Шығарма: Есірткісіз өмір сүрейік

Адам болу дегеніміз – саналы болу. Сондықтан өмір бойы өлім мен қуаныш,қайғы-қасірет толғандырады. Өзімізді терең түсіну үшін алдымызға мақсат қою керек. Өсіп-өніп келе жатқан алтын ұямыздың қадір....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Сақ тайпасы

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен,бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Архимедтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 5189 –518 жж сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазды. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужурек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Макендонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з. дейінгі 330 –327 жылдары Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін. Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, “еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдермен балалардыСақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрынғы 519 –518 жж сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдабайлап әскерін аппаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанды жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады. Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахемедтер мемлекетін талқандап бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен” грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Әсел Сәдуақасова (1985 жылы 31 қаңтар)

Әсел Сәдуақасова - актриса, әнші, продюсер.
1985 жылы 31 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Музыка мектебін фортепиано сыныбы бойынша бітірген, ұлттық және бал билерімен айналысқан. Екі жоғары мамандықтың иегері - журналистика мен психология.
2002 жылы «Дауыс International» тобына кастинг арқылы қабылданған. Топ құрамында 11 жыл бойы өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Аяри» лақап атымен жеке шығып жүрді. Кейіннен құрбысы екеуі жаңа құрамның продюсері атанды. Екі бейнебаян түсірді. Әсел Сәдуақасованың өзі продюсер болған «Жұлдыз болғым келеді» жобасында жаңа жұлдыздарды тапты – «Altyn Girls» мен «Кофеин» топтары.
2015 жылы бірнеше жобалар мен бағдарламалардың жүргізушісі болды. Әселдің айтуынша, ол қазір ән айтуды тоқтатқан. Қазіргі таңда, жүргізушілік, актерлік және продюсерлік салаларға көбірек көңіл бөліп жүр. «Sunny Production» продюсерлік орталығының негізін қалаған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Файлды архивтеу және архивті ашу

Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық рессурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады.Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жөн. Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлік, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу, медициналық болжам қою және т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен анықтауды электронды - есептеуіш машиналарсыз ұйымдастыру мүмкін емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін ЭЕМ-ді тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында ЭЕМ-мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін де қажет. Жоғары оқу орындарында студенттерді есептеуіш техниканы пайдалануға даярлаудың үздіксіз жүйесі ұйымдастырылған.
Информация – дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, түрлі нысандар, құбылымтар мен процестер және т.б. жөніндегі мағлұматтар информация делінеді. Мысалы, айналадағы кеңістіктен жер жағдайы, өсімдіктер жөнінде көп информация аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы – күннің бұлтты екенін және жауын жаууы мүмкінжігін, т.б. білдіретін информация. Көп салалы халық шаруашылығының күн санап өркендеуіне байланысты, түрлі информацияны жинастыру, өндеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткізіп беру процестері үлкен көлемді әрі маңызды жұмыстардың бірі болып отыр. 50 – жылдардың бас кездерінен бастап көптеп жарыққа шыға бастаған электронды есептеуіш машиналарын осы жұмыстарға пайдалану оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызады.Ал информатика – инфориация қасиеттерін, оның көрсетілуі мен автоматты түрде өндеу әдістерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Адал ұл ер боп туса-ел тірегі

Отанға деген сүйіспеншілік- еліміздің, оның кемелұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік. Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп, қалдырған басқа қаламгер жоқ! Ол «өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындықтың белгісі. Ел дегенде адал қызмет еткен. Отан үшін отқа түс,- күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды»,- дейді... - Біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естерінде ұстаса деймін. Нұрсұлтан Назарбаев Отан үшін отқа түскен аталарымызға деген алғысымды ақ қағазға түсіруді жөн көрдім. Мен соғыс туралы алғаш ақпарат құралдарынан, кинофильмдерден көргенде жанымның түршігіп, көзіме жас алғаным әлі де есімде. Кейін ата-әжемнен, ата-анамнан, ұстаздарымнан сұрағанымда, олар: «Құдай бетін аулақ қылсын, сендер соғыс деген зұлым сөзді естімеңдер, алапат соғысты көрмеңдер!» деп соғыс туралы айтып бергендері жадымда сақтаулы. Жеңіс деген- жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы. Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Өздеріңіз білетіндей, биыл Ұлы Жеңістің 71 жыл мерейтойы! Осыдан тура 75 жыл бұрын таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасын ұрланып өткен жау оғымен ғаламат, сұрапыл соғыс басталған еді. Бұл соғыс тек тәтті ұйқыны ұрлаған жоқ, ананы баласынан, жарынан айырса, ақын, инженер, ұстаз болам деген бозбалалар мен бойжеткендердің арманын ұрлады. Еліміздің жауынгерлері қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша жаумен шайқасты. Олар батырлықтың, батылдықтың,қайсарлықтың үлгісін біздерге үлгі етіп көрсетті. Әлі күнге дейін қанды соғысты ешкім де ұмытқан жоқ. Соғыс өрті, мұңы халықтың есінде......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Нормалану талаптары


