Шығарма: Ерлердің халқына деген махаббаты

Ұлы Отан соғысының ардагері Жүнісов Солтан Жүнісұлы 1926 жылы 25 қыркүйекте Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында дүниеге келген.2004 жылдың 27 тамызында дүние салды, Әбжан ауылында жерленді. Көп жыл бұрын Германияның астанасы – Берлиннің іргесінде қатал ұрыс жүріп жатты. Біздің жерлесіміз, жас жауынгер қатардағы Жүнісов ең қызу орында, Қызыл Армияның алдыңғы отрядтарында болды. Бірақ амал не, оған бұл ұрысты аяқтау сәті түспеді, ол ауыр жарақат алып, тікелей ұрыс алаңынан госпитальға жіберілгендіктен, қаланы алу онсыз өтті. Солтан Жүнісов біздің ауданымызда туды. Оның балалық шағы жеңіл болмады. Ата-анасы есінде жоқ, олар үш баласын қалдырып соғыс басталардан көп бұрын қаза тапты. Және ол үлкен ағасымен және апасымен әкесінің інісінің қолында тәрбиеленеді. 1941 жылы радиодан қауіпті хабар – соғыстың басталғаны туралы хабарлады. Алғашқы күндері ағасы майданға кетті, көп ұзамай оның қайтқаны туралы қара қағаз келді. Бірақ ұзақ қайғыруға болған жоқ, 1942 жылы он жеті жасар Солтанды армияға шақырып әкетті. Алматы қаласында төрт ай оқытқаннан кейін оны алдыңғы шепке жөнелтеді.
- Түнде бізді әскери эшолонға отырғызды, дейді ол, - сөйтіп алып жөнелді, ал қайда алып бара жатқанын біздің өзіміз де білмедік. Бір-екі күннен кейін әлдебір орманның жанына түсіріп, біздің алдымызға бір төбе киімдер қойды және киінуге бұйырды, сонан соңсапқа тұрғызып алып жүрді. Сол минөттерден оның: ауыр да қатал болған жауынгерлік жолыбасталды. Ол өзі бүкіл қызмет еткен уақытта Ш Белорус майданының 13-дивизиясының құрамында жаяу әскер болды....
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Алмат Қодасбаев

Кодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, РМА ассоцияланған профессоры. Қазіргі таңда – Алматы қаласының қалалық кардиологиялық орталығының директоры.

1996 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітіріп, дәрігер-хирург мамандығын меңгерді.
Интернатурадан Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада өтті. Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Іле аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастады. 1998 А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың үш жылдық аспирантурасын тәмамдады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Ер ерлігі – бізге үлгі

Адамзат баласы айрықша атап өтетiн есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Соның ішінде Мамырдың 9-ы ең шоқтығы биiк жасампазы, ең салтанаттысы, бiрегейi. Ұлы Жеңiс мерекесi - бір жағынан қуанып, бір жағынан ұрыста опат болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күн ретінде атап өтіледі. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi басып кіріп соғыс ашқан фашистiк Германия 1945 жылғы мамырдың 9-ында тізе бүгіп, жеңіліске ұшырады. Рейхстагқа Жеңіс туын қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың 30 сәуірде тігіп желбіретті. Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды! Жеңіс күні тарих қойнауына тереңдеген сайын халықтың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігінің, мұқалмас қажыр- қайратының, ынтымақ-бірлігінің тарихи мәні мен маңызы арта береді. Ұлы Отан соғысы ә дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге біркісідей көтеріліп, елін жерін қорғап қалды. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығы мен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді, өшіге, өршелене шабуылдады. Біздің ел тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жетті.
Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтар өзге де халықтармен бірге, қолына қару алып, жерін, елін қорғауға аттанды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96648 қазақстандық жауынгер ордендерімен, медальдармен марапатталды. Бұлардың ішінде 509 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алса, солардың ішінен облысымыздан 47 адам, ал ауданымыздан 4 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олар Таштемір Рустемов, Ботабай Садықов, Зиямат Хусанов, Владимер Вишневецкий. Жерлестеріміз қанды шеңгел дұшпанмен ерлерше шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары ауданымыздан 20195 адам майданға аттанып, соның 8115-і еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін сұрапыл соғыста қаза тапты....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Бірер сөз

