Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру

Балабақша еліміз бойынша қашаннан күн тәртібінен түспей келе жатқан үлкен мәселенің бірі. Бұл мәселені Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша назарға алып, нақтылы тапсыр - малар мен жүктеулерінің арқасында серпінді жұмыстар қолға алынып, мәселе түйіні шешілді. Өткен жылғы Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие туралы арнайы айтылып, елдіктің асыл мұратындай «Балапан» бағдарламасының қолға алынуы қала мен ауылда бір - неше жүздеген балабақшалардың ашылуына мүмкіндік тудырып, сәбилерге қуаныш сыйлады. Осындай елбасы бастаған мектепке дейінгі білім беру саласындағы өрелі оң өзгерістер бізді жақсы жетістіктерге бастайды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты өткен жылғы жолдауы – мектепке дейінгі маман - дар үшін жігер, патриоттық сезім тудыратын, сенім беретін, патриоттық үндеуі деп санаймын. Елбасымыз біздің алдымызға зор міндеттер қойып, нақты тапсырмалар беріп отыр. Біз бұл белестерден ұйымшылдығымыз бен бірлігіміздің арқасында абыроймен өтетінімізге сенімдімін.
Баланың ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 1 саны мен цифры

Мақсаты: а) білімділік: балаларды 1 санымен таныстыру, жазылу цифрын үйрету, мағынасын ұғындыру.
ә) дамытушылық: ойлау, шығармашылық қабілеттерін және тілдерін дамыту.
б) тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: 1 саны баспаша, жазбаша, жүрек, нан, Елбасы, ай, күн суреттері
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, ойын, сұрақ - жауап

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару
ә) үш топқа бөлу: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек
б) "Жылы лебіз" .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 1-5 сандары

Сабақтың мақсаты: балаларға сандық қатынастарды меңгерту, артық және кем санды анықтауды түрлі анализаторларды, дыбыс, қозғалысты санау арқылы меңгерту. 5 - ке дейінгі реттік және есептік санауды бекіту, заттарды топқа бөліп үйрену.
Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі түрлі жағдайлар туралы жазу (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы:Мектептегі түрлі жағдайлар туралы жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
2.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу

Сабақ мақсаттары: ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ынтымақты отбасы

Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың бір - біріне деген қарым - қатынастарын байқау. Салт - дәстүрді дәріптеу.
Барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе
Қазіргі отбасындағы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата - баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу. Халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.
Бүгін біз «Ынтымақты отбасы» сайысын өткізгелі отырмыз .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын жүйелі ойлауға, шығармашылық қабілеттерін түрлі әдістер арқылы дамытуға түрлі әрекеттер жасау керек. Нәтижелерге жету үшін ТРИЗ технологиясының әдіс - тәсілдерін пайдалануға болады. Олар:
• Қарама - қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;
• Сиқырлы объектілер әдісі – балаға таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;
• Жүйелік жақындау әдісі – бір - бірімен тығыз болатын бөлімдерден құрылған жүйені біртұтас ретінде түсініп беру;
• Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.
Сонымен қатар балалардың ойлау қабілеттері салыстыру, анализ, синтез, абстракция, жалпылау және нақтылау ойлау операциялары арқылы жүзеге асады. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін процесін арнайы психикалық әдістері

Қалыпты және көруі өте нашар балалардың зейінінің дамуы ми қалыптасуының жалпы заңдылығына ортақ.
Бірақ көру қызметінің бұзылуы күрделі немесе тіптен соқыр болса онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайылығын қабылдауы қиын немесе тіптен мүмкін емес.
Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметтің бір жағы сияқты және нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлығы тифлопсихологтар және тифлопедагогтар көру кемістігінің салдарын түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен.
Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендігін және бұл қоршаған ортаға деген енжарлықты байқатады.
Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығынан зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдардың есту тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соғады., сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады.
Мәселенің өзектілігі: К. Бюрклен, П. Виллей, А.А. Крогиус, Ф. Цех атты тифлопсихолгтардың айтуынша соқыр адамдарда танымдық сезімтал аймақтардың қысымы зейінге кері әсер береді, сонымен бірге, ол көруі қалыпты адамдарда да болуы мүмкін деген.
Тифлопедагогикада А.Г. Литвактың айтуынша соқыр адамдарда ым-ишараға зейін қойып отырған адамның қимыл-қозғалысын үйретуге көптеген күш жұмсалған бірақ барлығы осы уақытқа дейін олардың бәрі сәтсіздікпен аяқталады.
Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну арқылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді.
Т. Рибоның теориясынан басқа өзгеде атағы жағынан келе түспейтін теориялары бар. Мысалы Д.Н. Узнадзенің ойынша зейін мақсат қойғыштықпен тығыз байланысты деп есептеген оның ойынша ішкі орнатулар зейіннің жағдайы деп ойлаған.
Зейін жайлы өте қызықты тұжырымдаманы П.Я. Галперин де ұсынған.
Зерттеу мақсаты: Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін процесін арнайы психикалық әдістері арқылы дамыту.
Зерттеу міндеттері:
1. Күрделі көру кемшіліктері бар және қалыпты деңгейде дамудағы
балаларға тән психикалық дамудың жалпы және спецификалық
заңдылықтарын нашар көретін және соқырлардың орнын өтеу
механизімдерін зерттеу.
2. Кіші мектеп жасындағы көру кемшілігі бар балалардың әлеуметтік
психикалық негіздерін дамыту.
3. Жинақталған әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде пайдалану.
Зерттеу нысанасы: Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалар.
Зерттеу пәні: Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қыс – ғажайып мезгіл

Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс - әрекет мақсат - міндеттері:
Ақпараттық құзіреттілік: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгіліндегі табиғаттағы тіршілік туралы білімдерін жинақтау, таным белсенділігі деңгейіне қарай белгілі ақпараттарды құрылымдау, балалар меңгеруге тиісті ақпараттарды алгоритмдеу арқылы меңгерту. Коммуникативтік құзіреттілік: Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы қыс мезгілінің айырмашылықтарын айқындау. Қыс мезгілін толық сөйлемдермен сипаттауға үйрету. Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту, қойылған сұрақтарға нақты жауап беру және бірін тыңдай білу қабілеттерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасау, жақсы қарым - қатынаста болу қабілеттерін дамыту. Проблеманы шешу құзіреттілігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіну, оларға сәйкес кездесетін проблемаларды шеше білуге үйрету. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысында жұмбақ, ребус, сөз жұмбақты шешу, дидактикалық ойындарды берілген шарт бойынша орындауға дағдыландыру. Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгілінің жаз мезгілімен салыстыруды біледі.
Баланың меңгеруі: Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру мен әңгіме барысында бір бірін тыңдай білуді меңгереді......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау,

Кіріспе
Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Еліміздің қоғамның эканомикалық, саяси – мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының бүгіңгі таңдағы жетпес міндеті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сценарий: 1 Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Сабақтың тақырыбы: 1-Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Жүргізуші: Балалар, сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күнге күйіп, бойларың өскен. Қараңдаршы, біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар. Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын. Қане, бір - бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп амандасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні. Бұл күні балалар мектепке ағылады. Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады. Ал сендер балабақшаны, мерекелерді сағындыңдар ма?
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып, жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.....
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0