Мақал - Мәтел: Су, өзен, көл, бұлақ

Көл көлге құяды,
Сел селге құяды — шұқанаққа дым да жоқ.

"Көлмін" деп көпіресің ішінде бір балығың жоқ.

Көл тартылса кұс қашар.

Казғанмен су шықпайды қыр басынан
(Біржан сал)

Қара суға жапалақтап қар жауса қара балық ұрық салады.
Мақал-мәтелдер
Толық
397,5 -218,5

Мақал - мәтел: Ел, Халық

Азған елдің баласы бірін-бірі жамандар,
қақпан құрып алдына құлатуға амалдар.

Озған елдің баласы бірін-бірі "батыр" дер,
қойны-қоншы құйылып, толып тұрған ақыл дер

Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.
Мақал-мәтелдер
Толық
323 -177

Мақал - Мәтел: Құстар, қыран құс

Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады.

Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.
Мақал-мәтелдер
Толық
224 -128

Мақал - мәтел: Жақсылық пен жамандық

Жақсыға жақын көп.

Жақсыны көрмек үшін.

Жақсыда өкпе болмас.

Айтқан ақыл дарымас,
Алақұйын адамға;
Дамыл таппас, дағдармас,
Жығылғанша аранға.

Жапа шегіп, жай жату -
Жасықтықтың белгісі.
Ерте жатып, кеш тұру -
Пасықтықтың белгісі.
Мақал-мәтелдер
Толық
7,5 -3,5

Қазақша мақал - мәтел: Байлық, ақша, бай, кедей, кедейлік

Бай мақтанса табылар,
Кедей мақтанса шабылар.

Жоқтық ұят емес,
Байлық мұрат емес
Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.

Жарлы болсаң да арлы бол.

Бірінші байлықденсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық
Мақал-мәтелдер
Толық
229,5 -127,5