Өмірбаян: Иманғали Тасмағамбетов Нұрғалиұлы (1956 жылы)

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер. Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған адам. 1956 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған.
Мұғалім Иманғалиден…
Иманғали Тасмағамбетовтің балалық шағы, оқыған мектебі туралы ақпарат ашық дереккөздерде аз кездеседі. Дегенмен, оның жиырма жасынан бергі өмірі көптің назарында.
Иманғали Нұрғалиұлы 1979 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен түлеп ұшқан. Мамандығы – география және биология пәнінің мұғалімі. Ең бірінші жұмыс орны – өзінің ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Кейін сол Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Арада он жыл өте, 1989 жылы Иманғали Тасмағамбетов ұстаздығымен қатар, қоғамдық қызметте бас көрсете бастайды. Ең алдымен «лениншіл» жастардың жанынан табылады (Қазақстанның Лениншіл коммунистік одағы орталық аппаратының бірінші хатшысы қызметі). 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Қайрат Майтеков Амангелдіұлы

Майтеков Қайрат Амангелдіұлы - кәсіпкер

Қайрат Майтеков «Туған жерге тағзым» акциясы аясында туған жеріндегі әлеуметтік нысандарды жөндеп, матриалдық базасын нығайта түсуге көмектесіп жатқан түлектердің бірі, ірі көлемде қаржылай қолдау көрсетіп, мектептің жоғын түгендеп берген кәсіпкер. Одан өзге сыныптасы Әлімбек Сейдуллаевпен білесіп өздері білім алған Ақтөбе қаласындағы №3 мектепте әлемдегі ең тиімді бағдарламалардың бірі — «Britannica» технологиясы бойынша 33 тілді оқытатын тіл зертханасын ашып берген.

Қайрат Майтеков 1974 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1991 Қазақ Мемлекеттік аграротехникалық университетіне "экономист-менеджер" мамандығы бойынша оқуға түсіп, сәтті аяқтап шығады. Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе қаласында «Казпроммаркет» ЖШС бастап, іскерлігі мен еңбекқорлығының арқасында қызметтік жолында үлкен жетістіктерге жетеді. Қазір «МАКСИМУС» ЖШС директоры.
Үлкен қызметте жүрсе де ешқашан туған ауылын ұмытпаған азаматтардың бірі осы Қайрат Амангелдіұлы. Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектептің 1991 жылғы түлегі жақында 150 миллион теңгеге өз мектебіне күрделі жөндеу жүргізіп берді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Эссе: Туған жер

Бар қазақтың қан тамыры ауылда,

Сол ауылдан шықты ақын, ғалым да.

Сол ауылды көркейтуді мақсат қып,

Елбасы да жарлық етті қауымға.

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ әрбір жеке тұлға адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылынан бастау алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады.......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Тарихта мәңгі қалатын күн

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Отан соғысының басталғанына міне, 75 жыл. Осыдан 75 жыл бұрын, 22 маусым күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандықшекарашылар болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, бүкіл Кеңес Одағы алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінен әскери қатарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – нұрлы тағдыр, елдігім

Халқымның сан ғасырлық ғұмыры да,
Уақыттың жұқ болмапты жұмырына.
Армысың, Азаттығым, қыран қанат,
Қалықтап қайта қонған тұғырына.
Кең ашып берекеңе есігіңді,
Түзетіп, тербете біл бесігіңді.
Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа
Құдайдан күтіп едің осы күнді.
Несіпбек Айтұлы
Еліміз егемендігін алып, еңсемізді көтеріп, Тәуелсіздік тойын тойлап келе жатқанымызға да 25 жыл болыпты. Осы 25 жыл ішінде біз толағай табыстарға жеттік, қазақ елін әлем таныды: Қазақстан бүкіләлемдік деңгейдегі дамыған елдердің қатарында көрініп келеді. Біз тәуелсіздік тұғырын бекіте түстік, жарқын болашаққа сеніммен қарайтын заманға қадам бастық. Осындай жарқын заманға жету бізге оңай болған жоқ.Зарықтырып жеткен Тәуелсіздік жолының соншама шырғалаң, сондай бұралаң әрі соншама ұзақ болғанын жұрт жақсы біледі. Елдің басына не келіп, не кетпеді дейсің! Опық жесек, қорлық көрсек, аңқаулығымыздан, жікшілдігімізден көрген елміз. Оның айқын мысалын VIII ғасырдағы Күлтегін ескерткіштерінен оқимыз:
«Ей, түрктің бектері, халқы! Сендер таққа кіріптарсыңдар, алауызсыңдар. Әкелі-баланың ымырасыздығынан, ағалы-інілінің дауласқандығынан, бекті- халқының жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан, қағаныңнан, қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен айырылдың. Жер-жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, сонда не таптың? Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрк бектері, халқы өкін!» Сай-сүйегіңді сырқырататын осы сөздерді бабаларымыз мәңгі өшпестей етіп жүрегінің қанымен, көзінің жасымен осылай тасқа қашап жазып кеткен. Ел тағдыры, ер тағдыры сынға түсіп тұрған шақта мұны ұмытуға болмайды. Ұлтарақтай жер үшін ұлы бабаларымыздың қаны төгілді. Қаншама арыстарымыз тар қапаста көз жұмып, құны сұраусыз кетті. Жігеріміз құм болып, жұртымыз құл болды. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстанның Америкамен қарым-қатынасы

