Сабақ жоспары (ұмж): Салыстырмалы қозғалыс. Жылдамдықтарды қосу ережесі 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салыстырмалы қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Салыстырмалы қозғалыс. Жылдамдықтарды қосу ережесі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1.2 - жылдамдықтарды қосу және алмасу ережелеріне күнделікті өмірден мысалдар келтіру
Сабақ мақсаттары: Қозғалыс салыстырмалылығының білімін кеңейту және тереңдету; орын ауыстыру мен жылдамдыктардың қосындысы туралы ой қалыптастыру........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс - адамзат үшін ең сұрапыл қырғын

«Қасиет - күші ұлы Отанның, Қасиетін бер қыран құстың! Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың!»-деп ақын да батыр Қасым жырлағандай, қаншама жауынгерлер Ұлы Отан соғысы тұсында бар ашуызаларымен елін, Отанын неміс фашистерінен құтқаруда еш аянбады. Соғыс – бұл миллиондаған адамдардың өмірін қиған кесапат, адамзат үшін ең сұрапыл қырғын. Ол бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген керемет ерліктерге де, адамның жанын ауыртар қатыгез қасіретке де толы болды. 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы халықтың алып тұлғасын танытқан үлкен сын еді. Осы соғыс қаншама қазақстандықтардың бастарын ажалға тіккен, отбасыларын күйреткен, ата-анасын зар илеткен, жесірін жылатқан, жетімін тентіреткен жайтты алдымызға жайып салды. Міне, осындай соғыс зардабын менің әулетім де бастан кешірген екен.
1941 жылы соғыс басталған кезде менің ұлы атам Есенғали Жақыпов Таманбай елінде колхозшы болып еңбек етіпті. Өмірге келген алты баласының төртеуі, жан жары ауыр науқастан көз жұмғаннан кейін екі баласы, яғни менің атам Қайрош пен ағасы Қалымбекті туған ауылы Егіндіағашқа алып келіп, өзінен бірнеше жас үлкен Батиқа апамызды әйелдікке алыпты. Ондағы ойы – жас балаларыма пана болып, осы шаңырағымның түтінін түтетіп отырар деген ой болса керек. Шынында да атамыз Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегі алынып, майданға аттанып кетеді. Бірі – 9, бірі- 13 жастағы екі балапанын Батиқа апамызға аманат етіп тапсырады. Батиқа апамыз Есенғали атамыздың осы аманатын орындап, екі атамды да адал, қайырымды азаматтар етіп өсірген екен. Ал балаларының есейген, ержеткен сәттерін көруді атамыз Есенғалидың маңдайына жазбапты. Соғысқа Сталинград майданында кірген ұлы атам барлаушы болыпты. Оны елге, балаларына жазған хаттары дәлелдейді. «Күндіз ұйықтап демаламыз, түнде «тіл» әкелуге барамыз» деген ғой......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Мағжан Талапұлы

Мағжан Талапұлы - велосипедпен Қазақстанның туын көтеріп, 22 елді аралаған алғашқы Қазақстандық азамат.

Мағжан алғашқы ғылыми экспедицияны Антрактидада басқарған. Ол Алматы Қаласында дүниеге келіп, Ш.Уәлиханов атындағы қазақ мектебіне барып, 7-11 сыныптарды ерекше дарынды балаларға арналған мектепте оқыды. Аты аңызға айналған саяхатшы революционер Әліби Тонжанұлы Жангелдиннің ұрпағы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Шахан Жолдасбаев

Шахан Жолдасбаев – "Пандус.Ок" әлеуметтік жобасының авторы, спортшы, кәсіпкер
Өз өмірімен, ерік-жігерімен кейінгі буынға үлгі, алдыңғы буынға мақтаныш болатын азаматтар бар.

Солардың бірі Шахан Жолдасбаев. Мүмкіндігі шектеулі жан деп ол туралы мүлдем айта алмайсыз. Ол мүмкіндігі шектеуді жандар арасында Германияда өткен жүзу чемпионатының қола жүлдегері. Оның «Пандус. Ок» әлеуметтік жобасы аймақтағы үздік деп табылған. Жеткен жетістіктерімен, еңбегімен, іс-әрекетімен көптеген азаматтарға үлгі болған Шахан Қазақстанның 100 есіміне енуге лайық тұлғалардың бірі деп санаймыз.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Қуандық Қанатов

Семей қаласы 35411 әскери бөлімінің қызметшісі

Шығыс Қазақстан облысы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей қаласындағы Батыс әскери қалашығының 35411 әскери бөлімінің қызметшісі ефрейтор Қуандық Қанатов 2019 жылдың ақпан айында жанып жатқан үйдің тұрғындарын эвакуациялауға қатысып,Семей қаласының жатақханалардың бірінде болған өрттен 15 адамды құтқарып қалған.

Қызметі барысында өрт қауіпсіздігі бойынша алған біліктілігінің арқасында ерлік танытып, Қазақстан Республикасының наградасы – «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
• Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің алғыс хаты;
• Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының мақтау қағазы;
• Семей қаласындағы Батыс әскери қалашығының 35411 әскери бөлімінің командирінен алғыс хат;
• Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хаты;....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Менің нағашым

Менің нағашым Бауыржан Бабажанұлы 1969жылы 21 ақпанда Қарқалпақстан Республикасы Қоңырат ауданы «Ленинизм» деген ауылда дүниеге келді.Әкесі Бабажан ауылда зоотехник,анасы қарапайым жұмысшы.Үлкен ағасы,өзінен кейін інісі және екі апасы ,бір қарындасы бар. Жастайынан жыр тыңдап,өлең жазып әдебиетке қызыққан 1986 жылы мектеп бітіріп арман қала Алматыға барды.Бірақ сол жылы түсе алмай ,ауылына қайтіп келеді. Өзі тұратын ауылында совхозға қарапайым жұмысшы болып істейді. 1987жылы қайта оқуға барады бірақ түсе алмай күзде әскер қатарына қосылады.Сонымен 1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің фиология факультетіне оқуға түседі. Осы студент кезінде анасын қатты сағынса керек, «Ауылға хат» деген өлеңі туындайды

Ай, Күнге ұлын балаған,

Арманы биік, еңселі,

Жанымның нұры-жан анам,

Сағынып жүрмін мен сені.

