Сыйластық туралы мақал-мәтелдер жиынтығы

«Сіз» дегеннен не кетеді,
«Сен» дегеннен не бітеді?
Мың «сіз, бізден» бір шыж-быж артық.
Сыйласқанның итіне кет дегенің,
Өзіне кет дегенің.

Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
Әркім сыйлағанның құлы.
Жақсы сөзіңді сыйлар.

Мақал-мәтелдер
Толық
4,5 -2,5

Мақал - мәтел: Әке, папа

Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Әке балаға қарыз,
Бала далаға қарыз.

Әке балаға сыншы.
Мақал-мәтелдер
Толық
173,5 -95,5

Мақал - мәтел: Күз

Малдың төлін күзде сана.

Егіндікті күз суар.
Күз суарсаң, жүз суар.

Күз – береке, байлықтың бастауы.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Аңдар, үй жануарлары

Құланның қасуына, мылтықтың басуы да дәл келді.

Құлан басына күн туса, қодығына қарамас.

Құлан кісінесе, үйірі жиналады.

Түлкі түгінен жазады.

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

Қоян көлеңкесінен қорқады, қанжығада табысады.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - Мәтел: Үй, баспана

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді.

Түтін шыққан үй жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.
Мақал-мәтелдер
Толық
99,5 -55,5

Қазақша Мақал - Мәтел: Ер, Жігіт

Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.

Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес.

Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды.
Мақал-мәтелдер
Толық
52,5 -30,5