АҚШ-тың қазіргі өркендеп отырған жағдайы орасан мол табиғи байлықтарды игеруінің нәтижесі. Бүгінде АҚШ Батыс әлемінде тас көмір мен қоңыр көмір, сондай-ақ уран қоры жөнінен бірінші орын, газ, мыс, мырыш қоры жөнінен екінші, мұнай, темір рудасының қоры жөнінен алтыншы орын алады. Соның өзінде пайдаланылып жатқан көптеген кен орындары (әсіресе мұнай, газ, темір рудасы) сарқылған. Никель, марганец, хромит, кобаль және т.б. жетіспейді (не мүлдем жоқ).
Америка көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің жетекші державасы. Оның 50 штат пен федералдық Колумбия округінен (астана Вашингтонның аумағы) тұратын демократиялық республика екені белгілі. 48 штат шоғырлана орналасқан, екеуі негізгі аумақтан бөлек: Аляска (патша үкіметінен 1869 жылы сатып алынған) және Гавая аралдары. «Мұхиттың арғы жағына» орналасқандығы және Еуропа мен Азияда тұтанып тұрған соғыс ошақтарынан шалғайлығы бұрынғы уақытта бұл елдің қауіпсіздігіне сенімді кепіл болды, Атлантика, сондай-ақ Тынық мұхит аймағында орналасқан мемлекеттермен еркін сауда қарым-қатынастарын оңайлатты.
АҚШ-тың су ресурстары мол әрі сан алуан. Бірақ олардың көбі елдің шығысында. Мұнда АҚШ-тың басты өзен артериясы – тармақ салаларымен бірге шаруашылық маңызы зор (көлік, энергетика, жер суару тұрғысынан) – Миссисипи ағып өтеді. Осы өңірде, Канадамен шекарада әлемдегі ең зор көлдер жүйесі – Ұлы американ көлдері орналасқан.
Тұтас алғанда Құрама Штаттардың орасан зор аумағы (Кордильдер мен Аппалачтың биік таулы өңірін, сондай-ақ Аляска мен шөлдерді қоспағанда) адамның тіршілік және экономикалық қарекетіне қолайлы. Ал климат жағдайының әр алуан екені соншалық іс жүзінде қоңыржай белдеудің барлық өсімдіктерін, көптеген субтропиктік және тіпті тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өндiрiс шоты

Өндiрiс шоты өндiрiстiк процестердi қамтиды және екi бөлiктен тұрады:
1) Ресурстар бөлiгi;
2) Ресурстарды пайдалану бөлiгi.
Шоттың ресурстар бөлiгiнде өндiрiлген өнiмнiң құны өнiмге және импортқа салынатын салықтар көрсетiледi. Ал пайдалану бөлiгiнде өнiм өндiруге жұмсалған шығындар, өндiрiстiк емес сферадағы тұтыну шығындары, яғни аралық тұтыну шығындары болады. Аралық тұтынудың нәтижесiнде (шикiзатты, материалды, отынды, т.б. тұтыну) өндiрiлген өнiмнiң құны азаяды. Жалпы шығарылған өнiм құнынан аралық тұтыну шығындарын шегергенде қалған қалдық жаңадан қосылған құнды анықтайды. Аралық тұтыну шығындарының құрамында негiзгi капиталды тұтыну болмағандықтан, жаңадан қосылған құн шартты таза өнiм болып саналады және өндiрiс шотының балансы статьясы болады. Халықаралық экономикалық теорияда және статистикалық пратикада бұл көрсеткiштi жалпы iшкi өнiм деп атайды. ҰЕЖ-нiң концепциясы бойынша өндiрiстiк iс әрекет кәсiпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың материалдық өндiрiс сферасындағы,сол сияқты материалдық емес қызметтер сферасындағы әрекеттерiн қамтығандықтан, жалпы шығарған өнiм, жалпы iшкi өнiм, т.б. көрсеткiштер ХШБ-дегi оларға ұқсас көрсеткiштерден өзгеше болады. Өндiрiс шоты экономика салалары, секторлары және тұтас экономика үшiн құрылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Негізгі қызметтен түсетін табыс неден қалыптасады және қайда жұмсалады

