Мұғалім! Осы сөзді айтқанда, естігенде жүрегіңе жылулық сезімі ұялайды. Иә, мұғалім – мақтан тұтар мамандық. Өмірдегі көп мамадықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін де осы ұстаздық мамандығы.
«
Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі бір пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары, беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі
ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның бойындағы білім мен ақылы, ойының қуаты талай «тентекті» жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп , ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды
ұстаз тәрбиелейді, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де
ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деп Бауыржан Момышұлы айтқан екен. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», десе, Жамбыл Сүйінбайды, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп шексіз құрметеп өткен. Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық білім балаға жазу-сызуды, оқуды үйретсе, бүгінгі мұғалім оқушыларына ғылым негізінен мәлімет беріп қана қоймайды, оны дүние жүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында
өмір сүруге тәрбиелейді. Бұл нағыз – ұстаздың ғана қолынан келеді. .....