Пән:Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі) Оқу мақсаттары: 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру 4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы тақырыбына сүйеніп мұғалім көмегімен сюжеттің дамуын болжайды, шығарманың композициялық құрылымын атай алады. Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, себептерін мәтіннен келтіре алады, мұғалім көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады; Кейбір оқушылар: шығармадағы шығарманың тақырыбына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжай алады, себептерін бағалай отырып түсіндіре алады, шығарманың композициялық құрылымын анықтайды......