Шығарма: Патриот болу - парызың

Патриот-Отанның мерейін үстем ету жолында , өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын,өмірін аямайтын адам.
М.Ф.Ахундов

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады:олар бір-бірін жатсынбайды, бір-бірін құрметтейді, қиын кезде көмектеседі, қол ұшын береді және қуанышына ортақтасады. Біз Қазақстанда еркін өмір сүріп жатырмыз. Ол біріншіден,найзаның ұшымен қорғаған,түн ұйқысын төрт бөлген ата-баба арқасы болса, екіншіден, елбасымыздың көрегендігінің жемісі. «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген мақал бар. Расында да, отан үшін жаныңды қисаң- ол үлкен абырой, нағыз ерлік. Тарихта мәңгі өшпейтін ерлік! Ал сол Отанды қорғау үшін патриот болу керек.

Патриот дегеніміз кім? Патриот дегеніміз- еліңді, жеріңді, халқыңды сүю, олармен мақтану, оларды үлгі тұту және кез келген ортада құрметтеу. Ал бұл отансүйгіштікке бізді тәрбиелейтін ата-анамыз және әрине ардақты ұстаздарымыз. Мектеп табалдырығын аттағанда алғаш рет әнұранды орындағанда, мен қолымды жүрегіме қойып, жауапкершілікті сезіндім және де қазақ мектебіне барып, қазақ тілінде сөйлеп, өз тілімізде білім алғаным үшін мақтанамын. Патриот болудың ең бастысы көзі де осында. Ал кітап оқу арқылы бұл қасиеттердің барлығын бойымызға дарытамыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тіл - елдігіміздің іргетасы

«Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!» - деп жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі айтқандай, мемлекеттік тілімізді, сонымен қатар, өзге тілдерді үйренуге, білуге талпынуымыз тиіс. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ.Оның да шығу тегі бар. Қазақ тілі «түркі тілдері» деп аталатын үлкен тілдердің тармағы. Әр адам өз ана тілін білуге міндетті. Сол арқылы мемлекеттің тұтастығын, бірлігін, ынтымағын қамтамасыз етуі керек. Тіл мен дінді өрістетуде халық тартынып қалмауы тиіс. Өйткені, тіл - ұлттық қазына, ұлттық мұра. 1913 жылы жүрегі «елім» деп соққан патриот ақын Мағжан Жұмабаев:

«Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,

Ақ қолыңмен тарта аласың сен, тілім!» -деген болатын. Шынымен, қазақ тілі жарық көрмей қараңғыда ұзақ жатты. Сөйтсе де, қазақ тілі таза әрі өткір болған. Сонау жылдары ұмыт қалған елді тек тілдің құдіреті арқылы қайтара алдық......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік
Сабақ тақырыбы: Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1 стереометрия аксиомаларын және олардың салдарларын білу; оларды кескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- стереометрия аксиомаларын, олардың салдарын біледі;
-математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын кесіндейді және жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Малыбекті жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла деп бастаймын,
Одан кейін зарымды.
Өміріме өрт кетіп,
Ай менен күнім жабылды.
Замана ақыр орнады,
Кең дүнием тарылды.
Жалғызымнан айрылып,
Болып тұрмын шабынды.
Ұшырғаны-ай Құдайым
Басымдағы бағымды.
Жас басымды қуартып,
Сындырғаны-ай сағымды.
Тоты құстай құбылған,
Алып кетті сәнімді.
У мен дертке талатып,
Тастап кетті жанымды.
Санаменен сарғайып,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс анықтамалары мен мәндері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кері тригонометриялық функциялар
Сабақтың тақырыбы: Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс анықтамалары мен мәндері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.3 Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс анықтамаларын біледі және олардың мәндерін табады;
Сабақ мақсаттары: - кері тригонометриялық функциялардың ұғымын беру, түсіндіру;
-кері тригонометриялық функциялардың геометриялық бейнесінің ұғымын беру;
-кері тригонометриялық функциялардың мәндерін есептеу,
табу тәсілдерін түсіндіру;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Мағжанның маржан махаббаты

