Отандық БАҚ "массаждың" атын жамылып, жезөкшелікпен айнылысатындарды сынға алды

Қазақстанда жезөкшелік заңды түрде рұқсат етілмесе де, басқа қызмет түрлерінің атын жамылып, сол жезөкшеліктің дәл өзімен айналысып жүрген адамдар жетерлік.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қан қысымыңыз көтерілсе

✅ Егер қан қысымыңыз көтеріліп, ауырсаңыз орта көлемдегі 10 лимонды алып, жылы сумен жуып, кесіп (шайға кескендей), барлығын 3 литрлік банкіге салыңыз. Содан кейін сол банкіге 0,5 литр бал, 0,5 литр алоэ шырыны және 0,5 литр спирт немесе шарап. құйыңыз.

✅ Банкінің бетін капронды қақпақпен жауып, 40 күнге қараңғы жерге қойыңыз. Дайын болған соң (41-күні) 1 ас қасықтан күніне 3 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын жеңіз.

✅ 10-14 күндері денсаулығыңыздың жақсарғанына көзіңіз жетеді. Қысымыңызды бірқалыпты болады. Сонымен қатар, бұл тұнба тұмаудың да алдын алады.

✅ Егер қатты күйзеліске ұшырасаңыз, бұл сусыннан ішуді ұмытпаңыз. Оның сіздің денсаулығыңызға пайдасы өте көп.......
Кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Батыр бабаларға мың тағзым

Тарих беті үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескерілмей қалмайтын тарихи оқиғалар айтарлықтай көп.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыстың қасіреті мен ұлы жеңістің қасіретін арқалаған қадірлі,қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.Ұлы Отан соғысы халыққа көптеген қасірет әкелді.Ұлы Отан соғысына Қазақстандықтардан 1млн 200 мың адам қатысты.Соғыста олардың 600 мыңы қайтыс болды. Гитлер КСРО-ны «Барбаросса» жоспарымен 3-4 айда басып аламыз деп есептеді. Бірақ,соғыс 1418 күнге созылды. Гитлер бастаған фашистер 1941 жылы 22 маусымда КСРО аумағына баса көктеп кірді.1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волоколомск бағытында ұрысқа шықты. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075-ұлан атқыштар полкы жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Взвод жауынгерлері бар жоғы 28-панфиловшылардың ерлігі ешқашан естен кетпейді. Олар 4 сағат бойы жауға тойтарыс берді. Жаудың 14 танкісінің көзін жойып, 28 панфиловшылар алапат батылдық танытып, теңдессіз жау күшіне едәуір қарсылық көрсетіп, ерлікпен қаза тапты. Солардың 22-сі қазақстандықтар еді. Москва облысының Бородина селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңес одағының батыры атағы берілді.
Автоматшылар тобын басқарған Мәлік Ғабдуллин ерекше ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын зор марапатпен алды. Бородина селосының түбінде Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды. Кеңес Одағы батыры алғандардың қатарында Маңғыстаулық Мәди Бөгенов, Жұмағали Қалдықадыров, Біләл Қалиев пен жауынгерлік «Даңқ»орденінің иегері Кемел Оңғарбаев бар. Хиуаз Доспанова қазақстандықтардың тұңғыш әскери ұшқышы......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Мың дожна

Дэвид Расмунсен қарапайым кісілер тәрізді ұрт мінез, бір еліксе еліріп, әңгірлеп кететұғын жан еді. Сол мінезінен болу керек Солтүстіктің дабырасын құлағы шалғанда, ендігі құмырын бір пайдалы кәсіпке бағыштап, жұмыртқа сатып, сауда жасамаққа тәуекел етті. Аздап есепке жүгініп қарап еді, шаш етегінен олжаға батты. Япыр-ау, Доусонда жұмыртқаның дожнасы құрығанда бес доллар дейікші, сонда Алтын Астанада бір мың дожнадан бес мың дожна пайда келтірмейтін не бар?

Айтпақшы, шығынын да есептеу керек-ау. Расмунсен беталды лағып кетпейтін сақ, құнтты адам болғандықтан мұны да мұқият ойластырды. Жұмыртқаның дожнасына он бес центтен төлегенде де мың дожнасы жүз елу долларға түседі екен, ал мұнан келетін орасан көп олжаға қарағанда бұл шығын боп па? Жол шығыны мен көлік ақысына ең көп дегенде сегіз жүз елу доллар-ақ кетсінші, әрине бұл шама, артығымен айта салған болжал ғой, сонда да ең соңғы жұмыртқаны сатып, алтынды аптай дорбасына саларда, уысына төрт мың доллар таза пайда оралады екен.

— Түсінесің бе, Альма, − деді ол толып жатқан қарта, үкімет орындарының есебі, Аляска жолының анықтамалары ыбырсып үйіліп жатқан бөлмесінде есеп-қисабын әңгімелей отырып, − түсінесің бе, жол шығыны Дайядан әрі шыққасын көбееді, оған дейін бірінші класспен жүргенімде де мықтағанда елу доллар елу доллар жұмсармын, а-ал, Дайядан Линдерман көліне дейін жүкші-индейлер жүктің қадағына он екі цент кіре алады деседі, былайша айтқанда жүз қадақ үшін – он екі доллар, мың қадаққа – жүз жиырма доллар ғой. Менің бар жүрегім мың жарым қадақ болсын-ақ, сонда оған жүз сексен доллар алады; оны-мұнысын қосқанда, қойшы екі жүз болсын. Клондайктан келген біреу Линдерман көлінде үш жүз долларға қайық оп-оңай табылады деп ант-су ішіп отыр. Екі жолаушы ала кетуге болады дейді, олар кісі басы маған жүз елу доллардан төлейді, − сонымен қайық өзіме тегіндей түсетін болды ғой, әрі ол екеуі жолда қолқабыс етпей ме. Қош... міне осы. Доусонда жұмыртқаны жағаға түсірем. Кәне, қанша болды?

— Сан Францискодан Дайяға дейін елу доллар, Дайядан Лидерманға дейін екі жүз, қайықтың құнын аналар өтесе, барлығы екі жүз елу доллар болады, − дейді әйелі зып-зып етіп.

— Иә, киім-кешекке, жол жарағыма тағы да жүз қос, − деді қуанып ері, − сонда жанымда бес жүз доллар ақшам қалады ойда жоқ шығынға. Бірақ ойланбаған не қалды?

Альма «бәсе» дегендей қасын керіп, иығын қақты. Егер солтүстіктің бір жазығы кең адаммен мың дожна жұмыртқаны жайындай жұтатыны рас болса, сол адамды бүкіл мал-мүлкімен ала кетпесіне кім кепіл. Әйел ойына келген осы бір күдігін еріне айтқан жоқ. Дэвид Расмунсеннің сылайы өзіне мәлім ғой, үндемей-ақ қойғанын артық көрді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0