Мақал - мәтел: Аспан, көк, әуе, шарық

Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла.

Аспаннан киіз жауса да,
Құлға ұлтарақ тимейді.

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Жер – төсек,
Аспан – көрпе.

Бірі аспан десе,
Екіншісі арқан дейді.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

3-6 жастағы балада қандай өзгерістер болады?

Соңғы кезде балаларының мінезін айтып шағымданатын ата-аналар көбейді. Ол көбінде баланың психологиясын дұрыс білмеуден болып жатады. Осы жазбамда 3-6 жас аралығындағы балаларға мінездеме беріп көрейін.

1. Бұл жаста бала әлеуметтік ортаға бейімделе бастайды. Мінезі қалыптасып, жаңа қызығушылықтар туындайды. 3 жастан бастап балада физиологиялық өсу жиілеп, 6 жасқа толғанда ересек адамның......
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0

Қазақша мақал - мәтел: Үміт

Үміт өлмейді.

Үмітсіз - шайтан.

Үміттінің өз дәулеті өзінде.

Қазан аузы жоғары, қармақ суда.

Сағыныш - сары ауру,үміт - талшық.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Заң

Әділ бектің заңы жоғары.

Әр елдің заңы басқа,
Иттері қара-қасқа.

Әділ заң — аспан тірегі.

Әділ туған заң жақсы.

Балам бол, басқа бол — бәріңе заң біреу-ақ.

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Мінез

Нар мінезді жігітке
Нарға мінсе, жарасар.

Қауызында дәні жоқ,
Сабан мінезді адам болады.
Қорсылдаса көңілі тоқ
Қабан мінезді адам болады.

Адам жылқы мінезді:
Бір күнде түлейді,
Бір күнде жүдейді.

Сүтпен кірген мінез
Сүйекпен кетеді.

Жолбарыс жұлқынса,
Жонынан от шығады.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Қазақша мақал - мәтел: Аңқаулық

Аңқаудың аузы ашық.

Аңқау астындағы атын алты ай іздейді.

Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды.

Аузын ашса, сыры көрінеді,
Есігін ашса, төрі көрінеді.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0