтандырылған мониторингін жетілдіру;
елдің экономикалық әлеуетін дамытуды ұтымды аумақтық ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.
Су ресурстарын, орман мен жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану бойынша 2010 жылға дейінгі бағдарламасы және “Жасыл мұнай” жүйелерін енгізу бойынша шаралар кешені әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасы бойынша, биологиялық әралуандық бойынша БҰҰ Конвенциясына және климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясына Киот хаттамасына қол қою мәселелерін пысықтау жоспарланып отыр.
2008-2010 жылдары орман қорын, жануарлар әлемін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған шығыстар құрылымында ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру үшін, орман ресурстарын ұтымды және жүдетпей пайдалану, оларды қорғау, сақтау және молықтыру, орман шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, мемлекеттік табиғи-қорықтық және орман қоры объектілерінің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету, тұяқты жабайы жануарлар мен киіктердің сирек және жоғалып бара жатқан түрлерінің олардың кәсіпшілік санына және жыл сайынғы өсімінің биологиялық негізділігіне қол жеткізу үшін табиғи еркіндік жағдайында таралымын сақтауға жағдайлар жасау бойынша шығындар негізгі орын алатын болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Орманды дала дала аймағының таралу құбылысы

Қара және шабындық қара топырақтары мен ала кебірлі кешендері 191 млн га жерді немесе ТМД аумағының 8,6 процентін алып жатыр. Қара топырақ Молдава мен Байкалдан арғы аралықтары орманды дала және дала аймақтарында тараған. Таралу алаптары Молдава, Украйна, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан.
Аймақтың климаты негізінен жазы жылы және қысы суық (шығысынан ызғарлы ), Болып келеді. Баты-Шығыс бағытта жылу мен жауын-шашын мөлшері азайып, климат ызғарлылығы артады. Орманды дала климаты, дала аймағына қарағанда, жұмсақтау және ызғарлыылғы шамалы. Мұнда шілде мен ақпан айларының орташа температурасы батыстан шығысқа сәкес ішінде 240 С-дан 200С-ға және -40 С-дан 270 С-ға дейін төмендейді. Температурасы 100 С-дан жоғарғы күндер саны орманды-даланың батысында 150-180, шығысында 90-120-ға дейін азайатын болса, дала аймағына сәйкес 140-180 және 97-140 күнге тең.

Атмосфера түсім мөшері 500-600 ьь-ден (Кавказ алды) 300-350 мм-ге дейін (Батыс Сібір мен Солтүстіктен Оңтүстікке қарай кемиді. Жауын-шаашынның едәуір мөлшері (30-40 еуропалық, 50 проц. азиялық бөлігінде) жаз айларында түседі.
Бедері тұрғысынан Еуропа бөлегі әр тереңдіктегі және қашықтықтағы өзен аңғарларымен бөлшектенген тегістіктер немесе сәл толқынды жазықтықтықтарға жатады. Су айрықтықтарында түрлі ойпаңдар кездеседі. Тек Волын-Подол мен Орталық орыс тегістіктері, Днепр маңы мен Еділ қыраттары, Донецк адырлар қырқасы, Жалпы Сырт жыралы сайлармен жиі бөлшектенген. Аймақтың Азия бөлігі –сәл бөлшенген тегістік Батыс Сібір ойпатымен жалғасады, оның көтеріңкі оңтүстік бөлегі Орталық Қазақстан қыратының солтүстігімен шекералас жатыр. Одан әрі шығысқа қарай дала жазықтығы Алтай тауының етегін, Минусин қазан шұңқырын және Шығыс Саян етегіндегі төбелі жазықтықтарды қамтиды. Байкалдан әрі шығыста үздік-үздік тектоникалық депрессиялар кездеседі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Орманға саңырауқұлақ теруге барайық

Сабақтың мақсаты: Қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Саңырауқұлақтардың айырмашылығын білуге үйрету.
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, Экология негіздері, мүсіндеу.
Билингвальдық компоненті: Күз-осень, саңырауқұлақ-гриб.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Адам құқығы | Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы

КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Орман туралы жыр)

Құлпырды құмайт, жапты орман
Колхоздың еңбек даласын.
Жарқылдап күлді бар адам,
Аралап тоғай арасын.
Сасырды сусыз қаңсыған
Тотыдай тоқсан түлеткен
Жаудырды ел алғыс - алғыстан
Кесемге, сүйген жүрекпен.
Аңызақ соққан күндіз - түн,
Шөлдерге бітті жана тұр,
Ырысы болды колхоздың
Құм сауырын басты гүл......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Орманбет би

Баяғыда аңшылықпен күн көрген бір адам болған екен. Бір күні аңға шықса, алдынан бір буаз киік ұшырайды. Оны атып, алып төс етін кесіп, отқа қақтайды да аузына апара бергенде, «Әйт»,—дейді. Арт жағынан біреу, қараса, манағы киігі, «Менің жәйімді Орманбет биден сұра»,—деп секіріп-секіріп жоқ болады.

Аңшы енді сол Орманбет биді іздеп табуға бел байлайды. Ол ұзақ жол жүріп Орманбет бидің аулын табады, бірақ, Орманбет би үйінде болмайды, қаңыраған үйі ғана тұрады.

Аңшы сұрастырып білсе, Орманбет бидің басқа бір жерде ашына әйелі болады екен. Ол соған кетеді де өз әйелі оны қуып кетеді.

Аңшы жігіт о да Орманбет бидің соңынан іздеп бармақшы болады. Ақыры Орманбет бидің жаңа отауын табады. Отауға кіріп барса, бір әйел тұрыпты да: «Сен Орманбет биді іздейсің ғой»,—деп бір жүгенді қағып қалып: «Қаратөбет бол»,—деген екен, әлгі аңшы ит болып шаба жоғалыпты, бірақ, санасы өзгермейді. Содан қаңғырып жүріп, бай ауылға ұшырайды. Мал сойылып қан-жын болған жерде, ол ауыл иттерінің бәрін жеңіп, маңнан қуатын болыпты. Ол үйдің әйелі жыл сайын бала тапса да, үш күн тұрғансын өле береді екен, итті үйіне әкелген күні де ұл бала табады....
Ертегілер
Толық
0 0