Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер Сабақ тақырыбы: Көпмүшелерге амалдар қолдану 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.9 көпмүшелерге қосу және азайту амалдарын орындай алады; 7.2.1.10 көпмүшені бірмүшеге көбейтеді; Сабақ мақсаттары: Көпмүшелерді қосу және азайту , көпмүшені бірмүшеге көбейту амалдарын қолдана алады;.....
Дана халқымыз «Қарты бардың қазынасы бар» деген сөзді бекер айтпаған. Шежірешіл,батагөй қарттар қай жерде де елдің берекесін кіргізеді,өмірдің ыстық-суығын бастан өткізген аталардың кейінгіге айтары да көп болады. Оның үстіне ағайынның бірлігін, ауылдағылардың ынтымағын сақтайтын ардагер ағаларымыз қашан да ел арасында құрметке бөленіп жүреді. Міне, Ұлы Жеңістің де 70 жылдық мерекесі келіп қалды. Осыған орай, баспасөз беттерінде жарияланған әрбір мақалаларды оқи отырып өз атамды еске аламын. Атам туралы шығарма жазсам деп, ойланып жүргенімде, біз күтпеген үлкен жаңалық болды. Ақтөбе қаласының тұрғыны осы суретті біздерге тапсыруды аманат етіп, Мәдениет ауылының тұрғыны Болат ағайдан беріп жіберіпті. «Өлшенген өмір бар»,-деп Майлықожа ақын айтқандай, менің атам жетпіс алты жасында 2001 жылы өмірден өтті. Атам 1925жылы қазіргі «Таң» шаруашылығын қамтитын ауқымдағы елді мекенде туып , 1943 жылы Қармақшы аудандық комиссариаты арқылы әскерге алыныпты. Соғысқа аттанғанда он сегіз жаста болыпты. Қиыр Шығыстағы әскери бөлімдердің құрамындағы 9-атқыштар полкінде болған. Жапонияға қарсы соғысып жатқанда жараланып, госпитальға түскен. 1950 жылы елге оралып, Қызылорда медучилищесіне оқуға түсіп, оны 1953 жылы бітіріпті. Оқу орнын бітіре салысымен ауданымызда денсаулық сақтау саласы бойынша қызмет етіп, 1985 жылға дейін осы салада жұмыс атқарған кісі......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары Сабақ тақырыбы: Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.6.1.1 Желінің өткізу қабілетін білу 8.1.2.1 Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру. 8.6.2.1 Сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіну Сабақ мақсаты: • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру. • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіну • Желінің өткізу қабілетін білу.......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ықтималдықтар теориясының элементтері Сабақ тақырыбы: Мәтіндік есептерді шығару. Геометриялық ықтималдық 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.2.5 геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдану Сабақтың мақсаты: Оқушыларға: -Геометриялық фигуралардың ауданы ұғымын геометриялық ықтималдықты есептеуде қолдануды үйрету; -Геометриялық ықтималдық ұғымын қолдана отырып, мәтіндік есептерді шешу дағдыларын дамыту.......
Мен қазіргі таңда мектеп қабырғасында, яғни 11 сыныпта оқып жүрмін. 7 сыныптан бастап, ағылшын тіліне деген қызығушылығым арта бастады. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым-қатынас тілі болса, ағылшын тілі –халықаралық тіл екендігі барша аян.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үштілділік туралы ең алғаш рет 2006 –жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан еді. Ол кезде Мемлекет басшысы кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын. Одан кейін, 2007-жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Үштілділік» жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастау керектігін ұсынған болатын. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұларалық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономика мен сәтті ықпалдасудың тілі» деген еді Елбасы.
Қазіргі таңда Елбасының басында айтып өткен үштілділікті дамыту барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Ал менің өмірімдегі үштілділікке тоқталар болсам, үш тілде де еркін сөйлей аламын. Сонымен қатар ағылшын тілінде өтетін түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Осындай нәтижеге қол жеткізуіме ағылшын тілінен сабақ беретін ұстазым- Нурмагамбетова Айгуль Байжанқызының еңбегі де орасан зор. Жалпы он бірінші сыныпты аяқтаған соң таңдап отырған мамандығым- ағылшын тілінің аудармашы мамандығы болып табылады. .....
