Реферат: Орманды дала дала аймағының таралу құбылысы

Қара және шабындық қара топырақтары мен ала кебірлі кешендері 191 млн га жерді немесе ТМД аумағының 8,6 процентін алып жатыр. Қара топырақ Молдава мен Байкалдан арғы аралықтары орманды дала және дала аймақтарында тараған. Таралу алаптары Молдава, Украйна, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан.
Аймақтың климаты негізінен жазы жылы және қысы суық (шығысынан ызғарлы ), Болып келеді. Баты-Шығыс бағытта жылу мен жауын-шашын мөлшері азайып, климат ызғарлылығы артады. Орманды дала климаты, дала аймағына қарағанда, жұмсақтау және ызғарлыылғы шамалы. Мұнда шілде мен ақпан айларының орташа температурасы батыстан шығысқа сәкес ішінде 240 С-дан 200С-ға және -40 С-дан 270 С-ға дейін төмендейді. Температурасы 100 С-дан жоғарғы күндер саны орманды-даланың батысында 150-180, шығысында 90-120-ға дейін азайатын болса, дала аймағына сәйкес 140-180 және 97-140 күнге тең.

Атмосфера түсім мөшері 500-600 ьь-ден (Кавказ алды) 300-350 мм-ге дейін (Батыс Сібір мен Солтүстіктен Оңтүстікке қарай кемиді. Жауын-шаашынның едәуір мөлшері (30-40 еуропалық, 50 проц. азиялық бөлігінде) жаз айларында түседі.
Бедері тұрғысынан Еуропа бөлегі әр тереңдіктегі және қашықтықтағы өзен аңғарларымен бөлшектенген тегістіктер немесе сәл толқынды жазықтықтықтарға жатады. Су айрықтықтарында түрлі ойпаңдар кездеседі. Тек Волын-Подол мен Орталық орыс тегістіктері, Днепр маңы мен Еділ қыраттары, Донецк адырлар қырқасы, Жалпы Сырт жыралы сайлармен жиі бөлшектенген. Аймақтың Азия бөлігі –сәл бөлшенген тегістік Батыс Сібір ойпатымен жалғасады, оның көтеріңкі оңтүстік бөлегі Орталық Қазақстан қыратының солтүстігімен шекералас жатыр. Одан әрі шығысқа қарай дала жазықтығы Алтай тауының етегін, Минусин қазан шұңқырын және Шығыс Саян етегіндегі төбелі жазықтықтарды қамтиды. Байкалдан әрі шығыста үздік-үздік тектоникалық депрессиялар кездеседі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Орта ғасыр

Орта ғасыр рухани жәдігерліктерінің арасында аз зерттеліп ,қазақ ғылымының нысанасына айнала қоймаған шығарманың бірі-«Тарих-и-Рашиди».Мұның авторы –тарихшы, ақын, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Дулати мұрасына Батыс ғалымдары қызыққанымен ,өз ұрпағына ұзақ уақыт бойы назар аудармай келген.Біз бүгінде дерекнама ретінде сол Батыс ғалымдарының еңбегіне ғана сүене аламыз.Тарихшы –қайраткердің ертерек зерттелінбеуі қазақ мектебін бітірген сан мыңдаған шәкірттердің тарихи танымына нұқсан келтірді.Бірақ ,қазір зерттеліп-зерделеніп жатқанына шүкіршілік айтайық.
«Тарих-и-Рашидиді»жазған Мұхаммед Хайдар Дулати 1499жылы Ташкент қаласында ,Моғолстанның билеушісі Жүніс ханның күеу баласы ,ата-бабасы шонжар тұқымынан шыққан Құсайынның шаңырағында дүниеге келді.Оның атасының есімі де Мұхаммед Хайдар мырза Дулати.Сондықтан тарихшының есімі тарихи әдебиеттерде Мырза Хайдар деп аталады.Тахаллусы (бүркеншік есімі)-Аяз.Бұл жайында тарихшының қолжазбасында былай деп жазылған : «Алланың рахымы түскен пендесі,әлейім жұртқа Мұхаммед Хайдар есімімен танымал болған Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Құсайын көрегенмін(гурекен).мен алланың әмірімен ,аса бір қабілетім тасып ,іскерлігім асып-тасып бара жатпағанмен,ата-бабамның тарихын жазып қалдыруды парызым деп ұғып, аллаға мінәжат етіп,қолыма қалам алдым.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Біздің жарқын болашағымыз

