Әңгіме: Мемлекеттік тіл менің тілім

Бұл өмірде бір күн қонақ боламыз
Мүмкін елу мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!

Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады.Тіл ұлтпен - ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-біріне қатынаса алады. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, бүгінгісін бажалап, болашағын бағдарлауға жол ашты. Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де «батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай», барлық жиған тіл байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Еліміз өз егеменгдігін алып, іргесін кеңге жайған замандамыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді «Қазақ мемлекеті»- деп атайтын боламыз деген Елбасымыздың салиқалы сөзі еріксіз ойға оралады. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда.

«Ұлттың сақталуына да, жойылуынада себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Отбасы өзіміз де Отанымыз Қазақстан...Тіл меңгеруде, өз тілінде еркін сөйлеуде ата-ананың да рөлі ерекше. Әр ата-ана ананың ақ сүтінен дарыған тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің ешқандай қиындығы жоқ. Ана тілін - білмеген ақылы жоқ желік бас. Ана тілін - сүймеген халқын сүйіп жарытпас деген сөзде де терең мағына жатыр емес пе! Кей мекемелерде қазақ пен қазақ, әке мен бала, ұстаз бен шәкірт қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ. Алдына ел болу өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз...

Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау -деп Ахмет Байтұрсынұлы меңзеген еді. Ана тілі - халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі (Ж. Аймауытов).

Ана тілі қанның, қиылған жанның, толқытқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек. (С.Торайғыров). Бірақ қазақ тілі - тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда тұратын оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтарының тілі. «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген Елбасымыздың сөзін есте сақтағанымыз дұрыс болар. Қазақ тілі өте бай, орамды, көркем тіл. Тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды сол тіл арқылы үйренеді. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Қазіргі жаңартылған бағдарлама талабына қарай үш тілдікті алға қойып отыр. Әрине, әр тілді меңгеру, әр тілде сөйлеу әркімнің арманы. Жеті түрлі ілім біл, жеті елдің тілін біл деген. Біздің мектебіміз аралас мектеп болса да мемлекеттік тілге деген құрмет өте жоғары. Оның дәлелі «Мың бала» жобасы бойынша арнайы жоспар құрылып, өзге тілді өкілдеріне насихаттаумен бірге әр түрлі сайыстар өткізіп тұрады.«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тіл үйірмесі жұмыс жасайды. Біздің мақсатымыз өзгенің байлығы, сұлулығы және икемдігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліміз бар екенін ұмытпау болып табылады. Үш тілдік деп жүріп, ана тілімізден айырылып қалмасақ еді. Тіл туралы заңымыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірінде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ болуы үшін күресе білейік те намысты қолдан бермейік!

Атбасар ауданы
"Сергеевка орта мектебі" ММ
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі: Магзум Майра

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухтың жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері еліміз бейбітшілікте өмір сүруде. Осы күнге жету үшін қаншама тер төгілді десеңші!
Қайран, ата-бабаларымыз-ай, олардың көрген қасіреттері жер мен көктің арасындағы қара түтіндей лас, әрі қасіретке толы өмір еді. Бірақ, өмірге деген құлшыныс, ертеңге деген жарқын болашақ олардың үмітін тұтатқан көрінеді. Міне, еліміз тәуелсіз. Күлімдеген күн, көгілдір аспан да таза. Бүгінгі күні еліміздің бетке ұстар рәміздері де бар. Рәміздеріміздің шығу себебі тәуелсіздіктің қасиетті нышаны болып табылады. Тәуелсіздіктің - туы, егеменнің - елтаңбасы, әлем деңгейіндегі – гимніміз шырқалып тұр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы

Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы
1. Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы.
2. Үйсіндер қоғамының дамуы.
Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Бай-калдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тай-палар көшіп жүрді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Мемлекет жане кукыктын пайда болуы

КІРІСПЕ
Алғашкы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты.
Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бүл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
§1. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚОҒАМ, ОНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЫДЫРАУЫ
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінеді:
1. Жабайы адам дәуірі - 40-12 мың жылдықгар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғам-ның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың кұн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезенде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан мемлекетінің рәміздері

Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздеріміз бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын.«Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деп аталынады. Рәміз – философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Алматы қаласы мысалында әлеуметтік процестерді мемлекеттік саясат мәселелері

