Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл еөздерді балабақшада пайдалану

І тарау. Балаларға халық ауыз әдебиетінің жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерін таныетыру.
1.1. Мақал мен мәтел, нақыл сөздер – тәрбие құралы.
Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне ауыз шеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең ал обрызының әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен. толғау еді арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық оқиғада кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні оларға берілген даналық баға, тұжырымды түйіи. Қолданылады. М. Горькийдің «Мақал мен мәтел
тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді»,— деуі осыдан.
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет атқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Сақтық, қырағылық

Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.

Алысқан жауға арқанды көрсетпе.

Сақтықта қорлық жоқ.

Оң көзіңе
Сол көзің қарауыл болсын.

Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.

Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Спорт туралы мақалаларды оқу «Қазақстанның белгілі спортшылары» (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау»
Сабақ тақырыбы: Спорт туралы мақалаларды оқу «Қазақстанның белгілі спортшылары»
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) О1 Ақпаратты түсіну
О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу
Сабақ мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебін түсіндіреді.
Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт мақал-мәтелдерде №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт мақал-мәтелдерде №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
• Мақалдағы және суреттегі мазмұн сәйкес келеді.
• Сахналанған көрініс мазмұны анық, рөлде жақсы ойнады;
Оқушылардың көпшілігі
• Мақалдағы және суреттегі идея негізінен келеді.
• Сахналанған көрініс идеясы анық, тәрбиелік мәні бар;
Оқушылардың кейбірі
• Мақалдағы және суреттегі идея толық сәйкес келеді.
• Сахналанған көрініс өмірмен байланысты. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Бар мен жоқ

Бармын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.

Барым әзір, жоғым жай.

Жоқтан бары артық.

Бар – балпаң,
Жоқ – жалтаң.

Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.

Бар болса, көре алмас,
Жоқ болса, бере алмас.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

Мақал-мәтелдер-бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға мирас ретінде беріліп келе жатқан халық даналығы. Кез келген халық мақал-мәтелдерді үнемі естеріне сақтаған, даяр тұрған мұра ретінде ұстап, өзінің күнделікті тұрмысында, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде пайдалануға, сол арқылы өз ойларын, танымдарын құнарлы да тұшымды, көрікті жеткізуге тырысады.
ММ-дер - халықтың белгілі бір өмір тәжірибесінен жинақталған, айқын ойды үлгі-өнеге, өсиет ретінде көркем бейнелеп, жеткізетін халықтың көне де бай рухани қазынасы. Ел аузында «Ер қазынасы - ескі сөз, ел қазынасы - ескі сөз, тіл қазынасы — ескі сөз» деген мақал бар. Бұл мақал әшейін әлдеқалай айтыла салған сөз емес, өмір жүзінде ел аузындағы ескі де мәнді сөздер (1;4 б.).
ММ-дер халықтың атам заманда өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын алтын арқау; олар рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуының бірден бір кепілі. Бұл қазына байлықтан айрылған этникалық қауым өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның болшағы да жоқ (2;7 б.).....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилыкезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Денсаулық спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: Денсаулық, спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын
Оқу мақсаттары: 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны туралы өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы немесе пайдасыз болды... т.б.) білдіру
Сабақ мақсаттары: Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілейді;
Тыңдалған материал бойынша алған ақпаратын мазмұндай алады;
Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, қызықты ақпаратымен бөліседі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0