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне ,
Бірі күтіп әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Біз Ұлы Отан соғысында қайсар ерлікпен жеңіске жеттік. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті.
Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Отанын қорғады. Қаншама халық бір туың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша реформалары

Бүгiнгi таңда егемендi елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету дұрыс ақша несие саясатын жүргiзуге тiкелей байланысты екенiн уақытының өзi дәлелдеп бердi. Оны ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында да айтып өткен болатын. Ал осы ақша несие саясатын дұрыс жүргiзу барысында ақша айналымын жақсарту, дұрыс жолға қою үшiн бiрнеше реформалар жүргiзiлгенiн тарихтан жақсы бiлемiз. Әрбiр реформаның өзiндiк ерекшелiктерi мен осал тұстары болғанын бiлемiз.
Әлемге танымал экономист А.Смит: “Ақша-бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы”,-деп анықтама берген ақшаның бүгiнгi өмiрiмiзде алатын орны күшеймесе әлсiреген жоқ. Ол экономиканы тұрақтандырудың бiрден-бiр құралы болып отырғаны аян. Әрбiр мемлекет дағдарыс тұсында дұрыс ақша реформасын жұргiзiлуiнiң нәтижесiнде тығырықтан шыққаны белгілі....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ақшаның мәнi қызметтерi және ақша айналысы

Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында , сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша теориясының дамуы” деп алдым. Өйткенi ақша экономикада ең маңызды категорияның бiрi. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “ Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент ” , “ Ақша – ерекше тауар ” , “ Ақша зат емес, ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” , “ Ақша бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Жеке тұлға

Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғаларда азаматық – құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы),
Заңды тұлға дегеніміз – бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық - құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға инстиутын практикалық маңыздылығы мынада: “заңды тұлға құрылташыларының өз кәсіп керлік тәуеклін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеуе мүмкімдігі бар”.
Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебеттерді бір мағыналы анықтамасы жоқ.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстанның салық жүйесі

Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру - өте күрделі процесс. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет барысына кедергі келтірмейтін салық жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында болып отыр.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бәсекелес ортаның қалыптасуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық экономикадан алатын өз орнын жедел іздеуі үшін өзінің икемділігін, жинақтылығын, нарықтың шынайылылығын пайдалануы тиіс. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлік ортаның белсенділігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап, өзінің көмегін шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеті жоғары және елдің ғылыми-техникалық күш қуатын көтеру көзқарасы тұрғысынан мүмкіндігі зор кәсіпорындарға бағыттауы қажет.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Міржақып Дулатов

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы,Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында,қазіргі Торгай облысының Жанкелдин ауданында, «Қызбел» совхозының жерінде туған.
Әкесі Дулат әжептеуір ескіше оқыған,өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар тауфихты адам болса керек.Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша,сонсоң орысша оқытып,заң қызметіне бейімдеп үлгірген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен әлдегенде ауыл молдасына береді.
Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен) өз айтуынша,екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін,әкесі молдадан шығарып алып,ауылдық мектепте орысша оқытатан Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді.
«Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді» - дейтін Жақаңның тағы бір сөзі оның өнер - білім жолындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті ізденістерінің бастауы дәл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психологиялық эксперимент сипаттамасы

