Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл......
Өлді деуге бола ма, ойландаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған- деп, ұлы Абай айтып кеткендей ерлігімен, жалынды жырларымен халықтың көкірегінде қалған ардақты ұлылардың бірі-Махамбет Өтемісұлы өзінің өнегелі істерімен,отты жырларымен халықтың жүрегінде мәңгі сақталған. Махамбет шығармашылығы - қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ. Бұл-Махамбеттің тағдырын тануға керек тарихи дерек. Өнерге келсек, қазақ поэзиясының ғасырлар бойғы дамуына шешуші себеп болған қозғаушы күш-ешқашан үзілмеген, толастамаған,барған сайын үдей түскен азаттық идеясы.......
Қазақстан Респупликасының Президенті «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз-қазақстандық қандастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу.Әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру»,-деп жазды.Сондықтан ,отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор.Дана халқымыз «Отанды сүю отбасынан басталады», «Жүк ауырын нар көтерер,ел ауырын ер көтерер», «Ел үмітін ер ақтар,ер атағын ел сақтар»,-деп бекер айтпаған.Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ерен ерлік үлгісін қазақ елінің мыңдаған жаужүрек,ержүрек ұл-қыздары қан майданда көрсете білді.Ұлан-байтақ даласын көк найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен қорғаған,ата -бабаларымыз сан ғасыр бойы ашкөз,қатігез,қаныпезер жауларынан қара халқын сақтап келді.......
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Айсұлтан немересі елдегі маңызды оқиғалар, елбасының жұмысы мен жемқорлық жасады деп айыпталған шенеуніктерге қатысты өз пікірін білдіріп, ел назарына ілікті. Айсұлтан халыққа несімен танымал және 26 жастағы жігіттің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін қандай? nur.kz порталы осы туралы толығырақ ақпарат ұсынады.
Әркімнің өз туған жері өзіне ыстық. Менің туған жерім – Қызылорда қаласы. Мен өз туған жерімді жақсы көремін. Менің туған жерім жылдан-жылға көркеюде. Менің қаламда зәулім, биік үйлер, әсем ғимараттар салынады. Мен өскенде туған жеріме қызмет жасаймын. Біздің қаламызда белгілі ақындар, әншілер......
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры. Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны. Өмірбаяны....
Менің отаным - Қазақстан. Мен Отанымды сүйемін. Осы елде өмірге келіп, білім қабылдап келеміз сонымен қатар қазақ тілінде сөйлеуді,қ азақ жұртының салт-дәстүрін білу міндетіміз деп санаймын. Менің Еліме деген махаббатым жүрегімнің түпкірінде жатыр. Отанға деген ақ жүрек махабатты, қандай заң, қандай құбылысы болсын өшіре алмайды.......
2016 жылдың жаз мезгілі. Алматының күйбелең қарбаласын артқа тастап, әсемдігімен көпті таң қалдырған Көлсай көліне бет алдым. Көңілде алабұртқан екі сезім ұштасқандай. Бірі оқушылық өмірді артта қалдырып, стіденттік өмірге қадам басқалы отырған қуаныш сезімі болса, енді бірі ҰБТ-дан аз балл жинап қалдым-ау деген өкініш сезімі. Көлсай көліне аттануымның басты себебі осы ҰБТ еді. Ата-анам барып сергіп қайт деп жіберген. Әке-шешемнің маған артқан үміттерін ақтай алмай қалдым-ау деген беймаза бір сезім тағы бар. Ол кісілер бұл өмірдің шағын ғана сынағы, ештеңе етпейді, сені оқытпағанда кімді оқытамыз деп жұбатқан. Неде болса барлығы артта қалды. Алда тек ....
Кіріспе ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновация технология бағыты мен дамыту мақсатының аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім берудің – бүгінгі күннің басты талабы. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. ХХ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бағытында Қазақсатан жоғарғы оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологиялармен білім беру негізінде меңгерту қажет. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» ұғымды білдірген. Ал тамыры тереңде жатқан термин латын тілінен «жаңару», «өзгеру» сөздерімен баламаланады, «бұдан бұрын болмаған жаңалық», «қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі» деген түсініктерді білдіреді. Ол алғаш рет ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінде пайда болған. Орыс ғалымдары Днепрова, Золвязинский, Лазерованың еңбектерінде бұл ұғым «білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті» деп сипатталады.....
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», - деп ақиық ақын Қадыр Мырза-Әлі жырлағандай сан соқтырған 70жыл бойы Кеңес үкіметінің қол астында болып, байлығы мен базарын иемденіп , болашағы мен бақытын болжай алмаған қазақ деген қарапайым халық едік. Желтоқсанның желбіреген желі есіп, қазаққа «қазақ» екенін танытқан жылдарда ел есін жиып, етегін жинап, бесігін түзеді. Қазақ елінде тәуелсіздікті тәу етіп, болашаққа жөн сілтеп, тізгінінен тарта ұстаған дана да дана жан алға суырылып шықты.......