Реферат: Саясаттану | Қазақстан Республикасының демографиялық құрылымы

Бүкіл ғаламшардың халықтары, яғни жалпы адамзат дегеніміз – бүкіл әлемдік адам популяциясы. Адам популяциясының құрылымы мен санының өзгеруін демография зерттейді. Демография (грек. демос –халық)- халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Адамзаттың саны туу қарқынымен анықталады. Бұл жағынан адам кез келген биологиялық түрге ұқсайды.
Қазақстан Республикасы халқының саны , 1997 жылғы дерек бойынша 15 млн. 33,4 мың болды. Ал, 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14 млн. 953 мың 126 адам, оның ішінде қазақтардың саны – 7 млн. 984 мың адам. Яғни табиғи өсімнің төмендігі байқалған. Табиғи өсім дегеніміз – 1000 адамға шаққанда туғандар мен өлгендердің айырмасы. Қазіргі таңда Қазақстандағы орташа табиғи өсімнің көрсеткіші - 13 адамға тең болып отыр. Ең жоғарғы Қазақстандағы табиғи өсімнің көрсеткіші 60 жылдардың ортасынан бастап 70 жылдардың басында байқалды.. Ол кездегі табиғи өсімнің көрсеткіші 32 адамға тең болған. Халықтың табиғи өсімі республика территориясы бойынша әртүрлі болып келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда – 16 адам, Қызылорда облысы бойынша – 14, Маңғыстауда – 12 адам болса, табиғи өсім бойынша төменгі көрсеткіштер Ақмола облысы – 2 адам, Алматы облысы бойынша – 5 адамды көрсетеді.
Халық санының кемуі туылғандар санының кемуі мен мигранттардың санының артуына байланысты болып отыр. 5 жылдағы жалпы туылу коэффициенті 1000 адамға 19,1-ден 14,7-ге төмендеген. Осының нәтижесінде табиғи өсім 2,1 есеге кеміді.
Қазақстандағы халық санының өзгерісіне әртүрлі себептер әсер етті. Мысалы, 1927 жылғы болжам бойынша 1932 жылғы халық саны 4,2 миллион адам болуы тиіс болатын, бірақ 1932-1937 жылдардағы ашаршылықтан 2,5 миллион адам қырғынға ұшыраған, соның ішінде қазақтар 32 пайыз, украиндар 30 пайыз, ұйғырлар 50 пайыз, өзбектер 68 пйызға дейін азайып кеткен, халық саны 57 пайызға кеміді. Ал 1926-59 жылдардың арасындағы жүргізілген конфискілеу, коллективтендіру және индустрияландыру кезеңдерінде жер аударғандармен Қазақстандағы тың игерушілердің көптеп келуімен халық саны тағы өзгеріске ұшырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Александр Николаевич Подольских

Александр Николаевич Подольских – Қазақстандағы танымал ғалым-селекционер, ауыл шаруашылық ғылымдардың докторы, Қазақ күрі өсіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері.

Оренбург ауыл шаруашылық нститутының түлегі, кейінненКраснодар қаласындағы Бүкілодақтық күріш ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында күндізгі оқу бөлімінде оқыды. 11 жыл бойы ҚазР ҒЗИ іріктеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Будандастыру көлемін он есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін, селекция процесінің нәтижесін ұлғайтатын генетика мен селекцияның заманауи әдістерін қолдана отырып, күріш сорттарын таңдау тиімділігін арттыру мақсатында өзіндік әдісті жасап шығарды. Жаңа әдіс арқасында күріш өсіруде тиімді пайдаланылатын «Арал 202», «Ару», «Арал 69», «Арал 318», «Арал 4», «Арал 6» күріш сорттары өсірілді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Шоқан Уәлихан (1995 жылы 13 шілде)

Шоқан Уәлихан
“1995 жылы 13 шілдеде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келдім. Есімімді Шоқан деп әкем қойған. Әкемнің аты – Уәлихан.
Қазақ ырымшыл халық қой. Әкем маған есім таңдағанда Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың ұлы тұлғасы болсын деген шығар. Бірақ маған ешқашан сенің есіміңді әдейі осылай қойдық, Шоқан атаң сияқты ғалым бол деп айтқан емес. Әркімнің өз жолы бар екенін ата-анам да жақсы түсінсе керек”, – дейді жас әнші.
Бала Шоқанның Шоқан Уәлихановпен таныстығы мектеп табалдырығын аттаған сәтте басталыпты. Бірақ Шоқан ұлы тұлға туралы жеке ізденіп, өмірбаянына қызығушылық танытпағанын айтады. Ол ғылымнан гөрі өнер саласына көбірек қызыққан.
Ұлы ғалымның есімі берілгенін ес білгенге дейін түсінбедім. Адамдармен танысқан сәтте аты-жөнімді айтсам, сенімсіздік танытып, “әзілдеп тұрған жоқсың ба?” деп сұрайтын. Мектепте Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлихановтың кім екенін білу міндетті ғой. Бірақ Шоқан Уәлиханов жайлы көп білуге тырыспаппын.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Александр Кинцель

Александр Кинцель - педагог, кәсіби маман

Ғылыми-теориялық дайындығы бар, инновациялық әдістемелер технологиясын меңгерген, жоғары әдістемелік деңгейде дәріс бере алатын педагог. Александр әрқашан педагогикалық ізденісте жүреді, ол балалармен қазіргі сабақ беру техологиясы бойынша дәріс жүргізеді. Ынтымақтастық технологиялар элементтерін, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, коммуникативті-ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, оқушыларының оқу үлгерімі – 100% үлгерім, ал білім сапасы – 98 %.
Жемісті педагогикалық жұмыстың нәтижесі деп олардың биология пәні бойынша халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадаларға қатысып, әр түрлі жүлделі орындарға қол жеткізулерін айтуға болады. Александр Кинцель өсіп келе жатқан буынның азаматтық және патриоттық сезімдерін нығайтуға ат салысып келеді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Қуаныш Жұмабек

Қуаныш Жұмабек - ғалым, аудармашы, полиглот, докторант.

