Мақал - мәтел: Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді? (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интепретациялау үшін туындыларын пайдалану
7.3.2.5 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану
Сабақ мақсаттары: Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» мақаласының маңыздылығын анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Мақал - мәтел: Жас, жасөспірім, жаңа буын, жеткіншек

Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Тас

Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты.

Жас арқалағаннан
Тас арқалаған жеңіл.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Көңіл, көңілшек

Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.

Жақсының өңі қартайса да,
Көңілі қартаймайды.

Көңілсіздің көлігі шаппас.

Жақсы жұмыстан
Жан рахат алады.
Жаман жұмыстан,
Көңіл қалады.

Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Мал, жануар

Мал саусаң — сүт,
Жер саусаң — құт.

Мал семіз —
Төл егіз.
Жер семіз —
Дән егіз.

Елге мал көптік қылмайды,
Жерге тал көптік қылмайды.
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Қазақша реферат: Эстон халқының мәдениеті мен фольклоры

Төрткүл дүниенің төртбұрышындағы өзгеде әлем елдерінің фольклоры секілді Эстония халқының фольклоры да, Эстон мәдениетінің бір бөлшегі болып табылады.
Эстония фольклорының зерттелуі мен жинақталуы жайына келсек, ең алғаш болып 1843 жылдан қағазға түсіре бастаған Фридрих Рейнхольд Крейцвальд болды. Ол фольклорды зерттеуде ең маңызды нысан ретінде Эстониядағы тарихи аймақ Вирумааны алды. Көп жылдар бойғы зерттеу нәтижесінде 1866жылы «Эстония халқының көне ертегілер» атты еңбегін жариялады. Эстония фольклоры жөніндегі тың......
Рефераттар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Әкім, бастық, басшы, хан

Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.

Әкімменен араз болсаң күнің жаман,
Молдаменен араз болсаң дінің жаман.

Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.

Құтырған әкім
Құдыққа түкіреді.

Әркім өз қаласына әкім.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Абырой, бедел, мәртебе

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Абырой – ар еңбегі.

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.

Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0