Өмірбаян: Әсет Исекешев Өрентайұлы (1971 жылы 17 тамыз)

Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы 17 тамыз күні Қарағанды қаласында туған. Білімі – жоғары, әскери атағы – запастағы лейтенант.
"Мен – дәрігердің ұлымын"
Әсет Исекешевтің ата-анасы кім, қайда қызмет еткен, қандай кәсіпті игергені туралы ақпарат көп айтыла бермейді. Тек Исекешевтің өзі Астана қаласындағы үздік дәрігерлерді марапаттау кезінде анасы дәрігер болғанын айтқан еді.
"Дәрігердің жұмысын жақсы білемін. Жәй естіп қана қойған жоқпын, қандай ауыр жұмыс екенімен жақсы таныспын. Себебі, мен – балалар дәрігерінің ұлымын" — деген еді ол дәрігерлермен кездесуінде.
Оның 1968 жылы туған ағасы бар, аты-жөні – Ерлан Исекешев. Ал, әкесі – Өрентай Исекешев қайтыс болған, өмірін энергетика саласына арнаған адам....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік ұмытылмайды

Біз – бейбіт елдің ұланымыз
4 жылға созылған бұл шайқасқа 71 жыл! Жеңістің тәтті дәмін татып отырғанымыз сол жылдарда жер үшін, ел үшін шайқасқан ата-аналарымыз бен аға-тәтелеріміздің арқасы деп білемін! Оларға мың алғыс! Сол бір жылдардағы ауыр күндерді бастан кешіріп, осы күнге дейін көзі тірі атаәжелерімізге көп көмек көрсетілуде. Оларды қанша мадақтасақ та, мадақтасақ та жеткіліксіз. Олардың ерлік істері ешқандай алтынмен, күміспен теңеспейді. Тарихи деректерге сүйенсек, осыдан 75 жыл бұрын, 1941 жылдың 22 маусымында таң алдында фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасаған. Бұл күн –тарихтағы ең қайғылы күндердің бірі. Соғыс басталған кезде Кеңес Одағының батыс шекарасын қазақстандықтар күзетіп тұрған, олардың көбі әскерден елге қайтулары керек болған.Сұм соғыс олардың жоспарларын іске асырмай тастаған. Соғыстан тірі қалғандар партизандар қозғалысына қосылған. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған. Басынан аяғына дейін мұздай қаруланған гитлершілдер соғыстың бас кезінде миллиондаған әскер мен мыңдаған техниканы шабуылға шығарған. Оған дейін бірнеше мемлекетті басып алған жау Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта зор майдан шебінде соғыс ашқан. Гитлер және оның әскерінің көздегені – әлемдегі тұңғыш социалистік мемлекетті басып алып, Кеңес елін қол астына алу болатын. Бірақ, кеңес халқы өз Отанын, елін жауға таптатпай қасық қаны қалғанша күресе білді. Халық Коммунистік Партияның басшылығымен әділетті азаттық соғысқа бірігіп көтерілген. Осы соғыста Қазақстан халқының, қазақ батырларының үлесі өлшеусіз болған. Соғыс тек майдан даласында ғана емес, тылда да жүрген. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріліп,елімізде қорғанысқа қажетті металдар өндіріліп, жауға атылған әрбір 10 оқтың тоғызы елімізде құйылған...
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар теңсіздіктер (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері
Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңсіздіктер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.3 екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу;
Сабақ мақсаттары: Екі айнымалысы бар сызықты теңсіздіктерді шешуді үйрену.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Бала - бақытың

«Бала – бауыр етің» деп бекер айтылмаған. Дүние есігін мен келдім деп, тірлік иесі екенін аңғартып, ертеңгі еліміздің болашағы екенін білдіртіп айқайлап ашатын, кішкене ғана қызылшақаны әр ана жүрегі елжірей, мейіріміне қарсы алатыны баршаға аян. Келе сала айналаны қарманып анасының омырауын іздей бастайтыны, аузына ана сүті тиісімен өзінің кәнігі ісіне кірісіп кететін, ал ананың алпыс екі тамырын иітіп берген ақ сүтіне тойған бойда балғын иісі бұрқырап, албырай ұйқыға кететін сәбиіне кім еміренбейді дейсің?

