Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Сол қыздың атын ұмыттым


Мен 1921 жылы Семей уезінде тергеуші болып қызмет еттім. Күз уақыты еді. Өзіме қараған аудандағы елдерді аралап жүріп, Қызыл Адырға келсем, аудан биі Қ. жолдас сессия құрып жатыр екен. Халық есепсіз көп жиналған: Семей уезінің 7-болысынан, Қарқаралы, Өскемен сықылды өзге уездерден, тіпті Жетісудың Аягөзінен де мал даулап, ақы сұрап келгендер бар екен. Қ. жолдас Семей уезінен қызметке жақсы, ұрыға рақымсыз атанған билердің бірі саналатын. Жұмыстың көптігінен Қ-ның басы қатып, дамыл көрмей, мезгілімен тамақ ішуге де уақыты болмай, ертеден қара кешке шейін сөйлеумен дауысы да қарлыққан екен.

Жиналысқа тіккен үйдің біріне біз де келіп түстік. Қандай жұмысты қандай адам (тергеуші ме, би ме) қарайтынын білмейтін, өздері неше күндей кезек тимей сарғайған, елдері алыс, сот маңайындағы ауылдарды қону-түстенумен әбден мезі қылып, жексұрын болған, Даукестер мені көрген соң, «тағы бір төре келді» деп, сыйғаны үйге кіріп, сыймағаны үйдің жабдығынан дауыстап, «тақсыр жолдас, арызымыз бар, пәлен күннен бері бізге есе тимей жатыр...» деп әркім өз басындағы мұңын шаға бастады. Халық соншалық көп, бұл елге біз келе жатқанда жолшыбай «сот арқылы өндіріп алдық» деп талай мал айдап бара жатқандарды көргенбіз.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Дулатов Міржақып

Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.

2. Шығармалары
Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , «Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу құралы» атты оқулықтардың авторы.
Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап , өлке халқының оянуына , саяси күреске араласуына үлкен әсерін тигізді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Бұғы

Петербордан жоғары Архангельский деген губерне бар. Соның көп жері сазды болып, шөп шықпайды, мүк шығады. Онда самоиед деген жұрттың күн көретіні бұғының бір түрлі тұқымы. Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады. Үлкендігі тайдай, жүні қара бурыл, жасаған сайын ағара-ағара, ақырында ақ боз болып кетеді. Еркегі жыл сайын мүйізін тастайды. Ұрғашысының да мүйізі болады, бірақ еркегінікінен кішірек. Баласын отыз жұмадай көтеріп, май айының ортасында табады.

Оттайтұғыны манағы мүк. Бұғының қол тумасы да болады. Ондағы жұрт сүтін ішіп, етін жеп, терісін киіп және терісінен үйлерін де жауып алады. Әйелдері тарамысынан жіп иіріп киім тігеді. Қанынан дәрі істейді. Шанасына жегіп жүреді. Бұғының тұяғы қарға батпайды. Жеңіл басып, қалың қардың үстімен иесінің тілеген жеріне жеткізеді. Бұғысы мыңға жеткен самоиед бай есебіне кіреді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Оқу түрлерін қолдану «Шілде» Міржақып Дулатов (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Оқу түрлерін қолдану «Шілде» Міржақып Дулатов
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар шығарманың мазмұнын іштей саналы түрде түсініп оқиды, мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбын анықтай алады;
Көптеген оқушылар: шығарманы іштей, қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын білдіріп тұрға мәтін бөлігін көрсете алады;
Кейбір оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды, мәтін бөлігінен шығарманы тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады.............
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0