КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі психологияда барлық аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселсі сөз болып жатқанда, мектептегі келешек ұрпақтың тәрбиеленуі мен білім алу деңгейіне деген жауапкершілік артады. Осы жауапкершілікті қолға алу мақсатында үлгермеушілікті басты мәселелердің бірі деп санауға болады.
Үлгермеушілікті жеңу тек ғана педагогтардың мәселесі ғана емес, сонымен қатар психологтардың да өзекті мәселесі болып отыр. Біздің зерттеу жұмысымыз мектептегі оқушылардың үлгермеуіне мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсер етуінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Қазіргі кезде үлгермейтін оқушылардың көбеюіне байланысты педагогтар мен психологтар арнайы зерттеу жүргізуде. Осы үлгермеушілік мәселесінің туындауына түрлі жағдайлар әсер етеді. Көбінесе үлгермейтін оқушылардың сабақта үлгермеу себебі олардың әлеуметтік жағдайларына да байланысты, яғни отбасылық кейбір мәселелердің болуынанда көрінді. Сонымен қатар, жасөсіпірімдік жастағы оқушылардың сабаққа үлгермеу себебі, олардың кіші
мектеп жасындағы оқу материалдарын толығымен меңгермеуінің әсерінен пайда болатыны бәріңізге мәлім. Сондай-ақ үлгермеушілік мәселесін зерттеген отандық психологтар ретінде З.И. Калмыкова, Н.А. Менчинский, Н.Т. Талызина, И.Ю.Кулагина және т.б айтуға болады.
Қазақстандық зерттеушілер К.А. Бегалиева, А.Д. Жұмабаева, Л.В. Лысенко, Э.И. Шыныбекова, В.В. Трифонова, А.М. Қарабаева және т.с.с педагог-психологтар осы үлгермеушілік мәселесінің жасөспірімдерде болуын ерекше зерттеген. Жасөспірімдік шақтағы тұлғалық жетілуге байланысты оқушының мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсерінен сабаққа үлгермеуі маңызды педагогикалық-психологиялық мәселе болып табылады. Жалпы білім беретін
мектеп жағдайларындағы бұл мәселелердің шешілуі алдыңғы қатарлы тәжірбиелердің кең насихатын
мектеп тәжірбиесінде педагогикалық және психологиялық зерттеудің нәтижесін енгізуді болжайды.
Мектеп оқушысының үлгермеуіне оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасындағы әлеуметтік рөл үлкен әсер етеді. Осы үлгермеушіліктің алдын-алу тәжірбие жүзінде түрлі әлеуметтік – психологиялық тренингтер өткізу керек. Тренингтерді өткізу арқылы оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын арттыруға болады. Кейбір ашылмай жүрген оқушылар тренинг барысында топқа үйренеді. Тренингтерді ұйымдастыруда В.А. Сухомлинский, А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.П. Панюшкин. А.А. Бодалев және т.б өз үлестерін қосты. Дегенмен, жан-жақты тұрғыдан алып қарағанда, үлгермеушілік мәселесі толығымен зерттелген жоқ, әлі де болса зерттелу үстінде. Бұл мәселені зерттеу себебім –үлгермейтін оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынас стилінің жағымсыз әсерін болашақта болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің өзектілігі: Мектептегі үлгермеушілік мәселесі қазіргі таңда барлық білім беретін аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселесі жайында сөз болғанда, мектептегі болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алу деңгейінде жоғарғы жауапкершілікпен қарайды. Дамып жетілуі жағынан кешкен балаларға іс жүзінде көмек көрсетудің қажеттілігі айқын көріне түсуде. Үлгермейтін оқушыларды педагогикалық-психологиялық коррекциядан өткізу арқылы арнайы сыныптарды ұйымдастырып, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты дамыту барысында сабақтан тыс әлеуметтік-психологиялық тренингтерді өткізу керек.....