Әңгіме: Оралхан Бөкей | Мәңгілік деген махаббат шығар

Махаббат абстрактылы, Сондықтан да теориялық жағы дами береді де, нақтылы мәнін жоғалта бермек. Негізінде, сезім дегеніміз адамға ғана тән қасиет, бірақ ол айнығыш. Айнығыш болатын себебі – адамзат өзінің жаратылысынан еш нәрсені қанағат тұтқан емес, арман мен қиял, үміт пен мақсат – осының қай-қайсысы да бір ғана ұмтылыс ұғымымен шектелмейді, тапқан дүниеңнің, шыққан биігіңнің аздығы мен аласалығын айғақтап, үнемі бір тың, басқа, жаңа да жақсы белгісіз бірдеңелерді көксеумен күн кешеді. Әдемілік пен сүйкімділіктің өзі салыстырмалы да шартты, өйткені қандай да бір керемет көркемдік сіздің көзіңізге теңдессіз көрінгенімен, басқаға әншейін жай ғана нәрсе болуы мүмкін. Әдетте, біз бір адамды құлай ұнатқанда, оның бойындағы сандаған кемшілікті елеп – ескермейміз, яғни сезім алдауына түсеміз. Сөйтіп, үйленеміз. Күн өткен сайын, оған жақындаған сайын бірсін деп сіздің жан дүниеңізге сай келмейтін қайшы қылықтары ашыла бастайды, осыдан айну сезімі пайда бола бастайды немесе өмірде одан да жақсы кісілер барын мойындайсың, жарыңыздың болмысында аз, тіпті жоқ қадір – қасиеттер мен өзгеше ерекшеліктерді өзгенің жарынан байқайсыз, осылайша асылдан да озған асыл, сұлудан да артық сұлу бар екенін түсінесіз. Көңіліміздің көк дөнені бұған дейін шапқылап жүрген шеңберін тастайды да, анау топқа қосылғысы келеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Мен күткен жан

Мен оған 5 жылдан кейін телефон шалған болатынмын. Бір қатты таң қалғаным, ол әлі телефон номерін ауыстырмаған екен. Мені күтті ма екен? Ол тұтқаны көтергенде бойым суып кетті. Оның дауысы өте көңілді естілді. Арғы жақта сәбидің дауысы шығып жатты. Оның: "Алло?" деген сөзінен кейін не айтарымды да білмей қалдым.

Ол үшін қуанып тұрдым, бірақ жүрегім қан жылап тұрды. 5 жыл бұрын, екеуміз қоштасарда, ол маған: "Мен сені мәңгі сүйіп өтемін. Мен сені ұмыта алмаймын" деген болатын. Ал мен болсам, оған күліп, мазақ еткендей: "Ренжіме жаным-ау, сен әлі басқамен бақытты боласың! Мені ұмыт" деп кеткен едім. Бірақ, оның шын айтып тұрғанын біліп тұрдым. Сонда да, онымен қоштасып кеттім...
Тұтқадан: "Алло?" деген дауысын естігенде, жүрегім жарылғандай болды. Ойымды жинақтап, сөзімді айта алмай, тұтқаны қоя салдым. Телефонымды алақаныма қысып, көзім жасаурап отырдым. SMS келді. Ол былай деп жазыпты: "Сәлем! Мен сенің қоңырауды көп күттім. Сенің дауысыңды естимін деп қатты үміттенген едім. .....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Махаббатты қорғау)

Бiз екеумiз жолықтық,
Бipaқ тым кеш жолықтық,
Достасудан от тұтап, қоштасуға қорықтық.
Маған құйды жарығын сенiң көңiл-терезең,
Арқамызда - құзар шың,
Алдымызда - өр өзен.
Өр өзеннен өтуге кiм бередi қайықты,
Кiм бар бiздi түсiнер, қане, кiм бар байыпты?....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бала махаббаты (5 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Отбасы құндылықтары»
Сабақтың тақырыбы: Бала махаббаты
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И1. Әдеби шығарманың композициясы
Сабақтың мақсаты: Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0