Туған жер-тұңған шежіре

"Туған елдің түтіні күйесіз" дейді ғой?
Әсте, сұңқар да қиясын,торғай да ұясын аңсайтыны белгілі ғой. Себебі сол табиғаттың заңы осы. Ғұмыр-дариямызда өлшеусіз толқыны тербелген туған жер жайлы алыста тұрып-ақ жазарым жетерлік..Айтарым көп-ті. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де менің өскен жерім жұмақ мекен. Жо-жоқ, бәрі айтатын "жұмаққа" емес менің "жұмағыма" төрлетіңіз ендеше.!
Туған жер-адам табиғатының тынысы. Менің балалық шағымның жұмағына айналған бұл мекеннің ауасы түгіл шаңынан жұпар аңқиды. Шуылында бір жанға жайлы тыныштық бар. Ал,күздегі ескен самалынан бір сырды ұзуға тиіссің! Терезе бойындағы тал-теректен,
шашылған жапырақ бетінен шабыт алуға мәжбүрсің! Мал-жанның, құс тіршіліктің, тау-тастың, құбылған ауа-райының бір күндік ішкі дауысынан хабарыңыз болар ма? Әнге баладым өз басым.Тұнып тұрған табиғаттың таланты.Тіпті бір шығарма дерсіз! Автор табиғат секілді. Еріксіз,себепсіз еліңе деген алай-дүлей белгісіз сезімдерің қаламыңа тұсауланбай, жүрегіңе үстемдік етпей тұрмайды-ау,сірә! Қанатты кеңге, қиялды шыңға апаратын бұл сезімнің рухы биік қашан да.......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Үй керек

Үй – адамның басты баспанасы. Адамзат баласы жұмыр жер бетіндегі тіршілік атаулының биігі – адам болып жаралып, таспен тасты үйкеп от жаққаннан, қайла ұстап қайратын жұмсағаннан бері үй жасауға құмар. Бұл құмарлық ыстық пен суықтан, түрлі сыртқы күштерден қорғануға деген биологиялық, қала берсе, қарапайым тұрмыстық қажеттіліктен келіп шықты. Есте жоқ ескі заманда баспана үңгірден басталып, кейін ұра, одан беріректе лашық, жаппа, киіз үй болып жалғасып, келесі сатыда іргетасы қаланып, керегесі көтерілетін қазіргі тұраққа келіп табан тіреді.

Қазақ тілінде «үй» сөзі «шаңырақ», «отбасы», «түтін», «үй іші», «отау» және «баспана», «қоныс», «тұрақ», «жай», «там», «пана» деген сөздерге синоним ретінде қолданылады. Алғашқы синонимдік қатардағы ұйытқы сөздің «отбасы» екеніне қарап қазақ атамыз материалдық құндылықтардың бәрін отбасы құндылығының алдына әкеп басын идіріп, соған қызмет көрсеткізіп, қажетіне жаратқанын аңғарамыз.

Үй әрбір адамға керек. Өң мен түсі түрлі-түрлі, ниеті мен пейілі әр қилы адамзат баласының бір бөлігі басқа түскенге баспақшыл деп немесе тағдырына наласын жаудырып тулақтай болса да тұрақ-жайға жете алмай зар, бір бөлігі барына қанағат етушілер, қалғаны баспанасы бар болу деген бақытты баяғыда-ақ ұмытып кеткендер. Тіпті кейде жылдар бойы жабық тұрған үйлерінің кілтін қайда қойғанын әлдеқашан есінен шығарып алғандар «кілтсіздерді» де кездестіреміз.......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы

Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы,
Біз оны көп айтармыз жоқтап әлі,-деп бір кездері Әбділда ақын жырлағандай Алланың берген саналы ғұмырын асқан парасаттылықпен пайымдап, тынымсыз тірлікпен терлеп, елеулі еңбекпен көгеріп, жан-жағын қаумалаған қауымға сыйластықпен сән түзеп, өзінен кейін өшпестей із қалдыруға бекініп, жай отындай жарқ етіп, мынау фәниден мезгілсіз мизам боп ұшып кететін, санада қаққан қазықтай қатталып қалатын ерекше жандарды таңды таңға ұрып жырлап біте алмайсың... Сондай жанның бірі әрі бірегейі Сарысу ауданының сары даласында Жаңа-арық деген өнегелі өлкесінде 1965 жылы шыр етіп дүние есігін ашқан, ес білген шағынан ортасында озық ойымен оңашаланған, зеректігімен зерделенген, қабақ шытып көрмеген, өмірде өзіндік қалпынан өзгермей, адалдық пен аңқылдаған ақ жүрек пейілінен айнымаған қайсар қыз Зияш Тұзақбайқызы. Бала күнінен әдеби кітаптарға аңсары ауып, тауып сөйлейтін сөзшеңдігімен ел құлағын елең еткізген есті қыз алтын ұя мектебінен түлеп ұшып арман қуып қазақи ұлттық құндылықтардың қаймағы бұзылмаған шырайлы Шымкенттің педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп оны ойдағыдай тәмамдайды. Бірге оқыған курстас құрбы қыздары Зияшпен университет қабырғасында және жатақханада өткен әр күндерін тәтті ертегідей ерекше еске алып отырады.

Ол кездері жаңадан оқу бітірген жас мамандарды қолына бір жапырақ қағазын ұстатып ұстаздықтың ұлы ісіне белсене атсалысуға бағыт беріп, шалғай ауылдарға жіберетін болған. Машақаты мол мамандықты бір кісідей игеріп, игілікті істі иіруге икемділік танытқан инабатты бойжеткен Комунар мектебі яғни қазіргі Шоқай датқа атындағы орта мектепке жолданады......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс арифметикасына үңілсек

Адамзат тарихында айрықша орын алатын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толғалы отыр. Ұлы Отан соғысы! Ұлы Жеңіс! Осы екі сөз бір-бірінен ажырағысыз. Қазір кім қалай десе де Кеңес Одағы бақайшағына дейін қаруланған фашистік Германияны тізе бүктіріп,тек өздерін ғана емес бүкіл әлемді құлдық бұғаудан құтқарып қалды. Ұлы Жеңіс бізге оңайға түскен жоқ. Оған 35 миллиондай адам қатысып, соның 20 миллионнан астамы опат болды.Қазақстандықтар бұл сында қаһармандық көрсетті. Кеңес әскері шайқастың алғашқы күндері тәулігіне 24 мыңдай адамнан ажырап отырды. Сөйтіп алты ай ішінде шығын 3 миллион 138 мыңға жетті.
Офицерлер құрамы Қазақстанда даярланған кадрлар есебінен толықтырылып отырылды. Елімізге уақытша көшірілген оқу орындары түлектерін қоса есептегенде орта есеппен 60 мыңдай офицер мен 25 мыңдай сержант бізде,әзірленіп шықты. Елімізде 12 атқыштар дивизиясы,7 атқыштар бригадасы мен 4 атты әскерлер дивизиясы жасақталды. Сондай-ақ 2 артиллерия,4 миномет, 3 авиаполк,14 арнаулы батальон мен рота құрылған.
Соғыс жылдары майданға 13131 жүк автокөлігі,мыңға тарта жеңіл мәшине, 1538 шынжыр табанды трактор,110428 сәйгүлік және 16125 жүк тартатын аттар жіберілді. Қазақстандықтар тылда да аянбай еңбек етті. «Бәрі де майдан үшін,Жеңіс үшін» деп күні-түні жұмыс істеген тыл еңбеккерлері бүкілхалықтық қорғаныс қорына 4 миллиард сомнан астам қаржы аударған. Алғы шепке 1600 вагон сәлемдеме мен сый -сияпат жіберген......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілі Ел