Бір тәуелсіз айнымалыларға арналған жоспарлар.
«Шынайы» тәжірибелік зерттеу жоспары басқалардан мынадай маңызды белгілері бойынша ажыратылады (ерекшеленеді).
1) Эквивалентті топтарды құрудың стратегиясының бірін қолданумен, көбінесе- рандомизацияны;
2) Тәжірибелік және ең кемі , бір бақылау тобының болуымен ;
3) Тәжірибені тестілеумен аяқтау және тәжәрибелік әсер алған топ(Х1) мінез-құлқын әсер етуді топпен (Х0) салыстырумен жоспардың классикалық варманты 2 тәуелсіз топқа арналған жоспар б.т. Психологияда тәжірибені жоспарлау ХХ1 ғасыр алғашқы он жылдығынан бастап қолданыла бастады.
Бұл жоспардың негізгі үш түрі бар. Оларды суреттеу кезінде Кэмпбел ұсынған символизацияны қолданамыз.

5.1- таблица.
1. Эксперименттік топ R Х О1
2. Бақылау тобы R О2

Бұл жерде R- рандомизация, Х- әсер ету, О1- бірінші топты тестілеу, О2- екінші топты тестілеу.
1) әсер етуден кейін тестілеген екі рандомизацияланан екі топқа арналған жрспар. Оның авторы – әйгілі биолог және статистик Р.А.Фишер. Жоспар құрылысы 5.1. таблицада көрсетілген.
Эксперименттік және бақылау топтарының теңдігі бұл жоспарды қолданудың мүлде қажетті шарты болып табылады. Көбінесе топтың эксперименттілігіне қол жеткізу үшін рандализация процедурасын қолданады. Бұл жоспарды зерттеушілерге алдын-ала тестілеу өткізуге мүмкіндік пен қажеттілік жоқ болған кезде қолдануға кеңес беріледі. Егер рандонизация сапалы өткізілсе, онда бұл жоспар ең жақсы б.т , артеларактың көзінің басым көпшілігін бақылауға мүмкіндік береді, одан басқа, ол үшін дисперсиялық талдаудың әртүрлі варианттары қолданылған.
Рандомизация немесе топтарды теңестірудің басқа процедураларын өткізгеннен кейін эксперименттік әсер ету жүзеге асырылады. Қарапайым вариантта бар болғаны екі ғана тәуелсіз айнымалының градациясы қолданылады: әсер ету бар, әсер ету жоқ.
Егер әсер етудің 1 деңгейін қолданбау керек болса, онда бірнеше эксперименттік және бір бақылау топпен жоспарлар қолданылады (әсер ету деңгейінің саны бойынша).
Егер қосымша айнымалылардың біреуінің әсер етуін бақылау қажет болса, онда 2 бақылаутоптары мен 1 тәжірибеліе топпен жоспар қолданылады. Мәліметтерді өңдеу математикалық статистика үшін дәстүрлі бағалауды қолдануға алып кееді. Өңдеу интервалды шкаламен өткізілетін кездегі жағдайды қарастырайық. Топтың орташа көрсеткіштігін айырмашылығые бағалау үшін Стьюденттің t-критериін қолданады. Эксперименттік және бақылау топтары аралығындағы өлшенетін параметірінің түрленуіндегі айырмашылығын бақылау F-критериінің көмегімен өткізіледі. Сәйкес продцедуралар психологтарға арналған математикалық статистика оқулықтарда нақтырақ қарастырылған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні

Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі. Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.
Экономикалық мазмұны жағынан салықтар дегеніміз –мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдері. Табыстардың әр түрлі нысандарының салық көздері мыналар болып табылады: пайда, процент, жалақы, дивиденд, рента, т.б.
Салық салудың мынадай негізгі принциптері бар:а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игіліктерге пропорционалды төлеу керек; б) салықтар табыстың мөлшерінен, салық төлеушілердің тұрмыс халінің дәрежесінен тәуелді болуы керек.
Салықтар шаруашылық субъектілердің, жеке тұлғалардың, мемлекет пен екі арадағы мемлекет арқылы жүзеге асырылады.
Салықтың экономикалық мәні мынада:
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстардың қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстың белгілі бір мөлшері мемлекет үлесіне жинақтап жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болған және мемлекет бірге өмір сүріп дамуының негізі болған. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.Салықтар мемлекеттің тұрақты қаржы көздері болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0