Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет Сабақтың тақырыбы: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет №2 Оқыту мақсаттары: Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: Одағайды мәтіннен ажырата алады. Оқушылардың көпшілігі: Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолданады. Оқушылардың кейбірі: Одағайдың түрін, қолданысын анықтай алады......
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді. Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді. Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә. Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін жоғарылатты, сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты (“Қазақ ССР тарихы”, 1 –том, Алматы, 1980,81 – бет). Осындай елеулі жергілікті өзгерістер климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі – ірі шөп қоректі жануарлар қырылды. Ең соңғы мамонттардың бірі Жайық өзенінің сол жағында бұдан шамамен 8000 жыл бұрын жойылған (Сонда, 82 – бет). Қазақстан аумағындағы неолит пен энеолит кезеңінде Еуразияның кең – байақ кеңістігіндегідей андронов мәдениетіне ұқсас, біртеті шаруашылық сипатына қарай біріккен....
КІРІСПЕ Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларды қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. "Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:: 6.4В XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет Сабақтың тақырыбы: XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау Сабақтың мақсаты: Оқушылар ХҮІ–ХҮІІ ғасырлардағы қазақтың рухани мәдениетінің дамуы туралы түсінеді;
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы Сабақ тақырыбы: Неліктен VIII-XII ғасырларды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау; 6.2.2.4 – Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау; 6.2.3.1 – Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын бағалау Сабақ мақсаттары: Ислам мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін бағалау.....
Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер-суы — шығыста Талас — Шуға дейін, солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты. Испиджаб жазба деректерде сонау VII ғасырдың бас кезінен белгілі, Сюань — Цяньнің Сапарнамасында ел «Ақ өзендегі қала» деген атаумен еске алынған. Өзге емес, дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек Махмуд Қашқаридың XI ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. «Сайрам — деп жазды ол,— Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың (Ал — Мединат ал — Байда) атауы. Мұны Сайрам деп те атайды». Испиджаб атауы соғды ішінде «Ақ су» мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса «Ақ өзендегі қала»— «Испиджаб» — «Сайрам» деген атауларының түп-төркіні бір екеніне осының өзі айғақ бола алады. Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб — Сайрам X ғасыр мен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстанның оңгүстігіндегі ең ірі қалаға айналады. Испиджаб округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын; Қаратаудың солтүстік бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын; Жетісудың Тараз, Құлан, Мирки (Мерке), Суяб қалаларын қамтыды. X ғасырдың географы Ибн Хаукаль былай жазады: «Испиджаб — шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала. Ол мединадан (орталықтан), қамал мен рабадтан (керуен-сарай) тұрады. Қамал күйреген, ал медина мен рабадта тұрғындар тұрады, медина дуалдармен қоршалған рабадты да ұзындығы фарсахқа таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабадтың өз бағы мен суы бар. Ол тегіс жерде жатытын оны мен ең жақын деген таулар арасы үш фарсахтай (20 км). Мединеннің төрт қақпасы — Нуджкет қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван қақпасы және Бұхара қақпасы бар. Оның базарлары медина мен рабатқа, ал басқару үйі, абақты мен бас мешіт мединаға орналасқан. Бұл адамы құжынаған, ауқымды қала, бүкіл Хорасан мен Мавреннахрда осы Испиджабтан басқа харадж (салық) төлемейтін бірде-бір қала жоқ». Испиджаб аса ірі әкімшілік орталығы ғана емес, сонымен бірге өтпелі сауда орталығы ретінде де мәлім. Қалада сауда құрылыстары — керуен сарайлар мен «тимдер» көп болды. Керуен сарайлар (рабаттар) Нахшеб, Бүхара, Самарқант көпестерінің иелігінде еді. Халықаралық сауда Орта Азия мен Шығыс шығарған және Испиджабтың өзінде XI—XII ғасырларда шекілген жергілікті теңгелермен жүргізілді. Испиджабтан басқа жерлерге ақ маталар, қару-жарақ, семсерлер, мыс пен темір жеткізіліп тұрды. Қала құл сату орталығы ретінде де бүкіл Шығысқа әйгілі еді — одан сол кездегі қырқысқан қыруар соғыстарда әр түрлі түркі тайпаларынан қолға түскен тұтқындар сатылып, әкетіліп жатты.....
Мәдениет ұғымы «Мәдениет дегеніміз не?» — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологаясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан тусінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді еңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) міәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б.; б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро - мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.)....
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1990 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін қол жеткізген бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегеннен, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халықжаңа жағдайға бейімделіп келді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенн паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған қаһарман халықтың тәуелсіздігін таныған қуанышты хабарлар әлемдік ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты. Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына да 20 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады. Тәуелсіздік – біздің халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының ажрамас бөлігі. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы Сабақтың тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар 1-сабақ Оқыту мақсаттары: 10.4.2.1 - Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау; 10.4.2.2 - Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау Сабақтың мақсаттары: Оқушылар Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетіндегі өзгерістерді анықтайды. Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің Қазақстанға әсерін талдайды.......
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагошкалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз кеіеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және-дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсснді позиция ұстанып, оның дербес тәжірбиесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірбиемен бірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса мүғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады. ....