Қазағым, таянды ғой қылта мойын, Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. Қарашы өзіңе өзің көз жүгіртіп, Жараспас бұдан былай күлкі-ойын. Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер, Ойламау келешекті түпке жетер. Надандық қоршап алған тұс-тұс жақтан, Жан қорқып, дене тітіреп........
Сорлы қазақ жан алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, біткен ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп; Оқу-білім жақындатпай, жолатпай, Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай, Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр, Қанды жаспен екі көзін......
Бір себеппен келіп қалдым бұл жаққа, Дәм жазбады, бара алмадым ол жаққа. Көрмесем де, көп кішілік сәлемім Нағашымыз Махаң менен Қожаққа. Аралап ем шығыс, батыс арасын, Ертіс, Еділ, Сырдария даласын. Дәм жазбады бүгінгі күн көруге Ел-жүртымыз Баян - Шақа баласын. Сол Шақада қажы Жүсіп дер еді, Жақып пенен Өсіп.....
«Шық-шық!» деп соғып тұр Тоқтаусыз бұл сағат. Дүниеде неғып тұр Адамзат бір сағат! Сорлы адам туғанда, Сұм жалған көңілі шат. Көз ашып тұрғанда, Көрінер оған......
Ер жігіт өнер табар ерте қуса, Ерініп шаршамастай, белін буса, ЬІртың-жыртың, жоқ-барға көңіл бермей, Періште боп анадан қайта туса! Жақын туған, бауыр деп айналмаса, Қатын-сатын дегенге байланбаса, Тынықпай, дамыл....
От жұтқан туысқанның халін көріп, Күнәсіз судай аққан қанын көріп, Айрылған ар-намыстан қарындастың Көз жасы, қалың қайғы, зарын көріп. Елжіреп жүрек-бауырым, ішім еріп, Бейнетке белді буып, қолды беріп, Ант етіп айнымасқа ес білгеннен, Байлаулы бауырыма........