Жұмабеков Қуаныш Жұмабекұлы 1988 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. 2000-2005 жылдар аралығында Е.Рахмадиев атындағы 5 жылдық Үржар балалар музыка мектебін «домбыра-тенор» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы ШҚО Үржар ауданы, Үржар ауылында М. Горький атындағы орта мектепті тәмамдаған. 2006 жылы ШҚО бойынша өткен облыстық «М.О.Әуезов және әлемдік мәдениет» шығармашылық сайысында 100 үміткер ішінен М.Әуезовтың 20 томын жатқа айтқаны үшін Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетінің грантын жеңіп алған.

Аталмыш жылы ҰБТ арқылы да мемлекеттік оқу грантын жеңіп алып Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. Білімін толықтыру мақсатында 2010-2011жылдар аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы UCTİ университетінде ағылшын тілін оқыған. Осылайша, 2010-2012 жылдар аралығында Қайнар университетін «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012-2014 жылдар аралығында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік жырын жырлаймыз !

Қара өлең қасиетін анық берген ,
Бойыма бабалардан дарын келген.
Жыл сайын бір келетін Жеңіс күні
Бабалардың рухымен анық келген.
Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін- Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын- ажал.
Сол қанді кезеңді еске түсірсек, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылмаған. Ұлы Отан соғысы ... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін , тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп , әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе оларды ортасындағы Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, күшімен, қанымен,ісімен, ерлігімен, терімен, көз жасымен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп,тауын шағып,туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап. аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап,Қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол-өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине "бірлік". Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. .......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бейбітшілік нұры тұнған көк аспан

Пай! ПАй! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
М.Мақатаев
Қазақстан – Алтайдан Атырауға, Қаратаудан Көкшеге созылып жатқан қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең байтақ жер.
Жазира жерді мекендеген ата-бабамыз басынан қиын-қыстау күндерді аз кешірген жоқ. Жаугершілік замандарда қаншама батыр ұлдарынан айырылып, ұлы –құл, қызы – күң болып кетпесін деп, елін, жерін сақтап қалу жолында қаншама тер төкті. Ер басына күн туса етегімен су кешуге даяр ерлер ұлтарақтай жері үшін қасықтай қаны қалғанша аянып қалмады. Соның барлығы да жері, елі, ұрпағы үшін күресіп, жер жастанғандар. «Ер ел үшін туып, ел үшін өледі» деген мақал осыдан қалса керек. Тәуелсіздік жолында шейіт болған батырларын еліміз ұмытпай, тағзым етеміз.
Айдынды көлдер, асқарлы таулар, күні от шашқан шөлдер, арналы өзендер, ну ормандар, сылдырлаған бұлақтар Қазақстан жерінде. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы еліміз жерінің кеңдігімен, байлығымен мақтана алады.
Міне, ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына табалдырық басты......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Менің елім - мәңгілік ел!

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ пен бірлік мақтан етуге тұрарлықтай.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі.

Мына алтын күн алаулаған зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті-қазақтың қыран көңілін, дарқан, бітімшіл бейбіт көңілін шырқау биікке алып шыққандай.Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ өмірінің ұлы белгісі-шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманның бейнесіндей болып көрінеді.Қос пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады.Елтаңбада ұлы идея-Еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» деген қанатты сөзін еске салып тұратын болсын»,-деген.....
Эсселер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары

Кіріспе.
1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» констетуциялық заң жарияланады. Мемлекетіміздің алдында халықаралық құқықтың жас субьектісі ретінде басқа мемлекеттермен әріптестік қарым – қатынас, байланыс орнатуға кең көлемді мүмкіндіктер ашылды. өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, осы күнге дейін Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басты бағыты – халықаралық құқықтың субьектісі болып табылатын әлемнің кез келген мемлекетімен әріптестікғ пен әділеттілік ұстанымдарына негізделген өзара тиімді қатынас орнату болып отыр. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев көп мақсатты ынтымақтастықтың мәнін «...Мұндай ынтымақтастықты дамыта отырып, біз жасанды түрде басқа дүниеден оқшауланбаймыз және ешқандай идеологиялық , конфессионалдық блоктарға кірмейміз, керісінше, Қазақстанның Шығыс пен Батысты жалғастырушы континенталды көпір ретіндегі ерекше рөлін пайдалануға ұмтыламыз», деп атап көрсетті. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мың жылдық саммитінде БҰҰ – ның бас хатшысы Кофи Аннан баяндама жасап, онда негізінен үш мәселені қозғады. Олар - әлемдегі қауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау... Бұлар ХХІ ең басты проблемалары ретінде айрықша аталып өтті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0