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде нарыққа өту барысында аймақтық экономикалық саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, аймақ саясаты аймақтық экономикалық саясаттың нақты бір көзқарасы жоқ десек болады.
Аймақтық саясат – көпмағыналы ұғым, әртүрлі мәндерде кеңінен қолданылады. Көбінесе осы ұғым қолданылатын сипаттамадағы негізгі 3 проблемаларды көрсетуге болады:
1. Билік және атқарушы органдар және биліктің аймақтық органдары арасындағы әртүрлі түрдегі қарым-қатынастарды сипаттау;
2. Кәсіпкерлік және өмір деңгейі жағдайында мағыналы аймақтық өзгешіліктерді игеру мақсатымен және территориялдық құрылымды дамытуға мемлекеттің араласуы;
3. Аймақтық және саясатын сипаттауда: әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, аймақтық және тағы басқалар
Экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың негізігі аспектісі тұлғалардың әлеуметтік топтар арқылы қоғаммен өзара іс-әрекеттесуін сипаттайды. Сондықтан да экономикалыө процестер қандай да бір әлеуметтік сипатқа ие болады, содан белгілі бір салдарға алып келеді.
Радикалды әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін рыноктық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық эконеомика ие болып отыр. Тек аймақтын барлық табиғи, экономикалық-әлеуметтік, демографиялық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдаларын жан-жақты қатаң есепке алу ғана, экономиканың өсуі мен әлеуметтік процестердің жақсаруына қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Қазақстан - 2030» Стратегиясы – мемлекет дамуындағы жаңа кезең (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазқастан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4. Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 ж. – бүгінгі күнге дейін)
Сабақ тақырыбы: «Қазақстан - 2030» Стратегиясы – мемлекет дамуындағы жаңа кезең
Оқу мақсаты: 9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау;
9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау
Сабақ мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары дамуы «Қазақстан - 2030» Стратегиясының әсерін түсінеді және талдайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Археология | ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Ғасырлар бойғы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп, өз алдына еркіндік туын тігуі, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдері қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Бұл қол жеткізген зор табыс болғанымен, оны кез келген мемлекеттің тәуелсіздігіне, елдігіне қажетті саяси, әлеуметтік-экономикалық алдыңғы қатарлы озық білім және мәдени жетістіктермен қамтамасыз етіп, одан әрі өрбіту керектігі сөзсіз.
Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі - мәдениет. Бүгінгі таңда мәдениет саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында біраз жұмыстар да атқарылып жалғасын таппақ.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ұлттық мұраны сақтауға, зерттеуге, қастерлеуге ерекше ден қойылып, қазіргі заманның кезек күттірмес маңызды міндеттерінің біріне айналып отырған мәселенің бірі-халықтың мәдени мұрасының сақталатын, көрсетілетін, насихатталатын орны – музейлердегі коллекцияларды ғылыми тұрғыдан, терең зерттеу болып отыр. Бұл сала бойынша атқарылып жатқан игі істерге ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің деректану және қолжазба бөлімі өз үлесін қосуда.
Бұл бөлім ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде тұңғыш рет 1999 жылы құрылып, өз қызметін атқаруда. Бүгінгі таңда бөлімде жеті қызметкер атап айтқанда, бөлім меңгерушісі, екі ғылыми қызметкер, екі жоғары дәрежелі қор сақтаушы, екі кітапханашы жұмыс істейді. Бөлім қызметкерлері «Қазақ тарихына байланысты архивтік-деректі құжаттардың деректанулық зерттеулері» атты көп жылғы іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Онда сирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар, нумизматика, эпиграфика, геральдика, сфрагистика, бонистика салалары бойынша қордағы және шетел архив музейлердегі экспонаттар, археологиялық деректанулық айғақтарды қарастырып, зерттеп ғылыми айналымға енгізуге ат салысуда. Дегенмен, ғылымның бұл саласында зерттелмей тың жатқан және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер әлі де болса баршылық. Осы бөлімнің қорында зерттелетін көп жәдігерлердің бірі – мөрлер.
Мөрлерді зерттейтін ғылым сфрагистика деп аталады – (грек тілінен sphragis аударғанда – мөртану дегенді білдіреді) – ол геральдика, нумизматика ғылымының бір саласы болып есептеледі. Басқа ғылым саласымен байланыстылығын мөрлерге қарап білеміз. Әр кезеңдегі мөрлер өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Мысалы, XVII ғасарлардағы мөрлердің ерекшелігі тарихи құжаттарда уақыты, мөр иесінің есімі, қала, ауылдікі екендігі көрсетілген.
Қазақ қоғамында хан, сұлтан мөрлері негізінен "тамшы іспетті" пішінді мәтінді, мөр иесінің әкесі мен атасының аты-жөні және "хан", "сұлтан", "би" атағы көркемделіп, нақышталып жазылды. Мұндай мөрлерді хан, сұлтан, билер ғана қолдану құқығы болды. Бұл куәландырғыш белгілерді қазақ хандары мен сұлтандары және билері өзара хат алмасуда, ішкі саяси іс жүргізуде, әр түрлі
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0