Шығарма: Ермек елдік бастауы

Ермекке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ел ісі,
Соғыстың соңғы көктемі,
Солдаттың асқақ жеңісі.
Ғабиден Қожахмет
Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылытатын, қасіретке толы сөз. Осыдан 71 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына төрт жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистердің мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болды. Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистердің жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақты ат салысты. Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Бигельдинов, М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: «Бейбітшілік» - қастерлі ұғым

«Бейбітшілік» деген - нұрлы сөз. Жанымызға жылылық сыйлап, көңілімізге бақыт ұялататын қастерлі ұғым. Бейбіт өмірге бұл дүниеде еш нәрсе тең келмейді. Бір кезде еліне шұрайлы қоныс, жерұйық іздеген Асанқайғы бабамыз да қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын бейбіт күнді аңсаған еді. Атамыздың бұл арманы орындалып, халқымыз бірлігі жарасқан, тату-тәтті мемлекетте, тәуелсіз Қазақстан Республикасында, бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстандықтар бейбіт күннің қадірін жақсы түсінеді. Себебі өшпестей із қалдырған Ұлы Отан Соғысы әлі де еліміздің жүрегінде әрі есінде. Дүниені жаулап алмақ болған «фашизм» деген зұлымдыққа қарсы тұрған 61қаһарман мемлекет, сан миллиондаған адамдардың тілегі бір болатын. Ең ауыр да қаһарлы төрт жыл бойы абыроймен ел қорғаған батырлар, тылда қызмет еткен аталар мен әжелер, аналар мен балалар әр минут, әр сағат сайын жеңісті аңсаған еді. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіске жету жолындамиллиондағаназаматтар қаза болды. Жаумен шайқасып ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана баласын,жарын жоғалтып,бала әкесінен, анасынан айырылып, жетім атанды. Фашистердің тұтқынында қаншама ана мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қасіретін арқалады.Бірақ ешкімнің сағы сынбады.
Бұл халық рухының, ел жігерінің мықтылығын білдіреді. Биыл Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығы болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығы. Жеңіс үшін барлық халықтар біріге, жұмыла отырып әрекет етті. Бұл соғысты қайсар жүректер, батыл білектер, шыдамды әрі төзімді мінездер жеңді. Бір мақсат, бір мүдде үшін күрескен азаматтар жеңді. Отанын қорғау ең негізгі парызы деп білген, жанын аямаған қазақстандық қаһармандарымыздың ерлігі де барлық дүниеге аян.....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Маркетингілік зерттеу жүйесі

Нарықты зерттеу - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда – саттық көріністерге кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1 - Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы калыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан “таза” құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе – теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 - Т2,, балама Т2. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түріне тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде “таза” құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын “шығындық емес” деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Әлемнің құлпырған кезі

1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Ауылымызды ақ қар жапқан
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат- аспан, жерді аттандатқан.
Мұқағали Мақатаев
1941жылдың жазы! Дүниенің ажары кіріп, әлемнің құлпырған кезі. 22маусым күні неміс басқыншыларының КСРО жеріне басып кіруі жайлы суыт хабар осы мамыражай уақыттың шырқын бұзды. Табиғатқа да , адамзатқа да бұл хабар ауыр соққы болып тиді.
Германия тағылық таңбасын жасыра алмайтын зорлық- зомбылықтың еліне айналды. КСРО халықтары "өлсек өлерміз, бірақ жерімізді неміс басқыншыларына бере алмаспыз",-деп Отанды қорғауға аттанды. Қазақстандық ұл-қыздар соғыстың алғашқы күндерінен-ақ қолдарына қару алып, Отан алдындағы парыздарын өтеуге өтініш білдіріп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Қазақстанда құрылған әскери бөлімдер Ұлы Отан Соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес әскерлерінің құрамында мыңдаған қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Брест қамалдарын қорғауға қатысты. Ұлы Отан соғысындағы біздің қазақ халқының, қазақстандықтардың ерлігі ғаламат. Жас берендеріміз ата- бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін жалғастырды. Ұлы Отан Соғысында қазақ халқының жауынгерлік, Отаншылдық рухы әлемге танылды. Қазақ халқының жауынгерлік рухын көтеруде Алатаудың ақиық ақыны Жамбыл Жабаев :
Шегінгенің - өлгенің, ......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Мамандығым мақтанышым

Мамандықты не үшін таңдасаң, сол үшін еңбек етесің. Мен солай тұжырым жасаймын . Сөзімді түсіндірсем: Мен мұғалімдікті білімге құштар болған соң және баланы жақсы көрген соң, ең бастысы осы екі сөзімді өзара байланыс жасай алып, өз бойымдағы білік дағдыны осы жолда жұмсай алған соң таңдадым. Менің таңдауым осы басқа бұлтарар жол жоқ.

Алдымда отырған мөлдіреген таза көздер ертеңгі күні турашыл, әділ, оң ұстамды көзқарасы бар азаматқа айналу үшін еңбек етемін. Мақсатым- смарт, білім мен адамгершілік,отаншылдық қасиеттерді қалыптастыру үшін критерийге сәйкес келуім шарт......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремалар 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремалар 2-сабақ
Оқыту мақсаты: дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремаларды білу және қолдану
Сабақ мақсаттары: хордалардың, жанамалардың, қиюшылардың кесінділерінің пропорционалдылығы туралы теоремаларды біледі және қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4С Ықтималдық теориясының элементтері
Сабақтың тақырыбы: Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: 9.4.3.2 ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі және оны есептер шығаруда қолданады;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Кездейсоқ оқиғалардың түрлерін біледі;
Оқиғаның ықтималдығын есептейді;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Рухты бол жеңілмейтін табанды

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыр күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері 71 жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік алау әрдайым!

Жау кеп қалды қаңға ділгір
Жапан түзде жортқан аңдай!
Кернеп кетті салдыр – күлдір
Кәрі дүние қақты таңдай.
Д.Әбілев
Адамзат тарихында болған барлық шайқастардан асып түсетін шайқастың аяқталғанына биыл жетпіс бір жыл болып қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ, Кеңес жауынгерлерінің қатарын біздің ұлан – байтақ елімізде тұратын ұлттар құрап, Отанымызды қорғауға бар күштерін салды. Сондықтан бұл соғыс – Ұлы Отан соғысы деп аталды. Отанын қорғаймын деп шайқастардан оралмаған, сондай-ақ өз аналарын, балаларын, қарттарын көре алмай соғыс алаңында қалғандардың саны шексіз:
Текке өлмедік, жерге тек көмілмедік,
Қып-қызыл қан бекерге төгілмеді,
Біз де өлтірдік қырқысқан жауымызды.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремалар 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремалар 1-сабақ
Оқыту мақсаты: дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремаларды білу және қолдану
Сабақ мақсаттары: хордалардың, жанамалардың, қиюшылардың кесінділерінің пропорционалдылығы туралы теоремаларды біледі және қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0