Шығарма: Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін -ақ, өзінің белсенділігін,өнерлі халық екенін дәлелдей бастады. Ең бірінші жетістігін ауыз толтырарлықтай айтатын болсақ,әрине тәуелсіз мемлекет ретінде аталуы.Ал сол тәуелсіз мемлекеттің рәміздері құпия, таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына.Рәміз дегенде менің ойыма ең бірінші келетіні,халықтың салт-дәстүрі,ұлты,тілі,тарихы,бәрі-бәрі осы рәміздерде жыр болып,көркемделіп баяндалған.Мысалға алар болсақ,біздің көк аспандай желбіреген туымыз аспан күмбезін еске түсіреді және халқымыздың мәдени-этникалық біртұтастығы мен мемлекетіміздің мызғымастығын көрсетеді.Таза ашық көгілдір аспан әрқашанда бейбітшіліктің ,тыныштықтың белгісі болған.Әрі көк түс менің ойымша Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолында ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.Туымызды көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың дәстүрлі көркем өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан.Тудағы күннің нұры,шұғылалы алтын бейнесі байлық пен берекенің ,тыныштықтың нышаны.Ал күннің астында шарқырап ұшып жатқан бүркіт қазақ халқының барлық ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін,көп ұлтты,егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани еркешелігін бейнелейді.Сонымен қатар дала қыраны қазақтардың жомарттылығы мен қырағылығын,ой ниетінің биіктігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі-елтаңба.Қазірде біз елтаңбаның бейнесін теңгелерде,мөрлерде,қару-жарақтарда,киімдерде, қолжазбалар мен кітаптардан көре аламыз.Елтаңбаның негізін салып,арқау болып тұрған оның шаңырағы.Шаңырақ-елтаңбаның жүрегі,қазақ халқының ежелден келе жатқан киіз үйінің күмбезі.Ол әлемнің тұтастығын ошақтың амандығы мен беріктігін білдіреді.Уықтары одан тарап жатқан сәулелер секілді.Елтаңбадағы қос тұлпар бостандыққа,амандық пен бірлікке жетелейді.Елтаңбаның маңдайындағы бес бұрышты жұлдыз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып,әр азамат сол жарық сәулеге сеніп,әрқашан жарқын болашақпен жақсы жолға жетелесін деген сеніммен белгіленген.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мемлекеттік тіл – ұлттық сапа негізі

Қазақ тілі – ғажап тіл.
Оның болашағы да ғажап.
Н.Ә.Назарбаев

Тіл қай елде, қай ұлтта болсын - қастерлі, қасиетті, құдіретті ұғым. Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.Тіл – халықтың рухани, мәдени сапалық, байлығының дамуының құралы.

Ана тілдің қасиеті, сапасы туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Адамның қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Бүкіл әлемге белгілі Шекспир шығармашылық өмірінде он үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының жазушысы ұлы Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді керек еткен. Міне, осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін ұғамыз. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев: «Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім,»-деп жырласа, Мағжан Жұмабаев: «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың», - деп толғанады. Осы екі ақын да сол кездері тек тілдеріне ғана үміт артқан еді. Сол үміттің ар жағында бізге деген сенім де жатыр......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мемлекетке адал қызмет ету

Мемлекетке адал қызмет ету – өз еліңнің патриоты болу Мемлекетке адал қызмет етудің ең үлкен дәлелі – адамның өз елін сүйетін патриоты болуынан көрініс табады. Жалпы мемлекетке адал қызмет пен патриот болу – ажырамас егіз ұғым. Ең алдымен, осы ұғымдардың мағынасына тоқтала кетсем. Мемлекеттік қызмет деген не? Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Сонымен қатар, біздің елімізде мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесідей жүзеге асырылатынын білемін. Олар: Қазақстан Республикасының барлық заңдылықтарын білу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, қазақстандық патриоттық сезімі аса биік болып, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы мен азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделері алдындағы басымдылығы. Ал, патриот дегеніміз кім? Патриот дегеніміз – өз ұлтын, тілін, діні мен ділін сүйетін, туған тарихы мен ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрін дәріптейтін, өзімен бірге өмір сүріп жатқан адамдарға махаббаты шексіз, өз ұлтының, елінің дамуына барынша үлес қосатын адам. Дегенмен, заманың түлкі болса, тазы болға салып, өзінің тілінде сөйлеуге арланып, атақ мен дәреже, байлық үшін Отанын сатып, өзге елдерде сұлтан болып жүргендер, немесе өзінің лауазымын асыра қолданып, қалықты қанап, мемлекетті тонап жүргендер де аз емес. Соларға қарап қынжылып, жүрегім ауырған кезде, Қазақ еліне деген махаббатым арта түседі. Сол себептен шығар, мен өскенде елбасымыз сияқты халқыма адал қызметкер боламын деп ойлаймын. Адал қызметкер деген кім? Оның іс-әрекеті, адалдығы неден көрінеді? Адал қызметкер болу – әр азаматтың Отанына деген махаббатынан бастау алады......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері

Менің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”.
Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қарахан мемлекеті 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттері
Сабақ тақырыбы: Қарахан мемлекеті 3-сабақ
Сабақ мақсаттары: Қарахан мемлекетінің ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерден ерекшелігін талдайды, ислам дінінің қоғамға әсерін зерттейді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы

Кiрiспе
Бюджет - мемлекеттiк билiктiң қызметiн қамтамасыз ету үшін ақша қаражатын құру және жұмсау түрiн бiлдiредi. Бюджеттiк қатынастардың объективтiк сипаты мемлекеттiң қолында мемлекет үшін маңызды мiндеттердi шешуге қажеттi Ұлттық еңбек бөлiгiн мемлекет жолына шағындандыруымен бюджеттiк қатынастың объективтiк сипаты болып келедi.
Бюджет екi бағытта әрекет етедi:
1) ел экономикасын басқарудың, жоспарлаудың, реттеудiң(немесе қажет болған жағдайда аймақтық өзiн-өзi басқаруына қажет болған жағдайда) экономикалық темптiгi ретiнде;
2) территория мен сала арасында Ұлттық табысты тарату оныңкөмегiмен жүзеге асырылатын ақша қатынастарын Ұйымдастыру және қаржылық ресурстарды басқару механизмi.
Бiрiншi бағыттағы бюджеттi қолдану, бұл бюджет ел немесе аймақтық қаржылық жоспары екендiгiн бiлдiредi.
Екiншi бағыты - бұл бюджеттiңмемлекеттiңқаржылық жүйесiнiң тобы екендiгiн бiлдiредi. Бюджеттi қолдану мемлекеттiң қаржылық саясымен айқындалады, бюджеттiк саясат оның бiр бөлiгi болып келедi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0