Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандары пайда болады: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi. Ал осы нарықтың әрбiр субъектiлерiнiң арасында еркiн қаржы айналымын бағалы қағаздар нарығы жүзеге асырады және басқа нарықтармен үнемi байланыста болады. Бағалы қағаздар нарығы еркiн ақша қаражаттары қозғалысын қамтамасыз етуде бiр саладан басқа салаға қаржының қайта құйылуын, меншiк құқығын беретiн қаржы ресурстарын және халықтың жинақ ақшасын жұмылдыру қызметiн атқарады. ҚР-ның ауыспалы экономикасындағы бағалы қағаздар нарығының маңызы мен мәнiн келесiлерден көруге болады. ....
Тақыптың өзектілігі. Қазіргі кезңде жастарға құқықтық білім берудің маңызы өте зор болып отыр. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгң қоғамымыздың заңды жалғастырушысы. Олай болса олардың сауаты да саналы азамат ретінде қалыптастырудың құқықтық тәрбие нәрін берудің қагшалықты маңызды екендігі де түсінікті. Ертеңімізді сеніп тапсыратын жас ұрпақ үшін ең қымбат қазына адам және адамның бостандығы мен өмірі болып табылатын құқықтық сана қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет болып отыр. Ұлттық мемлекетіміз құрылып, тарихи дамудың сара жолына шығудың арқасында жаңа ққытық жүйе қалыптаса бастады. Егеменді мемлекетіміздің құрылу тарихындағы ел тағдырына түбегейлі әсер еткен ірі өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ: олар 1992 жылы 25 қарашада «Қазақ СССР-ң мемлекеттік егмендігі туралы декларациясының, 1991 жылғы 16 желтоқсанда»Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның және ең бастысы 1993 жылы 25 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы Конституцияның қабылдануына тікелей байланысты ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау; • Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау; • Тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану Сабақ мақсаттары: VI-IX ғғ. Түркі қағандарының жүргізген ішкі және сыртқы саясатын түсінеді, негізгі бағыттарын анықтап бағалайды.
Франция дүние жүзіндеге ең дамыған мемлекеттердің бірінші бестегіне кіреді. Мемлекет трриториясы (551 мың кв м) және халық саны (58 мың адам) бойынша Франция Европадағы ең ірі мемлекеттердің қатарына кіреді. ЖҰӨ көлемі бойынша АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орынды иеленеді. Банк қызметінің көлемі мен дүние жүзіндегі сауда бөлінісі бойынша үшінші орында. Мемлекет басшысы – Президент. Президентті сайлауы туралы Үкімет жария етеді. Президенттің уәкілдігі өте зор. Ол Конститутцияның орындалуын қадағалай отырып, басқару буындарының өзара қатынастарының арбиторы, ұлттық тәуелсіздіктің, территориялық тұтастық пен халықаралық келісімдердің гаранты болып келеді. Заң шығарушы билік. Франция республикасының Парламенті 2 палатадан тұрады: Ұлттық жиналыс және Сенат. Ұлттық жиналыс 5 жылға жасырын тікелей қатысып дауыс беру арқылы сайланады. Ұлттық жмналыс пен Сенаттың атқаратын қызметі – Заң қабылдау. Парламент және Үкімет Есеп палатасымен қатар қаржы заңдарының орындалуын қадағалайды. 1958 жылғы Конституцияға сәйкес мемлекет саясатын белгілеу және жүргізу, әкімшілікті және әскери күштерді басқарушы – Үкімет (Министрлер Кеңесі) болып табылады. Үкімет қызметін Премьер-министр басқарады. Мемлекеттік бюджеттің табыстардан құралған бөлігі салық түсімдерінен (90%), қару-жарқ сатудан түскен түсім және т.б. құралады. Ақша-несие саясаты. Францияның ақша-несие жүйесінің құрылымы 6 несие ұйымдарының категорияларын бөліп көрсетеді: банктер, өзара және кооперативтік несиелеу банктері, қаржы ұйымдары және мамандандырылған қаржы институттары. Барлық несие ұйымдары бір кәсіби ұйымға біріктірілген - Франциялық несие ұйымдарының ассоцияциясы. Францияның банк жүйесі 400-ден астам банктерден құралады. Сонымен қатар елде шет ел банк ұйымдарының филиалдары қызмет етеді. Орталық банк статусына Франция Банкі ие. Банктің негізгі атқаратын қызметтерінің бірі – мемлекет қазынасын несиелеу және мемлекеттік есеп операцияларын жүргізу. Франция банкікінің міндетіне сонымен қатар эконоиканы ақша-несие реттеуін қайта қаржыландыруы мен ұйымдастыруы кіреді. Құқықтық статусына байланысты Франция банктері екі үлкен топқа бөлінеді. Бірінші – несие-қаржылық ұйымдары (коммерциялық немесе акционерлік қоғамдар, коммандиттік бірлестіктер немесе біріккен ұйымдар). Екінші – корпаративтік банктер, өзара көмек көрсету кассалары, халық банктері және т.б.....
