Қазақша мақал - мәтел: Жоқшылық, кедейлік

Кедейді тер қысса,
Керегесін арқалап тауға шығады.

Жеті кедей жиналғанмен,
Ортасынан бір бай шықпас.

Лашығы жоқ орданы аңсайды,
Желері жоқ жорғаны аңсайды.

Байдың қорасынан,
Жарлының жалғызы жоғалады.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Мақал-мәтелдер - ғасырлар шежіресі [жоспар]

Жоспар

І Кіріспе
Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі
ІІ Негізгі бөлім
1. Мақал - мәтелдердің тақырыптық ерекшеліктері
- Отан, атамекен, туған жер
- Достық, жолдастық, әдептілік
- Өнер - білім, еңбек, ерлік, батырлық
2. Мақал - мәтелдің көркемдік ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды бөлім:


Мақал – сөздің атасы
Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлі салт - санасы, тұжырымдарының мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз дүниені көркемдік.....
Шығармалар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Ұстаз, мұғалім, оқытушы

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби

Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0