Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Абайдың аудармалары


Аудармалық өрнекті Абай тек орыстың классик поэзиясын қотаруға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге Европа елдер классиктерінен бірер өленді аударса, оны да Лeрмонтовтың аудармаларынан алып қазақшылайды. Анық орыс классикгерінен Абайдың аудармалары: Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің "Евгений Онегинінен" алып аударған үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір жалғыз өленді Буниннен аударған. Ең соңғы зерттеушілердің айтуынша, А. Мицкевичтің кейбір өлеңдеріне үйлес келетін аз аударма да бар делінеді.

Абай жинағында бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны — қырықтың ішінде. Сол қатарда Крыловтың төрт-бес мысалын аударган. Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларынан алганын қосқанда, отызға жуық өлең аударган.

"Евгений Онегиннен" жасалған аудармалар Абайдың толық жинағында бұрынғы Мұрсейіт қолжазбасында жекеше аталып журген ретпенен жеті бөлек болады.

Міне, қазір біздің жалпы түрде тексеріп өтетініміз — Абайдың осындай мұрасы. Ақындық еңбегінің айрықша тарихтық, мәдениеттік және ағартушылық өзгеше бағасы бар зор еңбектері.

Енді жеке ақындардан жекеше жасаған аудармаларды айрықша талдаудан бұрын, біраз жалпы ойлар айта кету керек. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Сейхундария)

Кірпігіне ел мұңын ұялатқан,
Сен куәсің бәріне, зиялы ақ таң.
Ох, қызарып ақтым мен қаншама рет
Адам қолы тудырған қиянаттан.
(Сейхун жыры)
Сексеуілді дала жатты секем алып үдеріп,
Сүйіктісін күтті жігіт атын отқа жіберіп.
Сүйіктісін күтті жігіт тоңдырса да түнгі ызғар,
Түнгі ызғардан жаурағандай дірілдейді жұлдыздар.
Өмір мынау, сенім, күдік алма-кезек жарысқан.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Қырық өтіріктің мағынасы


Қырық өтірік — қазақтың халық әңгімелерінің ішіндегі ең бір көпке мәлім түрі. Бұл әңгімені ерте күндерден бері қарай, халықтың кәрі-жасы түгел біледі деуге болады.

Мұнда қырық деген сан жай ғана өтіріктің көптігін көрсеткен мөлшер сан. Шынында, осы басылған әңгіменің қара сөзбен айтылған түрін алсақ та, өлеңмен айтылғанын алсақ та, қырық қана өтірік боп тоқтамайды. Қайта қырықтан сонағұрлым көп болады.

Бұл әңгімелердің өзгешелігі, бағасы неменеде? Өзгешелігі, халықтың тапқырлық, жүйріктік сияқты өнерді сүйгендігін білдіреді. Халық фантазиясының тереңдік, жүйріктігіне айғақ болады. Ол фантазия өмірде барды ғана сөз қылмайды. Өмірде болса екен дегенді де сөз қылады. Кейде, тіпті, өмірде болуына мүмкін емес нәрсені де қиыстырып, шын етіп көрсетеді. Мынау өтіріктердің көбі сондай еркін, ұшқыр, өткір фантазияның тудырған әңгімелері және құр болмасты айтқан шылғи өтірік қана емес. Бұнда адам ақылының ізденгіш, шарлағыш серпіні де білінеді. Сонда жанды-жансыз табиғатты өзіне өзгеше түрде құл еткісі келген адамның әр алуан жорамалы байқалады. Мысалы, "құрықты қайық еттім, пышақты күрек еттім" дегені, "қарға міндім", "инелікке мініп, түлкі қудым" дейтіні, "түлкіге жүгімді арттым" дегені — барлығы да сол, жанды-жансыз табиғатты "дегеніме көндірсем" деген қиялдан туады. "Аспанда құстай ұшсам, суда балықтай жүзсем, алты айлықты алты-ақ аттасам" дегеннің бәрі бұрынғы заманда қиял ғана еді. Ондай қолда жоқ өнер жайын ертегі ғана баян етуші еді. Кейін, бүгін соның бәрі қол жеткен табыс боп отыр. Мына қырық өтіріктегі сөздің бәрі өмірде қаз-қалпында іске асады деп ешкім де айтпайды. Бірақ сонымен катар, осы әңгімелердің негізінде де көп мән бар. Адамның бар табиғат жайындағы фантазиясы білінеді. Бірақ бұл айтылғандар әзірше шындықтан алыс. Болды деуге ерсі. Сондықтан болмасты болды деп, қисынсызды қиыстырып айтқанына қарап еріксіз күлесің. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Шың басындағы оқиға)


