Топонимика – географиялық атаулардың шығу тегін, дамуын, формасы мен мағынасын, грамматикалық безендірілуін зерттейтін ғылым саласы. Қазақстан жерінде түрлі топонимдер бар. Ұлан-байтақ территорияны алып жатқан,табиғаттың сан қилы өлкеміздің жер-суына ерте замандардан бері сан алуан атаулар қойылып, олар түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. ....
Су мен адам арасында байланыс көне заманнан бері карай қалыптасып келе жатқан жағдай.Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде бір мемлекет жоқ.. Тіпті, теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісім жасалған. Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл, мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр.Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудырады. Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивті заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен шектелмейді. Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалдықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде қауіпті. Мысалы, Мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуы қиындатады. Үи тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас. Сондай ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактериаларды құртып,балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш,мыс,қорғасынның әр түрлі тұраздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер нағыз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қышқылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін ) бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті. ....
Горные реки северного склона Жетысуского Алатау всё более активно вовлекаются в сферу хозяйственной деятельности человека. В этих условиях в настоящее время уделяется повышенный интерес к изучению гидрологического режима горных рек и в частности к максимальному стоку половодья. Вычисление максимальных расходов воды является одной из наиболее ответственных задач при проектировании гидротехнических сооружений, с их расчетной величиной связана эффективность этих сооружений. Так, завышение величины расчетного максимума вызовет неоправданно большие финансовые расходы, а преуменьшение – приводит к разрушению сооружений, к затоплению населенных пунктов, а зачастую и к человеческим жертвам. Выявление факторов, влияющих на формирование максимальных расходов половодья, и разработка методов расчёта элементов половодья представляет актуальную проблему народнохозяйственного значения. Основные трудности в её разрешении связаны с недостатком фактической информации и её качеством. Цель работы состоит в выявлении основных факторов и закономерностей формирования максимального стока половодья в горах, расчёт его основных характеристик при наличии материалов наблюдений, а также проверка применимости методики расчёта максимальных расходов воды /1,2/ при отсутствии фактических данных для рек рассматриваемого района и её уточнение с использованием материалов за последние годы. Для достижения поставленной цели были решены следующие задачи: - проанализированы условия и факторы формирования максимального стока рек Северного склона Жетысуского Алатау; - собраны сведения об изученности максимального стока рек в исследуемом регионе; - произведен сбор материалов по среднемесячным, среднегодовым и максимальным расходам; - восстановлены пропуски в рядах наблюдений различными методами; - проверены ряды на однородность; - рассчитаны основные характеристики максимального стока при наличии материалов наблюдений и сопоставлены с данными, приведенными в «Ресурсах поверхностных вод»; - построены кривые обеспеченности, по которым определены максимальные расходы воды различной обеспеченности; - проведен анализ существующих методов расчёта максимальных расходов воды при отсутствии и недостаточности материалов наблюдений; - рассчитаны максимальные расходы воды рек в рассматриваемых створах по методике /1,2/ при отсутствии материалов наблюдений, сопоставлены с характеристиками максимального стока, полученными по фактическим данным, и с данными, опубликованными в /1/ . Методологической основой исследований является использование методики расчёта максимальных расходов воды весенне-летнего половодья для горных рек с питанием смешанного типа, учитывающей зависимость слоя стока половодья от средневзвешенной высоты, а также редукцию максимального модуля стока с возрастанием площади водосбора. Научная новизна работы состоит в определении характеристик максимального стока горных рек Жетысуского Алатау и проверке применимости расчётной методики /1,2/ c использованием данных наблюдений за последние годы.....
Күллі әлемнің ашу-кегі, Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да, жарыл, жүрек! Қ.Аманжолов Соғыс. Қантөгіс. Бұл екі ұғым егіз. Бірінсіз бірін елестету мүмкін емес. Ұлы Отан соғысы... Еліміз бен жерімізге қаншама қасірет ала келді. Халық басына төнген ауыртпалықты Отанының адал ұлдары мен қыздары қайыспай көтере білді, қарсы шығып, жеңе білді. Сол ата-бабаларымыздың арқасында біз бейбіт өмір сүріп отырмыз. Шүкіршілік! Қазақ халқының жаратылысынан елін, жерін қорғап, жауға қарсы тұра білетін халық екендігін тарихтан жақсы білеміз. Қанмен берілген қасиет дер едім. Ұлы Отан соғысына да біздің ата, апаларымыз аянбай ат салысып, ерліктің туын биік көтергенін біз мақтан етеміз. Ұлы Отан соғысының тарихында қаһарман Брест қорғанысы-совет жауынгерлерінің теңдесі жоқ ерлігінің асқақ бір үлгісі болып қалды. Белоруссиядағы Батыс Буг өзенінің бойында орналасқан осы көне қамал Отанымыздың қасиетті тыныштығын қапыда бұзған қасақы жауды алғашқылардың қатарында кеудесін оққа тосып қарсы алды.Соғыс басталған сәтте небәрі бір ғана полктей жауынгері бар қамал гарнизоны күші әлденеше есе басым жаумен бір ай бойы беріспей шайқасты. Олар басқыншылардың терең тылында қалса да нағыз қайтпас қайсарлықтың, Отанға деген асқақ адалдықтың хас үлгісін көрсетті. Қазақ халқы ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер халық болған. Отан үшін жан беріп, жан алысып жүрген қазақ жауынгерлерінің ішінде көптеген ақынжазушыларымыз да бар еді......
Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халық- аралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз Н.Ә.Назарбаев Ең бірінші, шүкіршілік ететінім – Тәуелсіздігіміз! Тәуелсіздік – тәңірім мәңгілікке мөрін басқан қазақ халқының төлқұжаты. Бүгін де тәуелсіздігімізге, азаттығымызға, дербестігімізге 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсыншы тек! Сонда ғана барлығы осының аясында жүзеге асады. Арайлап атқан алтын таңның, шуақты күннің, алаңсыз қуаныш пен бақыттың, еркіндіктің қалай келгенін үлкен жауапкершілікпен сезінем де, күңіренем... Азаттық жолында көп қан төгілді – ау. Бұл жолда бұған дейін қаншама ұлтшыл батырларымыздың көтерілісі болып өтті десеңші. Бірақ, өз нәтижесін бермесе де, олар – ел қамын ойлап, еркіндікке ұмтылған батырларымыз. Көп жыл бойы сары орыстың боданында болсақ та, қазақ халқы – тілін, дінін, мәдениеті мен әдет – ғұрпын ұмытқан емес. Себебі, қазақ текті ұлт және арғы бабамыз рухты болған. 1986 жылы желтоқсанда «Жаңа алаңға», яғни «Брежнев» алаңына жиналып, жастардың көтеріліске шығуы, соңғы сенім, соңғы үміт, ақырғы бас көтеру болды. Ызғарлы желтоқсанның суығына тоңып, ақ қарға қаны төгіліп, аяусыз жазаланып, құрбан болған апа – ағаларымыздың өр рухы мәңгі өшпейді. Бостандыққа ұмтылған Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды белсенді, ұлтшыл, жалындаған жастарымыз жастайынан қыршын кетті. Барша жастардың сол кездегі тілегі мен бір – Тәуелсіздік. 1986 жылы 17 – 18 желтоқсан аралығында өткен бұл көтеріліс тарихта - «Желтоқсан көтерілісі», - деп, ойып тұрып жазылды. Сол кезде кегі мен қаны кеткен, қаншама боздақтар мен бүгінгі тәуелсіздік ұрпақтары үшін, Желтоқсан оқиғасы – қайғы мен қуанышты қатар әкелді. Бұл көтерілістің шығу себебі:ең бірінші, қазақ компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың орнына, халыққа ескерту мен ақылдасусыз билік басына басқа ұлт өкілі Геннадий Колбинді тағайындауы және қазақ жастарының тәуелсіздігімізге ұмтылысы еді. Ереуілде болған жастарымыздың барлығы тұтқындалып, жала үстіне жалған жала жабылып, ақталу мүмкіндігі мүлде болмады. Бірақ, ұлтшыл азаматтарымыз өздерінің не үшін олай жасап, неге бұлай істеп жатқанын, не істегенін анық сеніммен біліп, аққа – Құдай жақ екендігін түсінді. Өз елінің қамын ойлап, мына біз болашақ ұрпақ үшін аямай жанын берген сол кездегі апа – ағаларымыздың рухына мәңгі бас иіп, мың алғыс айтамыз. Сондықтан, тәуелсіздік құрбандарын тек желтоқсан айында еске алып, бас игеніміз жарамас, әрқашан есте сақтап, тағзым етіп жүргеніміз дұрыс......
Азамат Қайратұлы Ашмақын ( ACE ) (28 тамыз 1993 жылы туған, Алматы, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды. Өмірбаяны Азамат 1993 жылдың 28 тамызында Алматы қаласында дүниеге келді. Отбасында-анасы,әкесі жәнеде Інісі бар(Асет Ашмақын). Отбасы қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады. Білімі Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Қазіргі кезде аудармашы мамандығы бойынша Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Испан және ағылшын тілдерін меңгеруде. Балалық шағы....
Сергей Лукашенко Николаевич - физик, Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының жетекшісі.
Институтта 1986 жылдан бастап қызмет атқаруда. 2006 жылдан бері МАГАТЭ М. Эль-Барадей бас директоры жанындағы ядролық технологияны қолдану саласында консультациялар агенттік қызметін көрсету бойынша МАГАТЭ бас директорына кеңес беру мақсатында халықаралық тұрақты жұмыс істейтін «Ядролық қолданысқа кеңес беруші топтың» мүшесі. Аталмыш сараптау тобына әлемнің әр түкпірінен жиналған 20 сарапшы қатысады. С.Н.Лукашенко Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен сайланған жалғыз сарапшы.....