Банктік қызметтің қазіргі таңдағы экономикамыздағы алатын орны ерекше. Банктік қызметті мемелекеттік реттеуді жетілдіру жолында 2003 жылы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы негізінде банктік қызметті мемлекеттік реттеу жаңа жүйеге негізделіп, іс жүзінде асырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы А. Г. Сайденовтың пайымдауынша «Бүгінде Қазақстан қаржы жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып банктік сектор табылады...»1. Халықтың және заңды тұлғалардың қаражатын тарту, онымен түрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыратын институтттар ретіндегі банктердің ерекшеліктерін ескере отырып, банктің банкроттығы –– бұл оның салымшылары мен клиенттерінің тойтарылмайтын банкроттығы екендігін аңғару қиын емес. Банкроттық қатері төніп тұрған немесе банкроттыққа ұшыраған банк өз салымшыларының қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақыны айтпағанда, ол бойынша негізгі қарызды өтеуге мүмкіндігі болмайды. Осыдан банк салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау механизмін құру мәселесі туындайды. Мұнда қоғамның мүддесі жөніндегі мәселені шешуде мемлекет ерекше рөлге ие болады. ....
Кіріспе Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады. Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді. Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада манызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.....
Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің сомасы ( олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді.Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.Ішкі мемлекеттік борыш –Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының қарыз беруші- резиденттердің алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.Сыртқы мемлекеттік борыш- Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының қарыз беруші- бейрезиденттердің алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелрінің бүкіл сомасын айтады. Ағымдағы борыш- бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиелерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.....
Кіріспе Бұл курстық жұмыстың мақсаты мемлекет шығыстарының мән-мағынасын, түрлерін және де бюджет шығыстарының құрылымын ажыратып білуге яғни оның мәнін, құрлымын біршама түсіндіруге бағытталады. Сонымен, курстық жұмыста мемлекет шығыстарының теориялық жағын қарастырып қоймай, практикалық жақтарын қамтиды. Мемлекеттік шығысқа байланысты сауалдардың бәрі, олардың маңыздылығы мен қаншалықты атқарылғандығына байланысты қаралады, себебі әрбір бөлініс үдеріс кезеңінде бұлардың экономикалық қарым-қатынастардағы орны өзгеріп отырған. Нарық жағдайында ақша, несие және қаржы шаруашылығында көптеген құрлымдық өзгерістер болып жатыр. Осының бәрі өндіріс құрал-жабдықтарына әртүрлі меншіктің пайда болуы негізінде іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде мемлекеттік шығындардың өзара салмағы басқаша қалыптасты, әлеуметтік сфералардың жұмыс әрекеттері де өзгерді.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы Сабақ тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.3.1.1 - Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін «мемлекет», «билік », «саяси ұйым» ұғымдарын пайдалану; 10.3.1.2 - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;......
Кіріспе Бітіру жұмысымда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі, қоғамдағы орны, маңызы мен мақсаты қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жөүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады. Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр.....