Қазанын оттан түсірмей кеткен, жомарттық жеңген жүрегін, Ақ көйлегімен туған, бақ көйлегімен туған азамат ердің бірі едің. Сараңның бір жыл жейтұғын асын бір сәтте ғана таратып, Тұрушы ең содан рахат тауып, көңліңнен әппақ таң атып. ....
Ақын Абайдың шығармаларын барлық түгел бойында тексеріп, зерттеп шығудың бұл кітаптағы тәртібі (системасы) бүгінге шейін Абайды тану ретінде жазылған тексеру, сындардан әдіс жағында басқарақ болады. Ол басқашалық — орыс классиктерін тексеретін әдебиет тарихы ғылымының әдісіне байланысты.
Горький, Маяковский сияқты советтік социалистік әдебиеттің үлкен жазушыларын барлық жазушылық, ақындық жолымен түгел зерттеуде, біздің социалистік әдебиет тарихымыз қолданатын система, әдіс те сол бұрынғы орыс классиктерін зерттеудегі рет, тәртіп бойынша құрылады.
Нақтылап айтқанда, бұл әдістің өзгешелігі, ақын шығармаларын жазылған жылдары бойынша топтайды. Абайдың толық жинақтарын хронологиялық ретімен бастырға-нымыз сияқты, ақындық жолын да ең алғашқы өлеңдерінен бастап, жылма-жыл өсіп, даму ретімен тексеретін боламыз. Жылы аталған өлеңдердің алғашқы топтарынан бастап, ақын өмірінің соңғы жылдарында туған шығармаларына қарай ауысамыз. Ақындық эволюциясын, жазушылық жолын біртіндеп, кезегімен тексереміз.
Әрине, бұл қатардан оқшауырақ тұратын, жылдары белгісіз бірнеше өлеңдер бар. Ол топтың жайындағы сөз қосымша ретінде кейін қосылатын болады. Жеке жанрлық өзгешелігі бар шығармаларды да бөлек-бөлек тексереміз.
Абайдан қалған ақындық мұраның молы — ұсақ үлгідегі қысқа формалы өлеңдер болғандықтан, жаңағы айтылған тексеру, зерттеу әдісін әуелі осы лирика түрлеріне айрық-ша қолданып өтеміз. Бұл шығармалардан жанры басқа болғандықтан, Абайдың поэмаларын, аудармаларын және қара сөздерін бөлек-бөлек қарастырамыз. .....
Күздің таңы баяулап атып келеді екен. Қос аңшы құстарын ұстап қостан шықты да, белдеудегі аттарын кеп шешті.
Мосқал жасты, бурыл сақал қарт бүркітші Бекбол жуан торы аттың шылбырын беліне қыстырып, енді үзеңгіге аяғын сала бергенде арт жағынан ат пысқырды. Сұр тонды кеспелтек денесін шапшаң бұрып сырт айналғанда, Бекбол кезең асып келе жатқан қасқа атты жүргіншіні көрді. Мойнына мылтық асынған, мезгілсіз жүрген жолаушы асығып, жедел келеді екен.
Бекбол ерге қонбай, торы атты сулығынан тартып, сол жүргінші келе жатқан жаққа бұрды да, ауыр бүркіт ұстаған оң қолын ердің үстіне салып, таңырқап тосып қалды.
Әлі алакөлеңке айыққан жоқ, сондықтан жүргіншінің кім екенін дәлдеп тани алмап еді.
— Мынау кім өзі? — деп жас жолдасына қарады.
Жас аңшы Жәнібек Бекболдың неге аңырғанын байқаған жоқ екен. Ол да бүркіт ұстаған бойымен бұрылып сырт қарады. Бұл ұзын бойлы, сом денелі жігіттің бет ажарында тау күніне күйген қою қызыл бар. Қысқа мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан өткір көзді, сұлу жүзді, қара күрең жігіт еді. Жәнібекке де ең әуелі жолаушы атының қасқасы жарқ етті. Аңшылар тобы жайлаған бұл маңай қазір де елсіз. Колхоз фермасы болса бұл жайлаудан көшіп кеткен. "Октябрь" колхозы бұл маңға жалғыз осы үш үйлі аңшылар бригадасын ғана қалдырып кеткен еді... Соңғы он шақты күн ішінде бұл бригадаға оқта-текте келетін кісі болса, ол сол өздерінің колхозынан қатынасатын кісілер еді. Бірақ колхозға қараған жылқының ішінде некен-саяқ төбел немесе ақтанау, болмаса мынадай маңғыл қасқа жылқы жоқ болатын. Алакөлеңкеде маңдайы жарылып келе жатқан баран атты ең жас аңшыны да таң қалдырды.
Шілденің ыстық күні. Шаңқай түс мезгілі. Аспан, ашық, таза. Төбеге келген қызулы күн жерді ысытып, өзгеше жарқырап, шақырайып тұр. Күшті жарығы қаратам көзді ұялтып, еріксіз жұмғызғандай. Күн қызуы жайылған ауа адамды тұншықтырғандай күйіп, шаңытып тұр. Тынысты ауырлатып, бойды мең - зең қылып әлсіреткендей. Бірқалыпта айнымай шыжып тұрған ыстық ауада анда - санда болымсыз ыстық леп білінсе, адам қомағайланып, сол тынышты салқынға қарай бойын созып, бетін төсеп еріксіз ұмтылғандай болады.