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары Сабақ тақырыбы: Процессор және оның сипаттамалары 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.1 қарапайым деңгейінде процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын түсіндіру Сабақ мақсаты: процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын оқып үйрену.......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4 бөлім: Ықтималдық теориясының элементтері Сабақ тақырыбы: Ықтималдықтың классикалық анықтамасына есептер шығару Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.2.3 Ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және есептер шығаруда қолдану Сабақ мақсаты: Ықтималдықтың классикалық анықтамасын қолданып есептер шығару дағдыларын дамыту.....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар: Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары Сабақ тақырыбы: Дискреттік кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.3.2.14 дискреттік кездейсоқ шаманың дисперсиясын және орташа квадраттық (стандарттық) ауытқуын есептей алады Сабақ мақсаттары: Оқушылар: дискреттік кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын есептей алады.....
Жолда келемін. Поезд зулап келеді. Менің өлкемнің сұлу табиғатына сірә да, адам баласының көзі тойған ба. Анам да терезеге қарап, сыртқа үңілумен отыр. Ал, мен қарсы алдымда отырған бейтаныс жолаушы ананың жүзіне үңілумен отырмын. Бейтаныс жолаушы әлсін - әлсін терең күрсінеді. Күрсінген сайын өзегін өртер өкінішін сыртқа шығарғысы келгендей болатын сияқты. Мұңға толған жанарын аударып – төңкеріп бір орынға тұрақтата алмай отыр. Өте беймаза күй кешіп отырғаны айдан анық сезіліп тұр. Жолсеріктің келер жағына көп қарайды. Бір кезде, көптен күткен адамы көрінгендей орнынан ұшып түрегелді. Жолсерік келе жатыр екен. Кейуана оған қарай қарсы жүрді. Бөгделердің әңгімесіне құлақ түрудің әдепсіздік екенін білсем де, естіген құлақта жазық жоқ қой, жолсеріктің даусын анық естідім. «Бәрі жақсы, ұйықтап жатыр» деді жолсерік кейуанаға. Ана қайтадан орнына келіп отырды. Бірақ, көңілінде алаң бар. Тыншымайды. Жүзіне барлай қарағанымда денемді ток ұрғандай шошып кеттім.
Ананың бір нүктеге қадалған көздерінен жас парлап отыр. Орнымынан ұшып тұрып, кесеге су құйып бердім. «Сізде бәрі дұрыс па, су ішесіз бе?». Ана басын шайқады. Ауыр – ауыр күрсінеді. Ол күрсінген сайын менің де жаным ауырып кетеді. Байғұс ана шыбын жанын қоярға жер таппай отырғаны бесенеден белгілі. Әттең, шемен боп қатқан шерін ішке сақтамай сыртқа ақтарып тастаса ғой. . Менің анам мұғалім. Ол кісі адам баласының жан дүниесін түсіне білетін кең жүректі адам. Ол кіммен болса да тіл табыса алады. Анама қараймын, анам маған қарады. Бір – бірімізді үнсіз түсіністік. Анам жайлап кейуананың қасына жақындады. Шайға шақырды. Дәм ұсынды. Кейуана еш нәрсеге қол тигізбеді. Есесіне, «рахмет, рахмет, Алла разы болсын» деген сөзді жиі қайталады. Менің анам «Сізге қандай көмегім керек, апа, қатты қиналып отырсыз ғой, іште сақтаудың қажеті жоқ, қайғы бөліссе жеңілдейді, апатай» деп, кейуанаға жақындай түсті......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары Сабақ тақырыбы: Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.6.1.1 Желінің өткізу қабілетін білу 8.1.2.1 Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру. 8.6.2.1 Сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіну Сабақ мақсаты: • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру. • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіну • Желінің өткізу қабілетін білу.......