Табыс – деп кәсіпорындар, фирмалар мен басқа да ұйымдар жұмысының аса маңызды экономикалық көрсеткіші, табыс олардың қызметінің барлық түрлерінен түскен қаржы тәсімдерін көрсетеді.
Негізгі қызметтен түсетін табыстар – есептелінген қосымша құн слығын, акциздерді және осыған ұқсас салықтар сомасын, міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған дайын өнімдер, тауарлар, сату және баға жеңілдігін кеміту сомаларын шегергеннен кейінгі дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сатып алушыларға сатқаннан түскен табыстар сомасынан құралады.
Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен түсетін табыстар – айналым сыртындағы активтерді басқаларға сатудан, биржа айналысына түскенқұнды қағаздарды қайта бағалаудан т.б. құралады.
Табыс көлемі, сонымен қатар, жасалынған келісім шартқа сай ұйымның қойған бағаны кеміту, бағаны қосу, сомаларын есептеу арқылы, содай-аұ шетелдік валюта (шартты ақша бірлігі) сомасына эквивалентті теңгемен есеп айырысудағы срмалық айырымның (көбеюі, не азаюын) қосымша немесе үстеме қосып есептеу арқылы да анықталады.
«Жалпы табыс» бабы түскен нетто- түсім және өзіндік құны сомасының айырымын есептеп шығару көрсеткіші болып табылады.
Ұлттық есеп жүйесінде табыс жиынтығының көрсеткіші ретінде ЖҰӨ қолданылады. ЖҰӨ кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады. Практика жүзінде табыс көрсеткіштерінің айырмашылығы шамалы, себебі олардың қозғалысы бірдей. (Әр түрлі табыс көрсетаіштерінің байланысты нақты білу үшін кезекпен ЖҰӨ-ден әр түрлі құрауыштарды игере отырып қарастырамыз). Ұлттық есеп жүйесінде капиталдың негізгі тозу құны амртизациялық шығын деп аталады. Капиталдың негізгі тозу құны бұл өндіріске кеткен шығындар, сонда ЖҰӨ -ң осы құннан айырмасы экономикалық қызметтің таза нәтижесінсипаттайды. Осы себептен, көптеген экономиканың айтынша таза ұлттық өнім көрсеткіші ЖҰӨ -ге қарағанда экономикалық жағдайын жақсы сипаттайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Дина Байтасова

Дина Байтасова, өнертанушы және куратор, Сорбонна университетінің заманауи өнер факультетін және Марангони институтының интерьер дизайны факультетін бітірген. Қазіргі заманғы өнер саласындағы куратор және сарапшы Дина Парижде орналасқан IADA Халықаралық өнерді дамыту қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі.

IADA-ның негізгі мақсаты - шетелдегі Қазақстанның заманауи өнерін қолдау және Еуропа мен Орталық Азия арасындағы мәдени тәжірибе алмасу.

Париж, Лондон, Вена, Венеция және Дубайдағы көптеген көрмелер осы ұйымның есебінде. Венада өткен 5-ші Венециялық биеннале, Наполеон және Франция маржандары көрмесінде «Бір қадам алға» көрмесі, RMN Grand Palais-пен бірлесіп, Кастеев мұражайында ультремемори көрмесі, «АаҺ Жас!» Вена жәрмеңкесінде және Arter Дубайдағы «Маркер».....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Қаз тұрып қадам басқан Қазақстан!

Ертеден ата-бабамыз тәуелсіздікті аңсап, елін, жерін жат-жұрттыққа бергізбей, ұлан-байтақ жерімізді қасықтай қандарымен қорғап, келешек ұрпақтарына аманатпен жеткізген.Тарихқа терең үңіле отырып, мен өз қазағымның батырлығына риза боламын. Қазақстан — тарихы тереңге кеткен ел. Менің көшпенді жұртым ғасырлар бойы қандай қиыншылық көрсе де, бостандық пен тәуелсіздікті аңсап өткен. Бір жағынан анталап қоршаған, аюдай ақырған көрші, мықты мемлекет — Ресей, екінші жағынан жанкешті айдаһарлы — Қытай. Менің көп қиындықты басынан кешірген елім қатыгез Шыңғысханның талай жаугершілігін де басынан өткерсе де еш мойымаған. Аптап соққан ыстық желмен алысып жүріп , салқын самал соққан таулы бөктерлерде рахаттана өмір сүрген көпке белгісіз халық ол — менің ХАЛҚЫМ!Қазақ елі алғаш рет бостандық дәмін Жәнібек пен Керей ханның тұсында тапты. Есін енді жия бастаған кезде ел басына қара бұлт тағы төнді. Ол «Ақтабан шұбырынды» еді. Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?!
Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ үшін қайғыға толған кезең болды. Менің әке-шешемнің айтуы бойынша, Кеңес Одағы тарағаннан кейін ел ішінде көп қиыншылықтар болды. Халық тұтынатын тауарлар мен азық түлік күрт азайды, зауыттар мен фабрикалар жабылып, электр жарығын өшіріп, еңбекақы уақытында берілмеді. Әркім өз қарекетімен күн көрді. Басқа елге көшкендер көп болды. Ал 1986 жылғы Желтоқсанның қанды оқиғасы туған жер төсінде төгілген қазақ қанының ең соңғысы болсын деп тілейміз. Сол төңкерістен бес жыл өткен соң қазақ үшін аңсаған күн де келіп жетті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін салтанатты түрде жария етті. Елбасы:«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз», деген халыққа жолдаған үндеуінде үлкен мағына жатыр. Тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттадық. Халық өз қалауымен президентін сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерімізді қабылдадық. Ана тіліміз — қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы — Астана қаласы болды.....
Шығармалар
Толық
0 0