Бұл уақытта азғана тыныштық табылса, жалғыз ғана үй ішінен табылғандай. Әсіресе салқыны көп — үлкен ақ үйлер. Есігі түрулі, түңлігін еңкейтіп, терісінен ашқан үлкен үйлерге кіргенде ғана дене аз тыныштық алғандай болады. Жайлауға жаңа жеткен ел жіңішке өзеннің бойына шалғынды, жерді қуалап, жағалай қонған. Көз ұшында, сары даланың шетінен жотасы көрініп, иректеліп, созылып жатқан Көктау көрінеді. Одан бергі жер жалпақ ақ көде мен сары селеу. Өзеннің солтүстік жағы ұзын сары адыр. Кей жерде таудың аралары үзіліп кезең болып, кей жерде біріне - бірі қабатталып миқы адыр, бұйрат болады. Өзен осы адырды кенерлеп, таумен бірге айырылып ағады. Сары дала, сары адырдың арасындағы жіңішке өзен екі жағасындағы көк жиектенген шалғынымен, жағалай қонған ақ ауыл жыбырлаған неше түлік малымен, әр жерден бұраңдап аспанға шығып жатқан көкшіл түтінімен бірқалыпты дүниенің ажарын, ашып, сырт көзге көркейтіп тұрғандай. Өзен бойындағы ауылдардың күнбатыс жағындағысы — Байбосын қажының ауылы. Бұл ауыл өзгелерден артығырақ күй іздегендей, өзеннің суы жалпақ шалғыны мол жеріне қонған. .....
Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазғы түріне түскендей болып өзгеше жарқырап тұрса да, ызғарлы қар, суық ауа қызуын жоғалтып, жарығына жансыздықтың табын басып тұрғандай.
Жер қарлы. Үш-төрт күннен бері қарай айықпаған шыңылтыр аяз бүгін де сықырлап білініп тұр. Күншығыстан соққан баяу жел суықтың көрігіндей болып, ызғарды көбейте түсті. Кейде сүйкеп өткен салқыны бетті шымырлатып, денені тоңазытады.
Тұрғын халқының көбі қазақ болған Сібірдің кішілеу қаласы қыстың ақ киімін даламен бірге жамылып, жабайы табиғаттың жайлы күйін күйлегендей.
Бар үйдің төбесін күпсек қар аппақ болып басып алған. Кейбір кішкене үйлерді, көп қоймаларды қалың қар жал секілденіп басыпты. Көшенің қары жүргіншілердің табанымен тапталып ысқаяқтанған. Басқан сайын шыныланып сықырлап, кейде шатынағандай болып шытырлайды.
Бұл қала Сібірдегі үлкен өзендердің бірінің сол жағасында орнапты. Ретпен салынған сұлу қала емес. Орта жері болмаса, шеттерінде тәртіп жоқ. Оның үстіне шет шетіне шашыратып салған қазақтың жер үйлері тәртіпке ұқсаған сиықтың бәрін бұзып, қаланың шеттерін түйенің жыртылған ескі жабуындай жалба-жұлба қылып ыдыратып, тоздырып тұр. .....
"Қамбар" жырының қысқаша мазмұны Қазақ елінің ескі тарихынан, халық мұрасынан қалған үлкен жырдың бірі — "Қара қасқа атты Қамбар" жыры. Мұның мән-жайын тексеруден бұрын әуелі қысқаша түрде әңгіме мазмұнын айтып өтейік.
Бұрынғы өткен заманда он екі баулы өзбекте Әзімбай деген бай болады. Мұның алты ұлы, бір сұлу қызы болады. ...Қыз Назым шықты бұраңдап, Он сегіз толған жасына, Кәмшат бөрік келісіп, Бриллиант қойды басына. Қара мен төре қайғырды: Болса деп бізбен ашына.
Сол Назым қыз күйеу таңдайды. Әзімбай бай: "Қызымды таңдаған адамына қосамын, дәмелі адам жиылсын", — деп, жар шашты. Айтылған күні қалың ел жиылып, көруге келісті. Қызға ешқайсысы жақпады. Назым қыздың көңіліне алған жігіті Қамбар еді — ол келмеді. .....
Шаттықта да бірміз, Қайғыда да бірміз, Бір тамырдан қуат алған егіз, туыс гүлміз. Бірімізді екіншіміз қолдап, сүйеп жүрміз Алатауды алып құсқа балар болсақ Сол құстың Бір канаты қазақ та, бір қанаты қырғыз. .....
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы:Шығарманы мазмұндау Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр» Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар шығарманың мазмұнын түсініп оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша таңдауына қарай мазмұндайды. Көптеген оқушылар: шығарманы іштей, қажетті ақпаратты тауып оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздердің үлгілерін қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша толық мазмұндайды. Кейбір оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып еркін жеткізе алады, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша өз бетінше мазмұндайды......