«Махаббатсыз дүние бос» деп Абай атамыз айтпақшы, махаббат-ұлы сезім. Әр адам өмірде түрлі сезімдерді бастан кешеді. Сәби дүние есігін ашқаннан бастап жан-жағында болып жатқан іс-әрекеттерге,жанындағы адамдарға деген қызығушылық,әлемді тануға деген ұмтылыс болады. Өсе келе ол ата-анасын,туыстарын танып,оларға деген ыстық махаббатты сезінеді. Жаңа достар тауып,мектеп табалдырығын аттайды. Білім алуға құлшынысы артып,алдына мақсат қояды. Достарына,ұстаздарына,жақындарына деген бір ыстық сезім болады. Бұл-махаббат. Махаббат-ізгі сезім,нәзік сезім. Бұл сезім белгілі бір жанға немесе жаныңа жақын істерге ашылуы мүмкін. Ал ғашық болу-одан да ыстық. Сен ғашық болған сәтте әлем өзгеріп,құлпырып сала бергендей болады. Сенің көзіңе ерекше сұлулық елестейді. Тек жақсылықтарды ғана көресің. Ал өзің ғашық болған жан ең ерекше,дара жан болып көрінері сөзсізү. Ол жанның тек ерекшеліктеріне мән беріп,кемшіліктерін көрмеуге тырысасың. Тіпті сол бір жан үшін өз кемшіліктеріңді жоюға тырысасың. Өміріңді сол жансыз елестете алмайтындайсың.Ол-өміріңнің мәні,сәні. Егер бұл сезім оңынан болып,махаббатқа ұласса,ол жан сенің бір бөлшегіңе айналады. Ғалымдардың айтуынша «жүрек қателеспейді». Ендеше,таңдау жасар алдында ең бірінші жүрек үніне құлақ түру керек деп ойлаймын.

Махаббат тақырыбына поэзиясының бір бөлігін арнаған «Алаш» партиясының мүшесі,біртуар ақын Мағжан Жұмабаев болып табылады. Мағжан Жұмабаев тек әлеуметтік мәселелерді қозғап қана қоймай, махаббат туралы «Жас келін» ,«Зарлы сұлу», «Сүйгенім», «Алданған сұлу» секілді өлеңдер жазған.

«Сүйгеніме» өлеңін,аты айтып тұрғандай,махаббатына арнаған. Өлең жолдарындағы «Жандым-күйдім,сені ойлап,дамыл көрмей,Еш жанға сенен басқа көңәл бөлмей» деген сөздерден оның өз сүйгеніне деген адалдығын анық байқауға болады.Бұл өлең жолдары жай ғана махаббат емес,баянсыз,сұсты,қатал махаббатты көрсетеді.Өйткені,бұл-жауапсыз махаббат.Сенің күні-түні ойлап жүрген адамыңның саған ешқандай сезімі жоқтығын,сезіміңе жауап қатпайтындығын білу,әрине,өте қиын. Өлеңнен «Өміріңше «кет әрменнен» айырмадың!» деген жолдарды оқимыз. Осы екі ауыз сөздің өзі сүйектен өтеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Абай шығармашылығындағы бүгінгі қазақ

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Абай Құнанбаев

Абай – қараңғы қазақ көгіне нұрын шашқан дана дария. Ақиық жан өзінің өнегелі өлеңдерінде халқымыздың тұрмыс – тіршілігімен сабақтасып келе жатқан кертартпа мінездеріне тоқтау салып, жастардың жарқын болашағына үлкен үміт артады. Жүрегінің түбіне терең бойлауға шақырған дара тұлға байырғы жұртымыздың көзге көрінерлік кемшіліктерін қара сөздерінің адуынды күшімен жаза білді. Сол сарқылмас мол мұраның толқыны бүгінгі жаңа заманның жағалауына келіп, алыс айға талпынған жас жүректерді бұрыс жолдың бағытына мойын бұрмай, даналардың жолымен жүруге үгіттейді.

Бүгінде Абай армандаған жас буындардың бейнесі қалай қалыптасып келеді? Қазіргі таңның жарқын мақсатын болашақпен байланыстыратын ХХІ ғасырдың өрендері өресі кең бабаларымыздың дала төсіне сіңген үні мен жаһандану жаңғырығының арасында қайсысының айтар ойына құлақ түрерін білмей адасып жүр. Шартарапты шарқ ұрған шағаладай арпалысқа түсіп жүрген жастар әлемдік даму жолын ұлттық дәстүрлерімізбен сабақтастыру үшін не істеуі керек? Бұл сұрақтың жауабын махаббатты ғадауатпен майдандастырған ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінің терең толғанысты шумақтарынан табуымызға болады.

Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп,

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық,.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Еліміздің келешегіне кепіл болған тұңғыш елбасы

Қазақстан енді ғана дамып келе жатқан мемлекет болғанымен, қысқа уақытта көптеген жетістіктерге жетті. Әлемнің алпауыт мемлекеттеріне де тек жақсы қырынан көрінуде. Және бұған септігін тигізден бір де болса бірегей тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды қиын –кыстау кездерден, яғни алғаш тәуелсіздік алған кезде саяси біліктілігінің арқасында алып шықты. Кейіннен 1997 жылы «Қазақстан 2030» стратегиясын ұсынып, мерзімінен бұрын дамыған 50 елдің қатарына қосты. Сонымен қатар еліміздің тек әлеуметтік -саяси және ішкі- сыртқы экономикасын....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.3.3 координаталарымен берілген векторларға амалдар қолдану.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар координаталарымен берілген векторларға амалдар қолдануға
байланысты есептерді шығарады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0