Бәлкім білетін де шығармын, тек мойындағым келмес...бірақ неге??? Тағы да әдеттегі бір «жалп етпе» махаббатым деп алданғым келмейтін болар... Жалғыздықтан, тосудан жалығып барамын... Бірақ, екінші бір бейтаныс жанға кеудемнің.......
Осыдан жеті жыл бұрын. Маусым айының он жетісі. Жайма шуақ күннің елесі де көрінбейді. Аспан қара-сұр түске боялып, жаңбыр тоқтамастан нөсерлетіп, құйып жатыр. Мен бар жоғы тоғыз жаста едім. Біздің үйіміздің дәл жанында орналасқан 304-пәтердің арғы жағындағы ащы зар қатты әсер еткен болуы керек, әлі күнге дейін есімнен кетер емес. Бұл үйде ұзын бойлы, қолы ашық, жүрегі таза еркек, иманды, өзгелерге тек жақсылық ойлайтын, күннің сәулесіндей шуағын шашып жүретін қамқор әрі мейірімді әйел, тәрбиелі, үріп ауызға салғандай сұлу, ақылы көркіне сай қыздары - Айманмен үшеуі тұрушы еді. Міне, бүгін ошақтың ұйытқысы болып отырған – аяулы жар, қамқор ана о дүниеге аттанды. Содан бері үш жыл өтті. Айман екеуміздің арамыз жеті жас болса да құрбы едік. Қазір оның көзінен бұрынғыдай ұшқынды, бойынан бұрынғыдай сенімділікті байқай алмайсың. Анасының қазасынан кейін ашылып та сөйлемейді, үйінен де көп шықпайды. Жер басып жүруінің бір-ақ себебі бар. Ол - әкесі. Айманның орнына өзімді қойып көргем, сондықтан оның не ойлап, не сезетіндігін жақсы білем. Десе де, жас қыздың күннен күнге шынайы өмірден алшақтап бара жатқандығын көру, жаныма ауыр тиуші еді......
Махаббат!!!... Әй, студенттік ғұмыр десеңші. Өмір туралы өзіңше сыр шерткің келіп, көңіл туралы күнделікке талай-талай сөз қалдырасың. Көктемнің жайма шуақты күндері, құстардың салып жатқан әндері, ғашықтардың бір ауыз сөздері, бақыт жайлы әр адамның түсініктері, күнделіктің әр бетінен табылып жатады. Менің бүгін күнделігімде Салтанат деген досымның (жігіттің аты) Салтанат атты аруға ағынан жарылып, өз сезімін – махаббат майданының нағыз қаһарманы ретінде көрсетуі болып отыр. Сүйгеніне сүрінбей жетудің жалғыз жолы осы болса керек. Оқиға былай өрбіген: 8 наурыз мейрамы таяп қалған кез еді. Салтанат досымның өзі аттас аруға өліп-өшіп ғашық болып жүргеніне бір жылдай уақыт толған. Бес жүзден астам қыз-жігіттердің ордасы болған жатақхана ендігі кезекте бір ғана нәрсені күтіп тұр еді. Таң сібірлеп атқаннан Салтанаттан ес кете бастады. 32-автобусқа мініп алып, көк базардың қақ төрінен бүгінге керек тілек қағаздары мен раушан гүлдерді, қызыл түсті шарлар мен әп-әдемі жүзік сатып алып келді. Кешкісін айтатын сөздерін қайталап, тағы да бір дайындық өткізіп жатты. Тірліктің қалғанын жігіттер жағы қатырып қойды. Ендігі кезек, күту ғана... Көптен күткен кеш те келді. Бүкіл әлем іштен тынып, жалғыз ғана тілекке құлақ қойып тұрғандай. Бүкіл әлем екі жастың махаббаты үшін тілек қылғандай. Жатақхананың артқы жағының жарықтарының бәрі сөніп, бүр үкімге бағынып тұр. Салтанат ұялы телефонын алып, сүйкімді қызды, өзі сүйетін қызды балконға шақырды. ...Сүйкімді қыз шықты. Салтанат асфальттың үстінде тұрған қалпы: -Саған ғашық, Менің жүрегім......