Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан

Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесі қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | «Балбөбек» бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің жаңарту негізі"

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ұл бәсекелестігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендгі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, сөйтіп халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде. Ол м 2008-2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал оған дайындық қызірден бастап жүруге тиіс екендігі сөзсіз. Дайындықтың мақсатты, жүйелі жүруін қамтамасыз ету үшін институт жанынан «Балалар әлемі» ғылыми-әдістемелік зертханасы ашылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ролі

Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да, мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.
Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүрiп баланың қалай дамып келе жатқанын,оның түрлi қылықтарына түрткi болған себептердi ұдайы талдап отырады. Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастық қасиетiн қалыптастыру күнделiктi өмiрдiң әр күнiнде жүзеге асырылады. Баланың дамуына ықпал жасайтын факторлар өте көп. Балалармен тәрбие жұмысын жүргiзгенде олардың бәрiн ескерген жөн.
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Бздiң болашағымыз – артта өсiп келе жатқан жасөскiндер мен жасөспiрiмдер. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертегiмiздiң кепiлi деген сөз бар. Әсiресе баланың эстетикалық, көркемдiк талғамын ұштап ұлттық тәрбие беруiмiз керек. Баланың тiлi қалыптаспай ойын айта алмайтыны түсiнiктi болғанымен, тiл халық жаны бар екендiгiн түсiне беремiз бе. Тiл ана сүтiмен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып жетiледi. Онсыз бала мәңгүрт болып елiн-жерiн сүймейдi. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелi жерге дән тастағанмен өнбейтiн сияқты, жас баланы бiлiммен сусындатып, бағып – күтпесек, көкiрегiн ашып, тәрбие бермесек өспейдi, өнбейдi. Баламен тiл табысып, оның бойына бiлiм ұрығын себетiн басты тұлға – ұстаз. Ұстазы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мектепалды даярлық тобына сабақтар топтамасы

Мектепалды даярлық тобы
Мақсаты: Балаларды қарапайым математикалық ұғымдармен яғни қарама - қарсы ұғымдарды, өзіне қатысты кеңістікті бағдарлауды үйрету. Заттарды санына қарай салыстыра білу әрі ертегіні тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бір - біріне көмектесу, ұнамсыз істерді болдырмау. Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін пайдаланып заттарды ретімен айтуға, санауға үйрету. Математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып ойын, тілін, танымдық әрекетін дамытып, бір - біріне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, кейіпкерлердің ойылған макеті, мультимедия, текшелер, логикалық тапсырмалар, биік, аласа үйлер, теректер, гүлдер, мультимедия арқылы бейнебаян көрсету.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, ойындар, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектеп туралы әңгімелерді мазмұндау Шш дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы: Мектеп туралы әңгімелерді мазмұндау. Шш дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме)1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу
Сабақ мақсаттары: 1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен).....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тәуелсіздік - ел тілегі

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,балалар! Бүгінгі сабағымыз дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады. « Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық сабағымызды бастаймыз......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақ тілі Т2 (5, 6, 7 сынып)

Көк қаршыға көзін шаңырақтан аспан әлеміне құмарта қарап, бір рет дүр сілкініп қояды. Бұрын мұндай құсты көрмеген мысық одан көз алмай, таңданып әрі қорқып қарайды. Мысықтың бағанадан бері көзі түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол биік төсектің бас жағынан түргелген тарғыл арлан еді. Екі құлағының салбыраған шашағы төгіліп тұр. Күміс қарғылы тайдай тазы тұрып алып, алдыңғы екі аяғын көсіліп, төсін жерге тие керілді. Мойынындағы күміс қарғының сақиналары сылдыр....
Олимпиадалық тапсырмалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жасыл шырша ортада

Шырша жанында әдемі гүлдер, саңырауқұлақтар өсіп тұрады.
Шегіртке, көбелектер ән салып би билеп жүреді. Балалар қол ұстасып, дождиктерін ұстап залға кіріп, шырша жанына тұрады.
Тәрбиеші: Ау көбелектер сендерге не болған ән салып би билейміз деп жүріп қыс келгенін де байқамай қалғансыңдар ма?
Шегіртке: Біз шынымен қыс келгенін байқамай қалыппыз.
Тәрбиеші: Ала жаздай билепсіңдер,
Қыс келгенін білмепсіңдер.
Еңбек етпей ұшып қонып жүре беруге болама екен, балалар айтыңдаршы?
Балалар: Жоқ болмайды.
(Сол уақытта боран соғып, қар жауады.) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қош келдің Жаңа жыл

Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық

Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, ұстаздар. Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін! Жәнеде осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға шашуы ретінде «Кукарелла» биін билеп береді.

Тәрбиеші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Тәрбиеші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектеп өмірі Әдепті бала - арлы бала (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмір
Сабақтың тақырыбы:Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтін мазмұнын түсінеді; қажетті ақпараттарды анықтай алады. Диалогтік қарым-қатынасқа түсе алады; сөз мәнері мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0