Кезекті, 2017-жыл да тарих табалдырығын аттады. Бұл жылы адамзат өз басынан қандай оқиғаларды өткеруі мүмкін екені жөнінде бұрынғы-соңғы көріпкел-сәуегейлер не деген? Бұл сауалдарға Замана басылымы жауап іздеп көрді.
Парламент сенатының алқа мәжілісінен кейін тілшілерге берген сұxбатында сенат депутаты Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы болжамдарға пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.
Орыс тілінде жыр жазатын қазақ ақыны некен-саяқ. Солардың бірегейі һәм ірісі – Олжас Омарұлы. Олжас Сүлейменов 1936 жылы 18-мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол өзінің саналы ғұмырын жыр жазуға, әдебиетті зерттеуге, қоғамдық-саяси түйткілдерді шешуге арнап келеді.
1954 жылы мектепті бітірген ақын сол жылы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1959 жылы инженер-геолог маманы болып, жоғары оқу орынын тәмәмдады. Оқуының соңғы жылдарында бақылаушы-геолог ретінде жұмысқа араласты.
Олжас Омарұлы әдебиет ісіне 1955 жылдан бастап араласты. Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін бітірген жылы, яғни 1959 жылы, ол Мәскеудегі А. М. Горький атындағы Әдебиет институтының....