Тұғыры биік, Тәуелсіз елім - Қазақстан Қазақ тарихы – XIV-XV ғасырлардағы Керей мен Жәнібектің қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет құруынан бастау алады. Ата – бабаларымыздың төккен маңдай терінің, еткен еңбегінің арқасында бүгінге жетіп отырмыз. Бұрынғы зиялы қауым өкілдері қалың бұқараның санасын оятты, қиындыққа қарсы күрес тәжірибесін молайтты, саяси аренада қазақ елін танытты . 1986 жылы жалынды жастарымыз да тәуелсіздік жолында құрбан болып кеңестік билікке қарсы шықты. Әміршіл – әкімшіл жүйеге қарсы шыққан жастардың демократиялық қозғалысы жеңіліске ұшырағанымен, қазақ жастары нағыз жігерді, бостандықты, нағыз тәуелсіздік жолындағы күресті көрсете білді. Таусылмас күш–жігердің, сарқылмас ерліктің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәңір сыйлаған тіуелсіздігімізге қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізге жету үшін көзсіз ерлік жасап, өз күшімізді сарп еттік. Жас мемлекет алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Бірақ қазақ елі аз уақыт ішінде гүлденіп, тамырын тереңге жая білді. Өсіп-өркендеу үшін тың жобалар мен ауқымды идеялар жүзеге асырылды. Қазақ елі көзді ашып жұмғанша өз еңсесін тіктеп үлгерді. Жүз отыз ұлт пен ұлыстың басын бір шаңырақ астына біріктіріп, бірлік пен ауызбіршілікте өмір сүруде. «Шешен - сөз бастайды, көсем – қол бастайды» демекші, қазақ елінің көсемі бола білген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кемелді келешегімізді ауқымды идеялармен өрнектеп, бағыт-бағдарымызды анықтап берді. Елбасымыз әр кезеңде келешекке үлкен мақсат қойып, көптеген міндеттер жүктеді. Бұл ауыр жүкті көтеру жастарға да міндеттелді. Болашаққа қадам басар алдында жастардың рөлі зор еді. «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050», «Нұрлы жол, «Болашақ» бағдарламалары ел дамуына елеулі үлес қосып, бойыңа – қуат, ойыңа – қанат бітіргендей болады. Қазірде елеулі жұмыстың нәтижесінде бүкіл әлем Қазақстанды мойындап отыр. Жаһандану заманында алпауыт елдермен іргелес, тереземіз тең, бәсекелес болып отырған жайымыз бар. Осының бәрі – «Нұр аға» деп құрметтейтін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің кемеңгер саясаты мен кемелді идеяларының арқасы. Елбасын бүкіл қазақ елі, тіпті бүкіл әлем зиялылары мойындаған. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жемқорлық

Жемқорлық-екі сөзден құралған,

Жамандықтың тамырынан .

Жетелеген арам ойы талайды

Шырмауықтай өмірі де шырмалған.



Жемқорлық сөзі , адамға естігенде құлаққа жағымсыз, жасағанда қасірет, ұсталғанда түрме екенін түсіне ме екен?

«Жемқорлық» аты айтып тұрғандай өміріңіз қорлықпен өтетін айтпаса да белгілі.

Жемқорлық адамға бала кезден басталуы мүмкін. Соған үйренген бала болашақта оңай жолмен ақша табуды құмартады. Қазіргі біздің Қазақстанда дамып келе жатқан індет десем артық айтпас едім?

Неге? Өйткені дипломмен ауылға жастар келеді, жұмысқа тұру үшін ақша тамыр-таныскерек. Ақша табу үшін 1-2 жыл (жігіттер) қара жұмыс істеп ақша жинап жұмысқа тұрады. Ал ол дипломы мейлі көк мейлі қызыл болсын шындықпен шырылдап, білімін көрсетіп алған білімгер болса өз мамандығымен жұмыста істей алмайды. Осы сұрақ мені қатты мазалайды. Мекеме басқарып отырған басшылар оның креслосы жеке меншік дүние деген көзқарас қалыптасқан. Жеке меншік дегеніміз өзінің дегенін жасайды деген мағына.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Болашаққа ұмтылсаң тарихқа назар аудар

Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Уақыт көндіргісіз зымырап барады. Уақыт өте әлем де өзгереді, бірақ естелік мәңгі… Біз – қазіргі буын, өз тарихымызды жасай отырып, өз халқымыздың өткеніне әсер ете алмаймыз, бірақ есте сақтауға міндеттіміз. Ғасырлық тәжірибені, ғасырлық мәдениетті, тарихи шекараларды, өткенді жаңа уақыттың призмасы арқылы қарастыра отырып, пайдалана келе, біз сабақ алдық. Ал естелік сезімтал болуға мүмкіндік береді. Ұлы Отан соғысы еліміздің барлық халықтары үшін қатал сынағы болды. Жеңіске жету үшін қаншама құрбандық болды. Алайда, ол адами сананың, еркіндік сүюдің нағыз салтанаты болды, жоғары ерлік пен өзін өзі құрбандыққа әкелу үлгісін көрсетті.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толғалы отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс.......
Шығармалар
Толық
0 0