Дүниеге сәби әкелу әр ананың бақыты. Сәбидің тәтті үнін дүниеде еш нәрсе алмастыра алмайды. Талай жанның өмірін өзгертіп, ата-ана болу бақытын сездіретін жұдырықтай шақалақтың құдыреті шексіз. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін деген еліміз». Әр бала өз несібесімен келеді деп баланы шектеуді де жөн көрмейтін қазақ емеспіз бе?

Жұмыстан шаршап келгенде сәбилеріңнің құшақ жая жүгіргені, сәл нәрсеге өкпелеп, сәл нәрсеге шаттанатын тәтті қылықтары шаршағаныңды ұмыттырып, шаңырағынды шаттыққа толтыратын тағы бар. Баланың үйге кіргенде көзімен іздейтіні де, алдымен сұрайтыны ол ата-анасы. Ең жақын қамқор адамдары жанында болса сәбидін жарқын күлкісі, алаңсыз бейқам шаттығы әлемді нұрға бөлеп тұрады. Тәңірім баланы ешқашан анасынан, ананы баласынан айырмашы! Өмірдін мәні ата-ана үшін байлықта емес, сананалы, иманды ұрпақта. Ата-ана әрқашан баласымен мақтанып, марқаяды. Сондықтан әр ата-ана баласына байлық емес, түзу тәрбие беріп, адами құндылықтарды жинап алуына көмектесу керек. Себебі бала өміріңнің жалғасы, өміріңнің мәні.......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Зулайды менің өмірім

Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.

Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?

Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?

Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?.....
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Асыл ана

Ана бұл – сен дүние есігін ашқанда бар мейірімімен қарсы алатын жан. Сені өмірінің соңына дейін бағып- қағып, өз бойындағы бар асылды сенің бойыңа құюға тырысатын жан. Сенің жан – жақты дамыған ойшыл, саналы адам болуыңа зор үлесін тигізетін жақын ұстазың. Сен ауырғанда оның жаны маза бермей, сен жылағанда жүрегі жылайтын жалғыз жан. Бұл өмірде әрине, бәрі уақытша, тек ананың шексіз махабатынан басқалары. Сені анаңнан артық тірі жан бұлай шексіз сүйе алмайды. Ана бар мейірімді бойына жинаған аяулы адам. Ананың балалары үшін қаншалықты қадірлі, қаншалықты қымбат екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сүрінгенде демеу болар тіреуішің, сені әрқашан ынталандырып, жігерлендіріп отыратын да- ана.

Ана сенің жылағаныңа бей - жәй қарап отыра алмайды. Сенің болашағыңа алаңдап, өмірден көргенін өз баласына жеткізуге тырысады. Ананың табанының астында жұмақтың кілті жасырулы, сонда аяулы алақанында не жасырылған екен?Кім біліпті?! Әйел заты ең мейірімді, ең нәзік жан болғасын ана болу бақыты бұйырған. .....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Ерліктерімен аңызға айналғандар

Ұлы Отан соғысы еліміздің басына ауыр қасірет пен бейнет, азап пен қайғы алып келді.Аналарымыз жылап, бауыр еті балаларын майданға аттандырып, өздері ауыр жұмысқа жегілді. Жеңгелеріміз қимас ерлерін соғысқа шығарып салды. Сәбилеріміз ел басына төнген мына бір қасіретке көндіге алмай, жәутеңдеп қала берді.Ауыл өмірі сондай бір жұпыны, көңілсіз күй кешті. Әйелдер мен қарттар, қабырғасы қатпаған жеткіншектер күн шықпай егіс басына барып, күн ұзақ егін егіп, майданға азық дайындаған. Қас қарайғанда шаршап келіп, сүлделері құрып, омақаса құлаған. Оның үстіне майданнан күнде бір үйге қара қағаз келіп, онсыз да қоңыр ауылды күңірентіп, жоқтаумен тітіркендіріп жіберген. Иә, майданға ұлдарын аттандырған ауылдың тіршілігі осындай болғанмен, майдандағы аға-әпкелеріміз өз борыштарын абыроймен өтеп жатқан. Олар қазақтың қайсар халық екенін дәлелдеп жатты. Еліміз бұл соғысқа бір миллион 366 мың адамды атттандырған. Олардың 5183 қызкеліншектер болған.
Жалпы республикамыздан 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және 2 артиллериялық , 4 минометтік, 3 аавиациялық полк, 14 жеке батальон құрылып, майданға жіберілген. Осындай дивизиялардың бір тобы батыс майданы құрамына еніп, Мәскеуді қорғауға қатысты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отты жылдарды ұмытпайық

