Табиғат адамдарға берілген үлкен сый. Табиғат пен адам егіз ұғым. Табиғаттан адамдар, таза ауа жұтады, бойларын сергітеді. Табиғат деп тау-тас,өзен-көл, орманды айтамыз. Адамдар табиғатқа серуендеуге шыққанда тазалық сақтамайды, жерге қалдықтарын шашып, табиғатқа немқұрайлы қарайды. Сосын экологияны өз қолдарымен....
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. Қазақстанда қызыл кітап үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында қабылданды. Онда қызыл кітаптың бірінші бөлімі басылды. Бөлім омыртқалы жануарларға арналған. Онда омыртқалылардың 78 түрі: балықтың-4, қосмекенділердің-1, бауырмен жорғалаушылардың-8, құстардың-43, сүтқоректілердің-31 түрі енгізілді. Олар сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар болып 2 топқа бөлінді. ....
1991 жыл 1-желтоқсан-тәуелсіз Қазақстан өз басшысына таңдау жасады. Халықтың басым көпшілігі үлкен сенім артып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты билікке лайық деп таныды.
Қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, еңбек жолын қатардағы металлург ретінде бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы өзіндік еңбекқорлығы, табандылығы арқасында бүтін бір ұлтты басқаратын көшбасшы атанды. Оның бойындағы ұлтжандылығы мен тапқырлығының нәтижесі - бүгінгі Қазақстан.......
№1 тапсырма Тікбұрышты шыны ыдысқа, 56,2×24,1×37,3 миллиметрлі өлшемдерімдерімен бетіне дейін су құйылған. Ыдыспен судың жалпы салмағы 77,54 граммға тең болды.Шынының тығыздығы қандай (г/куб см), егер ыдыстың қабырғаларының және түбінің қалындығы және 3,0 мм тең? Бұл шаманың табылуына мүмкіндік жасаған дәлдігін анықтаңыз. (10 ұпай) №2 тапсырма Азот молекулаларының қозғалыс жылдамдығы 500 м/с, ал сутектің....
Кітап! Бұл сөз әр адам баласына таныс. Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы болса. кейбір жандарға жұмбақ әлем болсып қала бермек. Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Себебі кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады. Кітапты оқитын оқырман сол сәттен ақ жан дүниесі керемет сезім баурап. Сол кітаптағы болып жатқан оқиғаның ішіне еніп кеткендей болады. Кейіпкермен мұнайып,күліп,ойнап керемет сәттер қалдырса,ал сол кітаптағы әр түрлі ситуациядан автормен қоса өмірде де шығуға оны қайталамауға тырысады.
Кітап-таңғажайып әлем іспеттес. Бұл әлемде сен өзіңе керекті дүниелерді алып қана қоймай,сол әлемде болған қателіктерді шынайы өмірде жібермеуге күресесін.
«Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз.
Қазіргі заманның талабы өте өзгеше. Өткені біздің қазіргі мақсатымыз 30 озық елдің қатарына кіру. Ал осы алып мемлекеттердің арасында жырқырап тұру үшін аянбай еңбек етіп,білім жолында тер төгуіміз керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. Бұл сөздер бекер айтылмаған. Себебі кітап-озық елдің қатарына кірудін басты кілті деп ойлаймын......