Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен? Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан. Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам........
Даттайды екен бір кінәңді ел білсе, Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз. Қызғанышы ізгілігін сөндірсе – Нақ сол адам бақытсыз. Көздер барда қадалатын тамсана ......
Қара ұрт оны әбден түсінеді. Бірақ көптен көріспегендіктен мынаның қалайша оралдырып жүргенін естімек еді. Өзінікіне ұқсай ма, жоқ па? Соны байқамақ. Сондықтан:
— Шын ба, елуге жете ме? — деді.
— Жетпей қоя ма? Өзің ойлап көр. Охотыға қалай шықтым, солай кем болса бір түс киіз, бір сырмақ, немесе алаша, кілем, не болмаса сандықта жатқан ішік, шапан алам! — деді. "Охоты" деген соңғы айларда бұлардың тілінде ауылға барып, шабуыл жасап қайту мағынасында болатын. Семіз қызылдың бұл айтқаны шын екенін осы Фонтан көшесінің өзі-ақ өн бойында көрсетіп тұр.
Әр көшенің басынан кіре бере, Тәшкен аллеясына шейін байқап отырсаң: әлденеше бақшаларда, немесе тәуір үйлердің терастарында ылғи қызарып, аламыштанып, жарқырай жайылып тұрған қазақы қолды жасауды көресің. Бұл үйлердің бәрі де қала чиновниктері мен көпес, немесе мещан атауының үйлері. Соның кейбірінде әдемі оюлы сырмақ, кейінде шебер кестелі түс киіз, кейінде су жаңа; мұндай қызарғаны жоқ үйлер салам шатырлы, аласа дуалды кедей шоқпыт үйлер ғана. Одан басқаның бәріне қазақ аулынан шыққан жасаулы келіндер түскен дерсің.
Бағанағы шал-кемпірді шошытқан қала бұл күндерде сол айналасын жалмап жұтып, қызара бөртіп тұрған талан-тараж қаласы еді. Семіз қызыл осы жасауларды әлгі чиновник, тілмаш, көпестердің үйіне жеткізіп, арзан қол қып өткізушінің бірі еді. .....
Сәлем, ұлы Жайығым! Толқынына кім салмады қайығын. Кім шертпеді саған келіп шаттығын, Кім жумады саған келіп айыбын. Ғұмырында қозғалыстан таңбадың, Заманалар қанатында самғадың, Ғасырлар мен ғасырларды жалғадың, Айтшы маған, бар ма сенің арманың? Қуат-күші сендегі ұлы дарынның Орталанса қайтер еді, Нарын құм? Жадыратып сен ашпасаң қабағын, .....
Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды . « Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді ....
Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды . « Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді . Мұхтар Әуезов аузша айтылып келген аңызды идеялық бағыты айқын , көркемдік қуаты мол трагедиыға айналдырды . Пьеса жазылған кезеңде қазақ ауылында көне кертартпа салт-сана айығып болмаған еді . Қызды сүймеген адамына айттырып , күйеуі өлген жесірді сол елден шығармай , ағайын-туған рулас біреуге зорлап қоса салатын әмеңгерлік әшкереленуге тиіс болатын . Алғаш рет жайлауда , жалғастырыла тігілген киіз үйде қойылған « Еңлік – Кебек » пьесасы қазақ сахнасында мүлде жаңа бір түрінің – драматургияның пайда болғанын әйгілейді , дала өңірінде талай жылдар бұрын өткен қайғылы оқиғаның кейіпкерлері тұңғыш рет сахнада көрермендер алдына шықты . Пьесе тек әдеби оқаға ғана емес , халқымыздың рухындағы ұлттық рухани , мәдени оқиға да болды . Шығарма толық , сенімді ашылған көркем тұлғаларымен де , қазақтың байырғы шешендік өнерінің жарқырап көрінуімен де тартымды . ....
Динозавp алыптығы үшін ерте жойылды, Сан мыңдаған майда сойыл оған қарсы қойылды. Тарақандар динозаврлардан бұрын күн кешкен. Әлі ғұмыр сүріп жатыр, Тірлік-салты жүріп жатыр, Алыптықтың неге қажет екендігін білместен.....