Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И.Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қалаларының бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. ....
Ернұр Рысмағамбетов – физик, жаттықтырушы, мұғалім, Халықаралық қарды орталығы бюросының басшысы.
ҚР Ұлттық командасын мектепаралық ғылыми жарыстарының дайындығына белсенді қатысушыларының бірі. 5 жыл бойы жаттықтырушы ретінде Ернұрдың жетекшілігімен оқушылар 25 мүмкін медальдің ішінен 24 медальді жеңіп алды, оның ішінде 6 алтын, 15 күміс және 3 қола.
Ернұр 11 сынып оқып жүрген кезінде Кембридж университетіне оқуға шақыру алды. Физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың (IPhO) алтын және күміс медальдарының иегері - Бали, Индонезия, 2002 және Тайбэй, Тайвань 2003; 2000-2004 ж.ж. физика бойынша республикалық олимпиаданың төрт мәрте жеңімпазы және 2003 жылы республикалық мектеп олимпиадасының абсолютті чемпионы.....
Нұркен Әшімханұлы Өтеуілов (1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — кино және театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1998 жылдан). Нұркен Әшімханұлы 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында дүниеге келген. Ұлты - Қазақ. Әкесі - Өтеуілов Әшімхан, ауыл шаруашылығында механик болып жұмыс істеген. Анасы - Уәлибаева Жәмилә, Тұрмыс қажетін өтеу үйінде тігінші болып жұмыс істеген. 1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың классын музыкалық драманың актері мамадығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.....
Нұржан Жолдыбалинов – IT маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог Нұржан Нұрланұлы – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі.
Сонау ертедегі 1995 жылы №63 Шар мектебіне 8 разрядты «Корвет» дербес компьютерін әкелген еді, осы компьютерде жұмыс істеуге алғаш отырғандардың бірі және сабақ арасында ұрлана кіріп мұнда шұғылдануға келетіндердің бірі тоғыз жасар Нұржан Жолдыбалинов болатын. Балалық қызығушылық оның мамандығын ақпараттық технологиямен байланысты айқындап бергендей. Бұл оқиғаның әсерін толықтай бағалау үшін Нұрлан Нұржанұлы қазіргі таңда Қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық «брендті» - Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі, сондай-ақ ҚР ҰАК ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары болып табылады.....
Фархат Нұрсұлтанұлы Әбдірайымов - Қазақстандық актер. Өмірбаяны 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ. Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген (1988), инженер-технолог. 1988 жылдан - «Турист» мейрамханасының директоры. 1999 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері. Жеке өмірі Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі (2007 жылдан). Діни көзқарасы - мұсылман. Хоббиі - бильярд, суда жүзу. ....
Мұрат Нұрәсілов (1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорғанда туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері (1980 жылдан). Мұрат Нұрәсілов 1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорған облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Алматы Театр және Көркемсурет институтынн бітірген. 1980 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік құрамында еңбек етеді. Сахнадағы негізгі рөлдері...
Пай! ПАй! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер. Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер. Ғашықтар бір-бірін өпкен жер. Сарылып сал-сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер! М.Мақатаев Қазақстан – Алтайдан Атырауға, Қаратаудан Көкшеге созылып жатқан қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең байтақ жер. Жазира жерді мекендеген ата-бабамыз басынан қиын-қыстау күндерді аз кешірген жоқ. Жаугершілік замандарда қаншама батыр ұлдарынан айырылып, ұлы –құл, қызы – күң болып кетпесін деп, елін, жерін сақтап қалу жолында қаншама тер төкті. Ер басына күн туса етегімен су кешуге даяр ерлер ұлтарақтай жері үшін қасықтай қаны қалғанша аянып қалмады. Соның барлығы да жері, елі, ұрпағы үшін күресіп, жер жастанғандар. «Ер ел үшін туып, ел үшін өледі» деген мақал осыдан қалса керек. Тәуелсіздік жолында шейіт болған батырларын еліміз ұмытпай, тағзым етеміз. Айдынды көлдер, асқарлы таулар, күні от шашқан шөлдер, арналы өзендер, ну ормандар, сылдырлаған бұлақтар Қазақстан жерінде. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы еліміз жерінің кеңдігімен, байлығымен мақтана алады. Міне, ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына табалдырық басты......
Жастар театрының актері Әлібек Нұрбек те 100 жаңа есімге ілігіп отыр. Кішкентай балаларға күндіз қойылым қойса, бос уақытында еріктілікпен айналысады. Ауыр дертке шалдыққан балалардың жанына дауа іздеуге болысып жүрген жандардың бірі осы азамат.
«2 жылдың ішінде біз 10-ға жуық балаға көмектесе алдық. Еріктілер үйі балаларға ғана емес, қарттар үйі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын мектепке дайындау, не болмаса қысқы суық мерзімдегі жылы, жайлы баспана алуына қамтамасыз етеміз. Яғни бізге келген балалар арқылы хаттар арқылы, көмек арқылы біз мынаған көмектесеміз, мынаған көмектеспейміз деп айтпаймыз. Қайсысы қолымыздан келеді. Соған көмектесуге тырысамыз», - деді «қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Әлібек НҰРБЕК......
Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова (1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында туған) - кино және театр актрисасы. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Алматы облысының Құрметті азаматы. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жоғарғы санаттаға артисі. "Құрмет" орденінің иегері. Алмахан Нұрпейісқызы [1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы эстрада және цирк өнері студиясын (Ж.Елебековтің жетекшілігімен) бітірген. 1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген. (ұстазы: КСРО халық артисі Шолпан Жандарбекова)...