Қазақ тілінің мәдениетін арттыра түсу талаптары алдымен оның коммуникативтік және қоғамдық қызметтерін жақсарта түсу шараларын жүзеге асыруды керек етеді. Қазіргі қазақ тілі ертедегі қазақтардың от басы, ошақ қасында отырғанда пайдаланатын қатынас құралы ғана емес, жаңа тұрмыс, жарқын өмір үшін күресінің, марксизм-ленинизм идеяларын насихаттау және халқымыздың барлық мәдени, экономикалық, ғылыми, саяси іс-әрекеттерінің құралы. Ол құралдың өткір, ұтымды, мәдениетті болуының көп шартының бірі – әдеби тілдің нормалық қасиетін арттыру болып отыр. Бұл, айналып келгенде, қазақ тілі мәдениетін арттырудың да қамы болмақ. Сондықтан Совет Одағындағы орыс, украин, белорус халықтары мен түркі халықтарының да өмірлік мәселелеріне көп көңіл бөлініп отырғаны түсінікті.+

Бізде көп талас тудырып жүрген сөздердің бір тобы – дублеттер. Кейбір қалам қайраткерлері дублет сөздердің тиімділерін нормалау дегенді қазақ тілінің алтын қорына орынсыз қол сұққандай көреді. Мысалы, тіл мәдениеті мәселелерін жақсы түсінетін Ә. Қарағұлов былай дейді: “Аудармашылар, журналистер үшін дублет, диалект деген – нағыз НЗ, сарқылмас қор, бағалы қазына. Сондықтан одан көз жұмып, қол сілтеп безуге болмайды”[1,140], – дейді. Олардан “без” деп, “көз жұмып”, “қол сілтегендер” болды ма? Тіл мамандары “Солардың ішіндегі керегін ала біл, әдеби тілге қажеттісін пайдалана біл” деп айтып келген жоқ па? Ол ол ма, қадірмен жазушымыз М. Әлімбаев дублеттерді дұрыс пайдалану жайындағы тіл мамандарының әрекеттерін “дублеттерді аластау” деп түсінеді екен: “...көптеген сөзді керексіз дублет деп кірпіш құсатып суырып тастай берсек, сарайымыздың көркі не күйге түсерін ойласақ ше? Кейбір сөздерді... “дублет тізіміне жатқызып, лақтырып тастағанымыздың қырсығы көп... Ендеше, лексикалық дублеттерді аластауға аса сақ болу керек”. Бұған не айтуға болады? Алдымен, “кірпіш құсатып” (дұрысы – кірпішке ұқсатып) деп жазу да, келтірген мысалдары да дублеттің не екенін дұрыс түсінбегенін көрсетеді. Ешкім, еш уақытта дуб­лет қатарына енетін сөздерді “лақтырып таста!”, “аластат!” деп айтқан емес, жазған да емес. Автор әдеби тілдің “сиқын бұзып тұрған сұрықсыз кейбір кедір-бұдырларын қырнауға болар” деген дұрыс пікір де айтады. Бірақ сол “кедір-бұдырдың” бір түрі әдеби тіл нормасынан тысқары жұмсалатын дұрыс сөздің бұзылып айтылған дублеттері емес пе? Әдеби тілдің етек-жеңі олпы-солпы болмай, жинақы, сымбатты болу үшін әдеби нормалар қатарын бекемдей түсуді мақсат етсек, жарыспалы дублет сөздер мен қара- пайым сөз, диалектизмдердің бәрін бірдей жөн деп қолдана беру тілдік анархияға душар етпей ме? Әдебиетте маңдай дегенді жазушы өз сөзінде маңлай деп жазса, тізе сөзін дізе деп жазса, тіл мәдеиеті тұрғысынан дұрыс болар ма еді? Әдеби сыңары анықталған дублеттік қатарларды пайдаланғанда оның әдеби вариантын ғана қолдану керек. “Жұмысымды бітірдім” деудің орнына “жұмысымды пітірдім”, не “жұмыс істедім” демей, “жұмыс жасадым” деген адамның тіл мәдениеті дәрежесі төмен деп қараймыз ғой. Сондай мәдениетсіздік жазуда да, сөйлеуде де болмаса екен деген талапты күшейте, тілдің әдебилік қасиетін арттыра түсер едік. Тіл байлығын нормалау сайып келгенде, әдеби тілді қалыптастырудың қамы, тілдің мәдениетін жоғары сатыға көтерудің шарасы. Сондықтан одан ат-тонды алып қашуға болмайды. Тек оның мәніне түсінбеген, не түсінгісі келмейтін кісі ғана ол шараға немқұрайды қарайды. Өйткені, нормалау – біреулердің ойдан шығарған ермегі емес, әдеби тілдің пайда болу табиғатын, ілгері даму жолдарын айқындау үшін керек әрекет.

