Курстық жұмыс: Тарих | Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс

2.1. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихы маңызы.
Сонымен, көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді.
Көтерліс Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптеуге сүйену көтерілісінің жеңілуіне әкелді. Бұдан басқа бай феодалдардың сатқындығын да өз әсерін тигізді.
Көтерілісті басуға қазақтың сатқын феодалдық аристократиясы қатысты.
Көтерілісті басуға кейбір қазақ феодалдары: билер, сұлтандар да қатысты. Мәселен, Фитингоф отрядының құрамында бірнеше жүз одан жасағымен Ермұхамед (Елекей) Қасымов болды. Ол көтерілісті басуға мейлінше белсене қатысты. Қасымов жалғыз емес еді. Көтеріліс басылғаннан кейін 1857 ж ерлік көрсеткен қазақ старшындары наградаларға ұсынылды. Би Сейіл Байқадомов жазалау экспедициясында жігерлік көрсеткіші үшін алғыс алды және Анна ленталы күміс медальмен марапаттауға ұсынылды. Ұлбөбек Тайманов би күміс жүзікпен марапатталды және т.б. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ

Казак ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.
Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап өтуді жөн көрдік. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мұхаммед Хайдар Дулати

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін тқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.

Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.

Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед-Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы көз алдыңызда суреттеліп, бұл кісіде сол кездегі Мір Әлішер Науаи, Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым жазушылардың бірі екенін көресіз. Бұл кісінің сәулетті даңқын дүние жүзіне әлпештеп таратқан, әсіресе, оның парсы тілінде жазылған “Тарихи Рашиди” деген кітабы болды. Бұл кітап бүгінде барлық мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүние жүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр. ....
Рефераттар
Толық
0 0