«Адамзатқа ең алдымен білім емес тәрбие берілу керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп жерлесіміз ғұлама ғалым Әл-Фараби айтқандай, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына тәрбиенің нәрлі дәнін егетін ең басты ошақтың бірі мектеп болса, сол тәрбие жүйесінің өзегі – мектеп ұжымы. Қазіргі уақытта руханилық пен адамгершілікке негізделген, демократия мен гуманизм ұстанымдарына сәйкес білім беру мен тәрбиелеудің қазақстандық үлгісі жүзеге асырылуда. Қазақстандық ұлтжандылықты, азаматтықты, рухани құндылықты, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында тәрбие беру жұмысының 12 бағыты айқындалды.......
Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдсгі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалык, (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. ; Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды Қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. ....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қайта өрлеу дәуірі Сабақ тақырыбы: Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр) 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау; 6.2.2.4 - Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау Сабақ мақсаттары: Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр еңбектеріндегі идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау, ерекшеліктерін сипаттау.......
ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең басты кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі - Арал экологиялық дағдарысы — адам әрекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы,ежелгі мәдениет.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Аралдың ежелгі мәдениетіне талдау жасау. Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттері: - Арал қаласының географиялық сипаттамасы - Зерттеу әдістерін пайдалану ; - Аралдың қоршаған табиғи ортаға экологиялық әсері ; - Аралдың ежелгі мәдениеті;.....
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор. Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады.....
Тақырыбы 1-сабақ: Сыныпты қадағалау әдістемесі. 2-сабақ: Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы. Мақсаты Мұғалімдер сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және ғаламдық мәдени айырмашылықтар, қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады. Оқу нәтижесі
Пән: Қазақ тілі БӨЛІМ: Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу. ӘТН5 Пунктуациялық норма: Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Тақырыпқа қатысты пікір білдіре алады. Көптеген оқушылар: Тақырыпқа қатысты еркін пікір білдіре алады. Жазылымның жанрлық ерекшелігі мен жүйелілігін сақтайды. Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты дәлелді пікір білдіре алады. Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөзді ажыратады, тыныс белгілерін қолдана алады. .....
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Жанды табиғат Сабақ тақырыбы: 15-сабақ. Сөйлеу мәдениетін үйренемін Оқу мақсаты: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу; 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.7.1* қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: - сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады; - түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жоспарлай алады; - мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды; - сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады. Оқушылардың көбі: - сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтай алады; - диалогке белсенді қатысады; - мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды; - сөйлем құрамында қаратпа сөздің қызметін түсініп, ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады. Оқушылардың кейбірі: - диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады; - мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады; - сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады......