Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Саналы ұрпақ үшін ұлттық киноиндустрия

Жалпылама фильмдер көркем-өнер туындысы, табыс көзі болумен қатар қоғамға бірдеңелер түсіндіру, ой-пікір жеткізу мақсатында жасалуда. Ұлттық санада дайындалған отандық фильмдер арқылы жастардың білім-танымын, әдет-ғұрпын, жақсы мен жаман ұғымын түсіндіруге, мәселен тарихи фильмдер арқылы жастарға отанға деген махаббатты, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге болады. Ал батыстық фильмдерден көбінесе арсыздықты, жалаңаш киінуді, темекі шегіп, арақ ішу, наша шегуді, гомосексуалды болуды, өзгенің жұбайына қырындауды, ажырасуды қалыпты етіп көрсететіндері көп. Соған еліктеген кейбір отандық фильмдер ұлттық құндылықтарды кері тартпа, ал батыстық азғындықтарды ілгерілік деп көрсететіндері де бар. Бұлар әрине жастардың ой-санасына әсер етпей қоймасы анық. Мәселен азулы фильмдердегі қате пікірлерді сіңіріп өскен жастар дұрыс нәрселерге қарсы шығып, бұрыс нәрселерді қолдайтын болуы мүмкін. Осы тұрғыдан киноиндустрия өте маңызды құрал. Жарық жылдамдығындай қарқынмен күннен күнге көбейіп қоғамға ұсынылып жатқан шетелдік фильмдер сүзгіден өтпейтін болса, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін отандық фильмдерге ден қойылмаса халіміз неғайбыл. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихи біршама кинолар жарық көрді. Жас-кәріміз осыларды тілге тиек етіп, еңселеріміз көтеріліп қалды. Осыны жалғай түсіруге болатын дастандарымыз, тарихи тұлғаларымыз хандарымыз, батырларымыз жетіп жатыр. Қорыта айтқанда осы саладағы аға-әпкелеріміз осы мәселеге де жақсырақ ден қойса дейміз. Осындай мәдени қазыналарымызды ашатын, жастардың ұлттық рухын көтеретін көрсетілімдер көп болғай.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тәуелсіздіктің нұрлы таңы

Тәуелсіздік нұрлы таңы атқанына бүгін міне, Жиырма бес жыл! 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, ашу-ыза мен қайғы араласқан, қазағымның басына үлкен қасірет әкелген қаралы күн еді.

1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. Бұрын-соңды кездеспеген жағдай елді елең еткізді. Жалпы үрей, қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде едi. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Д.Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!»,- деген ұранмен , «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты.1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға түрлі жалалар жабылып, «Ұлтшыл,маскүнем» деген кінә тағылды.Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке жан-жақтан милиция қызметкерлері шақырылды. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай, адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде болған адамдардың көбісі студент жастар. Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол сынды қыршын кеткен өрімдей жастырымыз ұлт намысын ту етіп алдыңғы қатарға шықты. «Қазақ» деген қаным бар», - деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар», - деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы бүгінге дейін қазақ жүрегінде сақтаулы.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Сәкен Сейфуллин (Нұра)

Сағынып, Нұра, мен келдім,
Бұрынғы иең — байғұстың.
Айрылған сенен көп елдің
Жатырсың көрмей қайғысын.
Мекен болдың бір уақыт
Көшіп жүрген қазаққа.
Айырылып сенен....
Өлеңдер
Толық
1 0