Ас адамның арқауы демекші асымыздың, азық-түліктеріміздің сапалы болуына мән беруіміз қажет. Азық-түліктер неғұрлым балғын, табиғи, қоспасыз, экологиялық таза болса, соғырлұм сапалы болатыны мәлім. Бұл ретте отандық өнімдеріміздің осы аталған қасиеттерге жауап бере алатынын айту керек. Мәселен ас атасы нанның шикі заты болып табылатын Қазақстандық бидай өзінің жоғары сапасы арқылы әлемдегі нарықта жоғары сұранысқа ие. Осының өзі де отандық ұннан жасалатын өнімдердің сапасын айқындап тұр. Ал ет өнімдері болса, шет елдерде дәрінің көмегімен тез арада өсірілетін арзан еттерге қарағанда, өзіміздің ауыл шаруашылықтарында, ен далада жайылып табиғи жолмен өскен отандық малдардың еті әрине дәмділігі жағынан да, құнарлығы жағынан да пайдалы болмақ. Базардағы сатушыдан «шет елдік тауық еті неге біздің отандық тауық етінен арзан» деп сұралғандағы жауап көңілге қонышты болып еді. «Шет елдік тауық етінің іші толған су, мұзы ерігенде еті бүрісіп кішірейіп қалады, ал өзіміздің өнім сол қалпы қалады» деген болатын. Қаншама жол жүріп, қаншама делдалдардың, алып-сатарлардың қолынан өтіп бізге жетіп келген шет елдік азықтардың отандық өнімдерге қарағанда арзан болуы көп күмән туғызары анық. Көбіне дәрі-дәрмек, химикаттар, табиғи емес қоспалар қосу арқылы аз уақытта көп өнім .....
Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ана және басқа отбасы мүшелерінің бүкіл тәрбиелік қағидаларды орындауымен қатар, отбасы өмірінің жүйелі, ата-ана ара-қатынасы жақсы болуы шарт. Үйде ұрыс-керіс болуы балаға кері әсер етеді. Әсіресе ажырасудай баланың көңіліне қаяу салатын нәрсе жоқтың қасы. Балалар ата-анасын идеал, мінсіз адам ретінде көретінін ұмытпау керек. Солар сияқты болуға, солар сияқты әрекет етуге тырысады. Үлкендердің дағдыларын, әрекеттерін тез қағып алады. Сондықтан бала дүниеге келгеннен бастап ата-ана барлық жағынан жақсы болуға, үлгілі болуға мәжбүр. Сондай-ақ ата-аналар ешбір баласын бөліп жармай, барлығына бірдей қарауы, бірдей мәміле етуі қажет. Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі жоғарыда айтқанымыздай, балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін .....
Ол жиналыстан көңілсіз қайтты. Әлгінде Көкшетаудың бас-аяғына жиналған дүйім жұрт алдына бұны жалғыз шығарып алып, кеудесіне орден қадаған қуанышын да сезіп келе жатқан жоқ. Сол арада ол қуанғаннан гөрі іштей ыңғайсызданып бітті. Самаладай шам сәулесін жан-жағынан анталатып қойды. Салтанатты сарайда иін тіресіп отырған жұрт назары бір өзіне ауып, қошеметшіл жиынның қызу соққан алақандары үйді басына көтере дүрілдетіп ала жөнелгенде, қысылшаң жігіт тіпті не істеп, не қойғанын да білмеді. Тер одан да, бұдан да кетті. Абдырап аузына сөз де түспей қойды. Құрғап қала берген тамағын жібіткісі кеп, қолын әлсін-әлсін алдында тұрған суға соза беріпті. Кейін не айттым деп қанша ойласа да, есіне ештеңе түспеді. Аузынан шыққан сөздер құдды әлденеден оқыс үркіп, дүркіреп ұшып кеткен торғайдай. Сөзінің соңында ол әйтеуір ертеден бері уысында умаждап тұрған ескі кепкадан көзін алып, тым-тырыс болып тына қалған халыққа: «Алдағы уақытта да аянбай еңбек етем», — депті.
Жұрт, әрине, Әутен Қуандықовтың аянбай жұмыс істейтінін біледі. «Жарқайың» фермасын басқарғанына, міне, жеті жылдан асып барады. Жылда егін піскен бойда мал фермасының тауқыметін балалы-шағалы әйеліне қалдырып, өзі комбайнға отырады. Өткен жылы Қостанайдың атақты комбайншысы Сартаймен жарысқа түсті. .....