Өлең: Мұхтар Шаханов (Ғашықтар мұңы)

Ар алдында, адал, ақпыз десек те
Сан сұрақтар алар кейде жағадан.
Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке,
Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.
Алуан ұғым алуан жаққа тартады,
Сан көңілдің тұйығына малтыдым.
Ғашық болып көрмегендер бар тағы,
Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Қозы Көрпеш Баян сұлу

Қозы Көрпеш - Баян сұлу

I

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны - қазақтың ғашықтық жырлары ішіндегі ертеректен келе жатқан және қазақ арасына өте көп жайылған түрі. Бұл жыр "Қыз Жібек" хикаясы сияқты тек қазақтың өз тумасы ғана емес, мұның әңгімесі қазақтан басқа елдерде де бар. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" әңгімесінің бір түрі орыс тілінде 1812 жылы Қазанда басылып шыққан. Барабин татарларының және қазақ арасында айтылатын нұсқасын Радлов жазып алып, бастырған. Ойрат тілінде "Қозын Еркеш" дейтін жыр бар. Солардың бәрі де "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырын өзіне меншіктейді. Қазақ арасында бұл жырдың 16 түрлі нұсқасы бар. Көп заман бойында көп ақындар жырлағандықтан осындай әлденеше варианттар пайда болуы фольклор көлемінде заңды саналады. Бізге мәлім болған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырларының кейбір варианты ертедегі заманның өзіне байланысты айтылса, енді біреулері бергі XVIII-XIX ғасырда өңделіп жаңғырған. Және кейде "ноғайлы" деген ескі атаулары жойылып, оның орнына Кіші жүздің Шеркеш руы, не Орта жүздің Бағаналы (Найман) руларының аттары аталады. Бірақ, бұл нұсқалардың қай-қайсысын алсаңыз да, алғашқы сюжет асылы - біреу. Әр дәуірдің, әр жердің ақындары өз ортасындағы тыңдаушыларының ыңғайына тартқанымен, оның негізгі мазмұны, оқиға желісі бір арнаға саяды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мұхтар Әуезов - белгілі жазушы №2 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6-бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов - белгілі жазушы №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3 Тыңдаған аудио-бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/ кесте толтыру/мазмұндау
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: «Мұхтар Әуезов» бейнематериалының мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен кесте толтырады.
Көпшілігі: тыңдаған бейнематериалдың мазмұны бойынша кесте толтырады және мазмұндайды.
Кейбірі: тыңдаған бейнематериалдың мазмұны бойынша кестені толық толтырады және мазмұндайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Сөніп жану

... Қоңыр күздің мезгілі, сентябрьдің бас кезі еді. Ел орынға отырған уақытта жарық айлы тыныштығы мол түнде қалың таудың ішімен үш салт атты келе жатты. Жүргіншілер келе жатқан қабат-қабат биіктің арасында жатқан жіңішке өзек кейде тарауланып көп салаға бөлініп, кейде иін тірескен биік тік жартастардың арасынан жалғыз аяқ жолдай болып жіңішкеріп, жыланша иіріледі. Қонарлық жерге кешігіп қалып, жетуге асыққан жолаушылар осы өзекті өрлеп желіп келе жатыр. Жарық айлы тынық түнде таудың ішіндегі ұлы тыныштықты бұзып тұрған дыбыс — тастақ жолмен жүріп келе жатқан аттылардың тықыры ғана. Бұдан бөтен ешбір дыбыс жоқ. Табиғат тастай қатқан жым-жырт. Жолаушылардың үшеуі де жас жігіттер. Жақсы киініп, семіз ат мінген бозбалалар еді. Бұлардың екеуі Ырғайлы болысының оқыған жігіттері — Сыздық пен Сүлеймен. Үшіншісі — ел ішінің жігіті, бұлардың жолдасы — Есімжан. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезовтың Еңлік Кебек драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай

Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын. Ол адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.

Автор

Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.

Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Абайдың поэмалары туралы

Абайдың оригиналдық поэмасы үш шығарма: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім".

Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.

Тегінде, Абай бірнеше өлендерінде поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізденетін. Сонда Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ, сары ала қызды жырлағам жоқ деп бір кезек айтса, тағы бір уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тындар едіңдеп, оқушыны шеней түсетін. Жәй бос уақыт өткізетін қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тындар едің дейтұғын.

Ондай әңгімелі өлендерден Абай өзі ойлаған өсиеттік, адамгершілік терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек, кейін тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызады. Ал, солай бола тұрса да, өзін-өзі тежеп, ақындық шығармаға жанр жағынан да арнаулы қатал талап қойған ақынның, жоғарыда аталған, үш поэманы жазғанын көреміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Жетім

Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бойсұнған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті — қалың таудың іші. Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп жатты. Анда-санда көкжиектің тұсында күн жарқылдап тұр. Бұлт қалың, жарқылдағы күшті еді. Қарабарқын тартып қараңғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер алдында бір сөніп, бір лап етіп жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен нажағай жарығымен күңгірт даланы әлде неге үміттендіріп тұрған сияқты. Тау бөктеріндегі қоңыр жел ақырындап бұралып соғып, салбыраған шерлі күйді қозғағандай болады. Табиғат салқын түсте болса да, сұлу тілді сүйгендей, іздегендей еді. Мәңгі мұңлы шермен үзіліп-үзіліп соққан желмен бірге жүректі ақырын-ақырын шымшығандай еді. Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара жатқан даланы әнші жігіттің зар-мұңлы даусы ұзақ толқынды ырғағымен тербеткендей болды. Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті қызықты еске түсірмей, ұлы бір сабырды еске түсіргендей. Ән салған жігіттер табиғатпен жалғасатын тіл тапқандай боп, кейде баяулап қоңырлатқан, кейде шырқыраған сұлу әнмен түн құшағына кіріп келе жатты... Бұл мүйнетте адамның әні де алыста күркіреген күндей, үзіліп соққан бөктердің желіндей табиғаттың өзінен шыққан бір қуат сияқты еді. Бойды табиғат қуатындай болып тоңазытып, көңілді жүз толқытатын қуаты бар еді. Ән кейде батқан күн мен бейуаққа қоштастырған үн сияқты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0