Бесінгін Ардың тербедің,

Сананың көзін жарық қып.

Жұтаңдау,жарлы дүниені,

Қанағатыңмен қарық қып.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Келешек ұрпақ үшін

Шүйінші ,халқым,шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан ата-анамыз,
Шаттан ата-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке
Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 71 жыл болады. 9 мамыр-сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған , станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз- өздерінің әкелерін,ерлерін , ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар,қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стехиометрия. Атомдар, иондар және молекулалар
Сабақтың тақырыбы: Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1А және 10.2 А бөлімдерінде алынған оқушылар білімдеріне негізделеді.
Оқушылар қосылыстарды атомдардың тұрақты қатынасындағы элементтер жиынтығы ретінде түсінулері керек.
Олар сондай-ақ химиялық таңбаны (символды) элемент өкілі ретінде түсініп, ал олардың салыстырмалы атомдық массасын алу үшін
10.3В тарауынан Периодтық кестені пайдалана білулері керек.
Сабақтың мақсаттары: 10.1 және 10.2 зат формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массаны есептеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Болашағы жарқын Тәуелсіз елім

Тұғырымыз –тыныштық,
тірегіміз-тұрақтылық,
тілегіміз-татулық болса еліміз
тарих төрінен табылады
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр жыл басында өз халқына сөз арнап, жолдама жасайды. Ол теледидар, баспасөзде кеңінен жарияланады, халқымыздың талдауына түседі. Өйткені, оның сөзінде Қазақстан халқының әл –ауқатын көтерудің, мәдениеті мен тұрмысын жақсартудың мәселелері кеңінен айтылады. Жолдамада барлық мәселелердің ішінде мені қызықтырған нәрсе – қазақ елін, оның тілін мәңгілікке жеткізуге ұмтылу, оны жүзеге асырудың жайы. Осымен байланысты Қазақстан даму тарихынан өзім білетін жайларды шолып шықтым. Біздің ата-бабаларымыз осы аймақта басқа да тайпалармен бірге өмір сүрген. Төрт түлік мал өсіріп, кең далада бағып, күн көрген. Тарихтан белгілі моңгол шапқыншылығы кезінде, олар біздің жерімізді, елімізді тапап өтіп, орыс жерлерін үш ғасыр бағынышта ұстаған. Сөйтіп, біздің мәдениетіміз бен тұрмыс жағдайымыздың дамуына нұқсан келтірген. Ақыры жаугершілікпен келген моңғолдар өзгенің жаугершілігінен жойылып кеткен. Осыдан кейін бұрыңғы сақтар, қыпшақтар өз мекенжайларында қайтадан ел болған. Ертегілер мен дастандардан бізге белгілі болған батырлардың, хандардың істері- осы қазақ елінің біртұтас қалыптасуын бейнелейді.
Бүгінде халық аузында «Білектің күшімен, найзаның ұшымен» иемделіп келген қазақ елінің бүгінгі жер- аймағы қатарлас елдердің арасында көлемі жағынан 9-орын алады. Олардың арқасында қазір Жайық, Ертіс, Іле, Каспий, Арал сияқты өзен–көлдеріміз бар. Биіктігі мен сәнділігі жөнінен дүниежүзілік тауларынан қалыспайтын Алатауымыз да бар. Көп жылдары Ресейдің қарауында болған еліміз алғаш рет қырғын– соғыссыз, ұтымды саясаттың арқасында, бейбітшілікпен Тәуелсіздікке келді. Ол – тұңғыш Президентіміздің көрегендік саясаты деп халық есептейді.Осының арқасында еліміздің шекарасы белгіленді......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Тайжан Қалмағамбетов (1878 - 1938)

Тайжан Қалмағамбетов (1878, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы - 1938, сонда) - ақын. Жезқазған, Қарағанды, Қарсақбай сияқты өндіріс ошақтарына арнау өлең-жыр шығарған.

1916 жыл ы ұлт - азаттық козғалысқа үн қосып , Амангелді сарбаздарын жырлады. Қазан төңкерісінен кейін жаңа кұрылысқа , Жезқазған , Қарағаңды , Қарсақбай сияқты өңдіріс ошақтарына өлең, жыр арнады. 1926 жылы Шеген, 1930 - 36 жылдары Болман, Иманжан тәрізді Арқаның белгілі ақындарымен айтысқа түскен. А.В. Затаевичке бірнеше ән жаздырған. 1934 - 36 жылдары халық өнерпаздарының республикалық слеттеріне, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиетімен өнерінің алғашқы онкүндігіне қатысқан. "Тайжан әні", "Ыбырайға" сияқты ән-термелері күйтабаққа жазылған. Қалмағамбетовтың көптеген әндері кезінде жазылып алынбаған. Кейбір шығармалары ақындардың жалпы жинақтарында, газет-журналдарда ("Қазақтың 1000 әні", 1925; "Пернедегі термелер", 1965) жарияланған. "Ой ағысы" өлеңдер мен айтыстарының жинағы 1984 жылы жарық көрген.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0