Дүниені дүр сілкінтіп, бейбіт жатқан дархан даланы от шарпытқан, ана мен баланы зар жылатып, өксігімен ел тұншықтырған, арлан азаматтарды туған ел топырағынан айырып, бөгде елде жер құштырған Ұлы Отан соғысының залалы әлі де жадымыздан өшкен емес. Бірімізге әке болатын, енді бірімізге ата болатын абзал аталар әлі күнге отты жылдарды күңірене еске алады, түсінде көріп жанталасады. Бірі майданда болып, қыршыннан қиылып жатқан бауырлардың қан жоса болғанын, бомбаның жарылысына тап болып күлінің көкке ұшқанын көріп көз жасын бұлайды. Енді біреулері бұғанағы қатпаған бала бола тұра аналар мен қарттар қатарында тылда еңбек етіп, бауырлар мен ел ағаларының аман- есен оралуына тілектес болды. Әлбетте, қазіргі жас ұрпақ бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі тәуелсіз бақытты заман бірден орнай салмағанын біріміз біліп, біріміз білмей жатамыз. Отты жылдардың естеліктерінен сыр шерткен ата-әжелеріміз бен ата-аналарымыздың әңгімесі, болмаса қан майданда хатталып жазылған көне сары қағаздар мен кітаптар ғана бәз біреулерге ой салып, санасын қозғайды. Бұған құлақ асып, қайсар батырлардың жолын жалғауға уәде ететіндер, өздерінің ел қорғаны бола алатынына кәміл сенетін құрдастар мен замандастар қаншалықты көп екен деп ойланамын. Менің анамның айтуы бойынша, оның нағашы атасы үш ағайынды болған. Олардың ең кішісі 17 жасар бозбала еді. Осы бір үйден кеткен үш азаматтың бірі де қан майданнан оралмады. Бір атаның ұрпағы түгелімен соғыстың құрбанына айналады. Ал өз жұрағаты бойынша, анамның әкесінің әкесі үш ағайындының бірі болып, соғысқа аттанады, бейтаныс елді мекеннен мәңгілік орын табады. Өзге аталар да хабар-ошарсыз кетіп, оралмайды. Елде еңіреп қалған анамның әкесінің анасы сол уақыттағы ашаршылық пен дерттің салдарынан көз жұмады. Бұл бір ғана менің атаәжелерімнің басында болған қасіреттің бөлігі десек, тұтас қазақ елінің қайғысының қаншалықты қалың болғанын елестетудің өзі өте ауыр емес пе? .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жасай бер, Қазақстаным!

Біз елімізбен мақтанамыз. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Біз тәуелсіздік алып, өсіп, өнудеміз.Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналды. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз. Тәуелсіздіктің алғашқы кезінен бастап бүгінгі шаңырағы биіктеген, әлем таныған мезгілге дейінгі басымыздан өткерілген сан алуан оқиғаларға куә болып, қаншама құнды деректерге қанығасыз. Абылай хан дүниеден озар алдында Бұқар жыраумен қоштасып жатты: «Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл бір. Ақбозаттың құнын ер құнына теңегенім жоқ,бұл екі.
Мылтығымның құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын қатын құнымен бір бәс қылып, жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ, мұным үш. Осы үш арман бойымда кетті» деген екен. Абылайдың осы үш арманының ар жағында үлкен философиялық ой, даналық тұжырым бар. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, яғни «Мәңгілік Ел» етем дегенін, ел болашағын тереңімен ойлағанын пайымдатады. Осы Абылай арманы Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен Қазақстан егемендік алғаннан бері соңғы 25 жылдан астам аз уақыттың ішінде орындалып келе жатқанының куәсіміз. Кезінде түркі жұрты қағандары «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» Мәңгілік Елдің іргесін қалап кетсе, дәл осыны жаңа дәуірде, Елбасымыз Н.Назарбаев ХХІ ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта жалғастырып отырғанын атап өтсек артық кетпейміз. Оған Елбасының кешегі Жолдауындағы « Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары- Қазақстан -2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым» деген сөзі айшықты айғақ. Бұл –ел өміріндегі ерекше бір белес......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қытай ойыншықтарының зияны

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Ойын бала үшін — нағыз өмір.Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Ертеректе, заманның қысылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз сабаннан жасалған ойыншықтармен ойнаған. Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр......
Шығармалар
Толық
0 0