Бір-бірінен көз айырмай үздігіп
Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт.
Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған,
Қанатыңа алғаныңа шаттанам.
Тағдырымды бердім, жаным, қолыңа,
Енді өзің біл,
Сенсіз өмір жоқ маған! –
Деді сұлу жасаурап от жанары. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Абай Құнанбаев Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары

Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» - дейді Президент Н.Ә.Назарбаев.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Егер Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті бейнені романист қаламымен қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті үш алып тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.
Жалпы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларының философиялық, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты З. Ахметов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Есім, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, М.Мырзахметов, К.Оразалин, М.Орынбеков, Х.Сүйіншәлиев, Т.Тәжібаев, зерттеулерін т.б. айтуға болады. «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымға алғаш рет ғылыми түрде анықтама беріп кеңінен тоқталған М.Әуезов....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Аққасқа

(Аударма. А.П. Чеховтан)

Аш қасқыр аңға бару үшін орнынан тұрды. Үш бөлтірігі бірдей үйме-жүйме болып, бірін-бірі жылытқан күйі қатты ұйықтап жатыр. Аш қасқыр оларды бір-бір жалап алып, жүріп кетті.

Көктемгі март айы, алайда түнде, декабрьдегідей, ағаштар шытынып тұратын еді де, тілінді болар-болмас шығарсаң-ақ, қатты шымшып әкететін-ді. Қасқырдың денсаулығы нашар, әрі өзі сужүрек. Болар-болмас дыбыстан селк ете түсетін, үнемі біреу-міреу келіп, бөлтіріктерімді жәбірлемесе игі еді деп ойлайтын. Адамдар мен жылқылардың іздерінің иісінен, ағаштың түбірлерінен, үйілген отындардың, малдың қиы түсіп қарауытқан жолдан қатты қорқатын. Ағаштардың сыртында қаракөлеңкелерде адамдар тұрған сықылданатын, орманның бір шетінде иттер үріп жатқан тәрізденетін.

Қасқыр қартайыңқырап келген-ді, сондықтан сезімі нашар тартқан еді. Жас кезінде алданып, жолдан адасу деген өмірі болмайтын ғой, міне, казіргі кезде ара-тұра жолдан адасып та кетіп отырады, түлкінің ізін иттің ізі деуі де болып қояды. Денсаулығының нашарлығынан ол бұрынғыдай бұзаулар мен ірі қойларды аңдуды қойған, үйірлі жылқыны көрсе, анадай алыс жерден орағытып өтетін, содан тек өлексені ғана азық қылатын. Жас етті де сирек жейтін, жас етті тек көктемде үстінен түсіп қалып, қоянның жас көжектерін ұстап алғанда ғана, болмаса, қозылары тұрған мұжық қорасына ұрланып түскенде ғана жейтін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Рух мектебіндегі мұң)

Асқақ ұстап жастық туын,
Алпыс таудан астық бүгін.
Алла білер, алдымызда енді қанша қалды тау,
Барлық батыл ойларыңның алды — күрес, арты - дау.
Кейде албырт Батырлықта Тасырлықтан кетпекке
Оймен, мұңмен көз тастайды Рух атты мектепке......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұхтар Әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).[1]
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Алаш қозғалысы
1.2 Ағарту ісі
2 «Абай жолы» роман-эпопеясы
3 Жазушының драматургия саласындағы еңбектері
3.1 Әуезовтың драмалық шығармалары
4 Шығармалары
4.1 Мұхтар Әуезов Шығармалары шет тілінде шыққан басылымдары
5 Дереккөздер
6 Сыртқы сілтемелер
Өмірбаяны

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап .....
Рефераттар
Толық
0 0