Сабақ жоспары (ұмж): Көпмүшелерге амалдар қолдану 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерге амалдар қолдану 1-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.7 көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау;
7.2.1.8 көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындау;
7.2.1.9 көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
Көпмүшелерді қосуды, азайтуды, көбейтуді үйренеді
Көпмүшелерге амалдар қолдану орындалатын мәтін есептерді шығарады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері

«Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.
Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.
Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Экономикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлешу

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара бай-ланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінгі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптсақан.Әрбір теорияны дайындап, алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз.Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді.Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз.Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз.Біз бәріміз экономикалық процестерге қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетінге ие боламыз.Экономикалық статистика – бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс-әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін жәнее сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді.Алынған дерекетер бойынша әртүрлі статис-тикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономика-ның қалыпын, жағдайын сипаттайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия | Дискурс

Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады — қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.
Дискурс — тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Ол түсініктің пайда болуына тілге деген мынадай көзқарастар әсер етті. Біріншіден, тілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды деген түсінік; екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие; үшіншіден, осы жоғарғы айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді.
Шындығында, тіл — бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз. Бірақ күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда біз мынадай қызық нәрсені байқаймыз — әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен. Сол шексіз көп түрлі мағынаның болуы бір ұлтқа тиесілі ортақ тілді көптеген «социолекттерге» бөліп-бөліп жібереді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ежелгі түріктер

«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» Қазақстанның, Орта және Алдңғы Азияның, сондай-ақ, Еуропаның этникалық жән саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және, бәлкім, өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақсан территориясында бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі – Түрік қағанаты (552-745 ж.ж.) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудің бір бөлігін мекендеді. «Түрік» деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталды. «Түрік» этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни патша шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түрік деп атап кеткен.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер Түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ортасы Орхон өзенінің жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі Істемі қаған 6-ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағандығының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.
Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Шығыс (Орталық Азия) және Батыс (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан) Түрік қағанаты.
Батыс Түрік қағандығы яки қағанаты Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Ол қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньнің батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатыр. Қағанаттың орталығы Шу өзеніндегі Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы қаған, жоғарғы әмірші және ірі әскер басы болды.
Батыс Түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін Тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс Түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Физиология | Нәпсілік қатынас және денсаулық

Дені сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым – ВАЛЕОЛОГИЯ жөнінде сөз қозғағанда жалпы денсаулықтың сондай маңызды бөлігі - өрбіту саулығын (репродуктивтік өрбіту, көбейту) тыс қалдыру мүмкін емес.
БДҰ (ВОЗ) анықтамасымен өрбіту саулығы – бұл кәдімгі табиғи ақыл-ой қуаттың бар кезде дені сау ұрпақ тудыру, өрбіту үрдісін жүзеге асыру. Өрбіту саулығы – бұл отбасы, біздің қоғамымыздың негізі. Ол өрбітер кезеңдегі денсаулық қалпын көрсетіп қана қоймай (әйелдерде 15-тен – 45-ке дейін, ерлерде 13-тен 55-ке дейін), сонымен қатар балалық шақтағы, бозбала кезде-гі, өрбіту кезеңінен кейінгі тұстағы денсаулықты да айна қатесіз білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында:”Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында” деп жарияланған.
Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіп-жер тамағына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл-тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орындары, денсаулық сақтау орталықтары, бала тудыратын үй т.б.) қызметін пайдалануға байланысты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сақ өнеріне түсінік

Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.
Ғылымда сақтың «аң стиліндегі» өнерінің қай жерде, қай заманда пайда болып қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжамдар бар.
Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларынан: жер бауырлап жатқан қабылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің стильдендірілген бастары, жыртқыштар мен «заулап бара жатқан» бұғылар, аттар, мен түйелер бейнесін тауып берді. Алайда зерттеушілер сақ көркем өнерін тек луристан стиліне жатқызып қоюға болмайды, олар бір-біріне тәуелсіз стиль дес есептейді.
Бәрінен де бұрын б.з. дейінгі І-мыңжылдықтың бас кезінде қазіргі Иран территориясына ирантілді тайпалар келіп кіре бастаған, солардың ықпалымен елге бірқатар соны әдет-ғұрыптар, қару – жарақ пен ер-тұрманның жаңа түрлері тарай бастайды.
Сонымен бірге ирандар Ассирияның, Элам мен Урарту мәдениетімен танысып, олардың өркениет табыстарын қабылдайды. Ирандықтар олардан композиция мен стильдің біраз белгілерін үйреніп алады. Ахеменид Иранының көркем өнері осылай туып қалыптасады да, ол сақтар өнеріне қатты ықпал жасайды. Осынау мемлекеттер өнерімен сақтар алдыңғы Азияға жортуыл-жорықтар жасаған сапарында танысады. Олардың патшалықтарынан Мидия патшасы Киаксар талқандағанна кейін, олар бейнелеу өнерінің көптеген үлгілерін алып, үйлеріне артынып-тартынып қайтып келеді.
Тувадағы Аржан обасын қазған кезде – оның диаметрі 120 м, биіктігі 3 м орасан зор құрылыс – оба үйіндісінің астынан археологтар аса күрделі ағаш конструкциясын тапты: оның дәл ортасында жуан бөренелерден қиылған көлемі 8 * 8 м үлкен там, ал оның ішінде көлемі көлемі 4,4х3,7 м тағы бір там бар екен. Сол тамда ағаш табытқа салынып көсем жерленіпті, оның жанында тағы тағы бірнеше еркектің – көсемнің туыстары мен серіктернің мәйіттері жатыр, тегі олар өз еріктерімен көсемі соңынан о дүниеге аттанса керек. Айналаға радиус бойынша орнатылған тамдар ішіне жорық ер – тұрмандарымен 160 ат қойылыпты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Холдингтер құрастыру қажеттілігі маңызы және түрлері

Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады. Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.
Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш жігерін белгіленген бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады.
Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты корпоративтік басқаруды жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.
Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.
Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.
Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекет мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңістің құны төгілген жас қан

Халқымыз қашанда асыға күтіп, қуанып қарсы алатын Жеңіс күні де таяп қалды. Алайда , ұлы жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ . Біреудің жан-жары, біреудің әкесі, біреудің нағашысы, біреудің жиені кескілескен шайқаста мерт болды. Қай отбасын болмасын ауыр қайғыға душар етті. Осыншама адалдықты ары мен жанына серік еткен абзал азаматтарымыздың ерлік даңқы ұрпақтан - ұрпаққа жаңғырып жете бермек. Біз осы күндерден қанша алыстаған сайын олардың тау тұлғалары біздің санамызда биіктей береді, биіктей береді. Кіндік кесіп, кір-қоңын жуған жерін тек қана адалдықпен сүйген аталарымыздың жүрегі:
« Бола ма соғыс ? – Біздікі жеңіс!
Бірақ та соғыс болмасын деңіз!
Жеңістің құны – кесілген білек,
Жеңістің құны – тесілген жүрек,
Жеңістің құны төгілген жас қан…
... Бола ма соғыс ? – Біздікі жеңіс! ......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Әмір Қуат

Әмір Қуат – ғылым қайраткері, кәсіпкер, музыкант

Табиғаты шығармашылыққа жақын, ерте жасынан таланты мен музыка, ғылымға деген қызығушылығын көрсеткен. 6 музыкалық аспапта еркін ойнайды, өлең мен музыка жазады. Дегенмен ең басты қызығушылығы ғылым болып табылады. Әмір өлім мен жарақат алу санын төмендетуге бағытталған «БИОВ» қауіпсіздік техникасының авторлық жүйесін басынан бастап жасаған өз саласындағы аз адамның бірі. Елімізде өндіріс пен жұмыс орындарында жарақат алу мәселесі өте өзекті екені құпия емес. Әмір қауіпсіздік техникасы мәселесін қолайлы жағдай мен қауіпсіз жұмыс аймағын жасап қана қоймай, адамды өз-өзінен қорғау керек деп санайтын бірден-бір адам деп айтсақ қате болмас, себебі ең тәжірибелі, ең мінсіз және қауіпсіздік мәселесіне ең мұқият қарайтын жұмысшының өзі де қателесуі мүмкін. Бірақ сол қатені қай уақытта жіберетінін ешкім білмейді, Әмір Қуаттың ғылыми-зерттеу жұмысының мәні де осында.

Ғылыми қызметін 14 жастан, адам ағзасының биологиялық әлеуеті мен оларға гелиофизикалық факторлардың әсер етуін өткенді шолу арқылы болған оқиғалармен сәйкестендіре отырып зерттеуден бастаған. Зерттеулер нәтижесінде адам орны толмас қате жіберген кездегі заңдылықтарды тауып, оларды ғылыми жұмысында көрсеткен және түрлі қалалық, облыстық, республикалық конференцияларда таныстырып, бірінші орындарға ие болған. 2008-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында болған 1,2 млн өлім жағдайларын зерттеу салдарынан тамаша нәтижелер алынып, олар жүйенің жетілдірілуі мен тиімділігін арттыруға бағытталып, кейін «БИОВ» қауіпсіздік техникасы авторлық жүйесінде қолданылған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0