1. Зерттеу орны - Шымкент қаласының қазіргі экологиялық жағдайы 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы сақталынған. Өндіріс өнімін шығару 11,8 пайызға, ауылшаруашылығының валдық өнімі 4,3 пайызға өсті. 2006 жылғы шығарылған өндіріс өнімі 142,5 млрд. теңгені құрайды, ал жалпы көлем индексі 2005 жыл деңгейімен салыстырғанда 111,8%. Кішігірім кәсіпкерлікте 2007 жылдың 1 қаңтарына жалпы жұмысшы сапы 313,4 мың адамнан тұратын 115,4 мың субъект тіркелген. Облыс экономикасының өсуі автокөліктің және Шымкент қаласында өндіріс секторының дамуы салдарынан ластауыш зат шығарындыларының артуына, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын залалсыздандыруға, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің іркінді суларына қатысты экологиялық проблемаларды туындатады. Табиғат қорғау шараларына бөлінетін қаржының жеткіліксіздігінен проблемалар тереңдей түседі. Мәселен, 2006 жылы қоршаған органы ластаудан келіп түскен 394,353 млн. теңге төлемдердің тек ....
Есірткінің түрі көп. Соның дені көкнәр өсімдігінен екі әдіспен жасалады. Мұның алғашқысы апиын сағызынан өндіріледі. Ал, екіншісі үшін шикізат ұрық піскен соңғы құрғақ қауашақ. бұдан опиын, морфий, кодеин, тһебиын, гидроморфиин, героин (соңғы екеуі жартылай қоспалы) секілді есірткі түрлері жасалады. Есірткінің бір түрі – көкнәрі. Ілгеріде-ақ оны Оңтүстік өнірде пайдаланған жандар болған. Олардың дені қарттар еді. Ауырып, сырқағанды, ауырғанды басады деп, суға қайнатып ішетін. Сосын оның әсеріне елітіп, қалғып-мүлгіп отыратын болған. Әзәзілге тәуелді сол жандар кейде көкнәрілері таусылып қалған кезде, туыс-бауырларын жұмысап жіберетін. Олар шыр айналып, таппай келіп жоқ деп айтса, оны аңсап тұрған қарттың хал-жағдайы бірден мүшкіл тартатын. Жоққа шыдай алмай жан-тәсілім еткендері қаншама. Ал кәмелетке толмаған жастар жағы оны пайдаланған жоқ. Ал қазір ше. Есірткінің неше алуан түрі бар. Және оны пайдаланушылар өрімдей жастар. Тіптен солардың арасынан 8-10 жас аралығындағы жасөспірімдердің көптеп кездесетіндері мәлім. Әуелде ескі әдетпен мұны жасырып келген. Кейіннен ұрпақты аздырып, тоздыратын әлеуметтік кесел етек алып, індетке айналып асқынып кетті. Оларды қылмыскер ретінде қарап заң жүзінде жазалаған. Шамалғандағы болалар колониясына отырғызатын. Бірақ бұл түйықтан шығатын жол емес болып шықты. Содан кейін өркениетті елдердің тәжірибиесін пайдаланған жөн екені белгілі болды. Есірткіні пайдаланушыларға қылмыскер ретінде емес, ауру ретінде қарап , мемлекет тарапынан тегін емдеу қолға алынды. Меперидин мен методон деген түрлері лабораторияларда қоспалардың қатысуымен дүниеге келеді. Екіншісі есірткіден зардап шегушілерді емдеу барысында емдік таблеткалар құрамында да оның өзіндік үлесі бар. Бұған бір мысал ретінте мрфийдің қатты шаншып ауыратын қылтамақ (рак) ауыруында дәрігердің бақылауымен сол кеселді тоқтатушы ретінде қолданылатынын атап көрсенен жөн. Героин – морфийдің екінші қайтара өндеу жолымен жасалады. Медициналық мақсатқа қолданылмайды. Сол себепті де есірткінің бұл түрі өндіруге жатпайды. Заңнаң тыс. Онда есірткіге тән жағымсыз қасиеттің 90 пайызы сақталған. Мұның азғантай мөлшерін пайдаланудың өзі-ақ аса қысқа мерзімде оған деген құмарлық деңгейіне жеткізеді. Героинді қолдану оның ұнтақталған түрін иіскеу, ет пен тері арасына және тамырға егу арқылы жүзеге асады. Қан тамыры арқылы бір рет егудің өзі-ақ оған тәуелді болып қалуға жеткілікті көрінеді. Мұны зерттеген мамандардың жасаған қорытындысы осындай. Оған бір рет тәуелділігін мойындаушының оның тұтқынынан босап шығуы мүмкін емес. Бойын құмарлық билеген жан елітіп рахатқа татуы үшін әр жолы есірткі мөлшерін арттыра түсуге мәжбүр. Мұның аяғы қайғылы жағдайға апарып соқтырады. Есірткі мөлшері шамадан тыс қолданушының өкпесі дұрыс дем ала алмауынан жансыз денесі күндердің күнінде ауланың бір түпкірінен, не қараңғы бөлмеден, тіпті әжетханадан табылуы да ғажап емес. ....