Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік мемлекеттің негізі ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік қызметінің ерекшеліктері, мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі, мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру мен дамытудың жолдары, Қазақстан - әлеуметтік мемлекет, әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі қарастырылады. ....
Кәзіргі алаңдатаралық экологиялық мәселелердің бірі осы орман шаруашылығы болып отыр. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттердің жиынтығы, негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған орта мен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешеннің бірі болып табылады. Орман шаруашылығын келешек ұрпаққа сақтап қалу, оларды жаңарту, керекті шикізат көзі ретінде ұтымды пайдалану, біздің парызымыздың бірі. Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы. ....
Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтустігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталык Азияның ұлан-байтак кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық жақындык, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағыиан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдын аяғында кытай деректемелерінде пайда болган сюнну (гұн) атауы тегі әр түрлі таппаларды біріктірген және Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жеті-суға дейінгі аумакта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-түра таралып отырған саяси құрылымға катысты болды. Сюнну этнонимінің мазмұны мен накты калай айтылатыиы әзірше айкын емес. Зерттеулердіңкөрсетіп отырғанындай, оныңежелгі кытайлыктранс-крипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр3. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюн-нуларға сабактастығын сақтап калған ғұн-болғар ақсүйектерін сипаттай ксліп, оларды трунове, яғни трундар деп атайды. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапкыда «ғұн» тайиаларының ақсүііектеріне арналып аптыл-са, сюнну (хунну),яғнитрундар ғүндардеп саналмаіанын білдірмейді. Трун және ғүн терминдері бір ғана этникалык-саяси кауым жөнінде колданы-лған, олардың таралған аудандары әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдек,-айда мол қауымды білдірді. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаныой деп атайды. Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Меде шаньюй басқарды5. Меде билік ет-кен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралык аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соқкы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери-саяси куаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және туыстык туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сый-лық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салыкты үнемі төлеп тұрды.....
Кіріспе Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.....
Бұлақ деген атпен белгілі қарлұқтар туралы бірінші мәлімет 5 ғасырдың еншісінде. 7 ғасырдың ортасында қарлұқ бірлестігініңқұрамына үш ірі тайпа кірді – бұлақ, чигил және ташлық. Көсемдері елтебер деген дәрежемен аталды. 742 жылы Монғол даласындағы саяси күш қарлұқтар, ұйғырлар және басмылдар құрайтын одақтың қолына өтті. Басмылдар қысқа мерзімде басым болып олардың көсемі Қаған болды, бірақ 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтар басмылдарды талқандады. Осы жағдайдың нәтижесінде Орта Азияда Ұйғыр қағанаты деген жаңа мемлекет пайда болды (744 – 840). Ұйғыр халқының көсемі жоғары қаған болып, қарлұқ көсемі батыс ягбу деген дәрежеге ие болды. Қарлұқтардың бостандыққа ұмтылуының нәтижесінде олар ұйғыр қағанатынан бөлінді. 8 ғасырдың ортасында оғыздар мен қарлұқтардың арасында түргештердің жалғасы үшін күрес болды. 766 жылы бүкіл Жетісу түргеш қағанының екі тірегімен – Тараз және Суяб қарлұқ ягбуының қолына көшіп Қарлұқ мемлекеті пайда болды. Қарлұқтардан жеңілген оздар Жетісуды тастап Сырдария жағалауына кетті. Қарлұқтар тайпасы жаңа жерлерді иелену саясатын бастап, 766 – 775 жылдары Қашқарияны алды, соңынан 8 ғасырдың аяғында өз үкімін Ферғанаға жүргізді. 8 – 10 ғасырларда қарлұқтар тайпасы Қазақстанның кең аймағына жайылды. Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейін, Балқаш және Ыстық көл аралығында, Іле, Шу, Талас өзендерінің бойында, Тянь-Щань тауының тарамдарында, Исфиджаб облысында орта ғасырдың қаласы Отрарға дейін. Қарлұқтар мемлекетінде 25 қала және елді мекендер болды. Үздіксіз соғысқа байланысты, (араптармен, көшпенді тайпалармен, усобицтермен) Қарлұқ мемлекеті 940 жылы Қашқарда күйреді....
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi. Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизiмi² -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс. ....
Пән: Ұазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік процестер Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 4-сабақ Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 10.3.1.2 - Қазақстан аумағында мемлекеттілікті қалыптастырудың тарихи кезеңдерін түсіндіру; 10.3.4.4 - «Қазақ Кеңестік республикасы», «Кеңес Одағының республикасы», «Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік формасын» түсіндіру үшін «біртұтас мемлекет» терминдерін қолдана алу; 10.3.4.5 - кеңестік кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының жетістіктері мен қарама-қайшылықтарына талдау жасау Сабақтың мақсаттары: Мемлекеттіліктің қалыптасу маңыздылығын түсінеді; автономия, республика, одақ ұғымдарының мағынасын түсіндіреді......
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада тарихта болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адам-гершіліктің де иесі болады деп жазды. Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Мон-тескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлса-фашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорация-ларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өмір-шеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастар-дың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтама-сыз етуге зор мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері....
Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады. Мем¬лекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мем¬лекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: 1.Формациялық; 2. Өркениеттік. Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типолгия негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда — мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. ....
КІРІСПЕ Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат – макроэкономикалық, салық және аймақтақ деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып отыр. Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы, аралық және дайын өнім, өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дегеніміз – қоғамның табиғи шикізат, материалдық-техникалық және интелектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құрылымына да әсер етеді.....