Тілді нормалауда қандай-қандай жайттарды нысана етеміз? Норманы, нормаға жатпайтындарды қалай айырамыз?

Пайдаланылған әдебиет

1. Тіл мәдениеті және баспасөз. Алматы,1972. 140-б.

Мәулен Балақайұлы Балақаев

«Қазақ әдеби тілі»- Алматы, 2007.- 421-423 б.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жұмыссыздық және оның түрлері

Отбасы-некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы.Ол қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды элементі болып табылады.Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады.
Отбасы-бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол бір жағынан әлеуметтік институтқа, ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды.Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамды өзіндік қорғау және жаңа ұрпақ шығару қызметін атқарады.Отбасы кіші топ ретінде адамдар қоғамдастығы, онда индивидтер өзара тұлғалық қатынасқа түседі, әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады, ата-аналар, жас жұбайлар, балалар, туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жер салығының экономикалық мазмұны

Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезеңдерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашан да жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінгде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарықтық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының ролі күні сайын артып келеді.
Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экоологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір мақсат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі

Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуметі мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс- әрекетіне байланысты екені белгілі. Бүгінде еліміздің тәуелсіздігімен бірге сақтап тұрған салық жүйесі іргелі де маңызды салаға айналған.
Жалпы осы ұрпақтар ішінде салық заңдары бірнеше рет ауысып, көптеген өзгерістер енгізілген. Бұдан біз салық жүйесі саланың дамып жетіліп жатқанын қадағалауымызға болады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгеріске ұшырап отырады. Олардың қызмет ауқымы кеңейіп, әлеуметтік-экономикалық процестердегі рөлі де өзгеріп отырады. Тауар-ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігінше әсер етті.
Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін кезінде Адам Смит ұсынған еді. Олар мыналар:
А) Салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуға тиіс;
В) Салықтың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала әрі нақты белгіленуге тиіс;
С) Әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;
Д) Өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс;

Бұл принциптердің қолдануы салық салудағы сорақылықтарды жойып, бұл процесті реттеді. Сондықтан А.Смит: ” ... төлеушілер үшін салықтар – құлдықтың емес, бостандықтың белгісі”, - деп жазды.
Мемлекет салық саясатын – салықтар саласындағы іс-шаралар жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Нарық қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты – халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру принциптерінен бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбеккеқабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқық нормалары

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді, қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.
Норма сөзі латын тілінен аударғанда «үлгі», «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінөз-құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сөттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмлелерді олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни, бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
2. Құқық нормаларында халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық нормаларында бекітілуі көп бол¬ған. Мысалы, коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің «Коммунистік партияның манифесті» деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған. К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып, отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып, бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді «менікі» дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды. Өкінішке орай сол көздегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана мұрагерлік берілген. Социалистік идеологияны жазу барысын¬да К.Маркс «Коммунистік партияның манифесінде» қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
3. Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемле¬кеттік күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқық нормаларын бұрмалаған немесе орындамаған субъектілерге күш қолданады, жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды — айқын және орындалуы, сақталуы, қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінөз кұлықтың үлгісі. ....
Рефераттар
Толық
0 0