Әнастан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Ұлы әрі Құдіретті Алла сапардағыларды оразаның ауыртпалығынан және намаздың жартысынан, ал жүкті және емізулі әйелдерді оразаның ауыртпалығынан босатты». (Тирмизи, Әбу Дауд)
Ғалымдар: «Егер жүкті және емізулі әйелдер жатырындағы нәресте және баласы үшін қауіптенсе, онда олар ораза ұстамаулары керек, ал егер қауіптенбесе, онда оларға ораза ұстамауға тыйым салынады!» дейді. Демек, жүкті және емізулі әйелдер өзі немесе баласы үшін қауіп сезінсе ғана оразасын тоқтата алады. Алайда, егер олар ораза ұстай алса, онда оларға оразаны қалдыруға тыйым салынады, өйткені Алла Тағала: «... ал сендер үшін ораза ұстау жақсырақ, сендер білсеңдер еді!» деген. («Бақара» сүресі, 183-аят)......
Сұрақ: Рамазанда денсаулық тұрғысынан ішіп-жегенде мән берілуі керек болған қандай ерекшеліктер бар? Жауап: Бір дәрігер досымыздың берген жауабы мынадай:
Рамазан айында жүйесіз азықтанған адамдарда әлсіздік, депрессия, асқазанның ауруы және ас қорыта алмауы, қан қысымының төмендеуі сияқты көптеген денсаулық проблемалары байқалуы мүмкін. Сәреге тұрмау немесе сәреде көп мөлшерде майлы тағамдар жеу, ал ауызашарда көп....
СейтекОразалыұлы 1861 жылы Орда ауданында дүниеге келген – күйші-композитор, қазақтың төкпе күй әдібінің негізін салушы. Бес жасында әкеден қалып, ағайыны Шошақтың тәрбиесінде болған. Алғаш домбыра тартуды ағасынан үйренген. Ауыл арасында бала домбырашы атанып, сол кездегі Әлікей....
Сұрақ: Рамазанда «Аллаһтан жасырмағанды құлдан жасырам ба» деп ашықтан-ашық ішіп-жейтіндер кездесіп жатады. Ораза тұтқандардың көзінше бірдеңе шайнап отыру күнә емес пе? Жауап: Рамазанда өзгелер көретін жерде ішіп-жеген кісілер күнә істеген болады. Күнәны ашық түрде де, жасырын түрде де істеу жаиз емес. Бірақ нәпсіне, шайтанға еріп.....
Ораза – тек аштық пен шөлдеу деген сөз емес. Бір жануарды немесе сенбейтін адамды бір бөлмеге қамап, аш-сусыз қалдырумен оған ораза ұстатқызған болмаймыз. Оразаның сабыр, шүкір, нәпіс тәрбиесі сияқты басқа ғибадаттармен байланысы бар. Осы себептен хадис шәрифте «Әр нәрсенің есігі бар. Ал ғибадаттардың есігі – ораза» делінген. (Ибн Мүбәрәк)
Жүйке жүйесінің денедегі орны өте маңызды. Тіл жүйкелері сал болған адам сөйлей алмайды. Аяқтағы жүйкелер сал болса, адам жүре алмайды. Жүйкеміздің бұзылу шамасында....
Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады. Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден ....
Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»[1].
Оразақын Асқар (16.05.1935, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы — 24.01.2019, Алматы) — ақын.
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.
1955 жылы ата-мекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.
Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.
«Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.....
Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Диқан ауылында дүниеге келген. 1965 жылы ол мектепті күміс медальмен бітірді. 1965 - 1970 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің филология факультетін бітірген. 1970 жылы ол еңбек жолын "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер болып істеді. 1972-1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. 1984-1986 жылдарда Республикалық қуыршақ театрының директоры болды. 1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының I съезінде Одақ Басқармасының бірінші секретары болып сайланды. 1986 жылы өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының I съезінде Басқарма құрамына енді. 1990 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі XII шақырылуының депутаты болды (Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқарды). 1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы Палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары. 1993-1996 жылдар аралығында "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 1996 жылы Қазақстан Жазушыларының XI съезінде Одақ Басқармасының Бірінші секретары болып сайланды. 2002 жылы Қазақстан жазушыларының XII съезінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қайта сайланды. Қазіргі Республикадағы Жазушылар Ұйымын басқарады.....
Оразалы Қожамжарұлы батыр (1826, Іле бойындағы Жайпақ деген жер – 1913, Шу өңірі) – Қоқан хандығына қарсы күресте қол бастаған батыр.Ұлы жүздің дулат тайпасының Ботбай руынан. Жас кезінде ел-жұртымен бірге Шу бойындағы Қарақыршын деген жерге қоныс тепкен. Ер жеткен кезінде Сыпатай батырмен бірге тізе қосып, қоқандықтарға қарсы күресте оның сенімді серігі болды. Өзінің ел-жұртын Шу өзенінің бас жағындағы Ақсу .....