Алатау мен Тянь-Шаньның асқар таулары, көкорай шалғындары, толқындары тулаған қарт Каспий, Балқаштың көгілдір көк айдыны, қарағайлы, қайыңды орманымен көркем Бурабай жері, қасиетті де киелі мекен Түркістан – бүгінгі қазақ елінің мақтанышы. Жер үшін,ел үшін соғысқан ата-бабаларымыздың басынан өткен......
Мал шаруашылығы адамдардың байырғы заманнан бері айналысып келе жатқан Кәсіптің түрі. Мал шаруашылығы адамның азық киімін тағы басқа қажетіліктерін қамтамасыз ететін шаруашылық түрі. Жеңіл өнеркәсәптің дамуындағы ең басты сала өзін-өзі жетілдіретін ең басты сала. Адамзатың байырғы уақыттан бері шұғылданып кележатқан шаруашылық мал шаруашылығының салалары өте көп. Мысалға алатын болсақ мал шаруашылығының басты салалары ірі қарамал шаруашлығы, қой шаруашылығы, жылқы шрашылығы түйе шаруашылығы құс шаруашылығы, шошқа шаруашылығы. Бұл шаруашылықтарының барлығы дерлік адаммен байланысты дамып қалыптасқан. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы, бұл шаруашылықпен дүнйе жүзінің түгелдей халықтары айналсады. Әр елде әр түрлі аймақтарда әр шаруңакшылықпен айналсатын өзіндік ерекшеліктері бар. Оның географиялық орналасуы мен табиғи жағдайларына байланысты қалыптасқан. Мал шаруашылығымен айналысқан елдерде көп несе жеңіл өнер кәсіп соның ішінде текстиль өнеркәсібі яғни мата өңдеу тоқыма, талшық өндіру өнер кәсіптері дамыды. Сонымен қатар ірі мал шаруашылығы барлық мал шаруашылығынан оның етін азық ретінде сүт жүнін тағы басқа заттарын алады. Бұл халықтың әл ауқатына әсер етеді. Ол тікелей ауыл шаруашылығының дамуына әкеледі. Сонымен қатар олардың эканомикасының дамуына ілгері ықпал жасайды. Адамзаттың көптеген қасиеттерін осы мал шаруашылығының өнімдері қамтамассыз етеді. Мал шаруашылығы ауыр күшті қажет етпейді, ашық аспан астында бағуға болады. Мал шаруашылығымен дүнйе жүзінің барлық елдері, барлық аймақтары түгелдей айналсады. ....
Қаржы есеп – қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені іс- әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп – қисаптар экономикалық категориялар емес, олар- аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциясы пайдаланылалды. Қаржылық операциялардың уақытылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттары бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріспен құнның экономикалық категорияларының – бағаның, қаржының, кредиттің, еңбек ақы төлеудің, іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады. Экономикалық категориялар өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді. Қаржылық есепті жүргізетін Navision Financials басқа қосымша программалардың бөліктерімен біріктірілген. Мұнда қаржылық операциялар құрылады, деректер өңделеді және есептемелер жасалады. Қаржылық есеп модулінде: аудит үшін қажетті ақпаратты тіркеуді; кез келген кезең, күн, апта, ай, тоқсан немесе жылдық әрбір шот бойынша бөлім немесе бюджет құруды, фирма балансын, пайда мен шығын есептемесін, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептемені қамтитын ішкі және сыртқы талдауға арналған баланстардың түрін және басқа да қаржылық есеп беруді құру; шоғырландырылған балансты және басқа есептемелерді даярлаумен отандық немесе шетелдік филиалдардың деректерін шоғырландыруды істей аласыз.....
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады. (АІЖК-нің 44-бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.
Тараптар – сотта субьективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.
Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.
Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субьективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға.Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі:1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады;2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.
Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субьективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субьектілері.
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі (АІЖК-нің 45-бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі (АІЖК-нің 46-бабы) қажет.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі – азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субьектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі – сотта құқықтарын өз іс-әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтықіс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын болса оны толық ааматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда, сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әркет қаббілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті. ....
Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы – экономикалық теория. Экономикалық теория негізінің маңызды факторларының бірі ақша болып табылады. Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты – меркантелистер мектебі. Ол қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Ақша жалпы баламалы рөл ойнауы мүмкін, тауарлардың барлық тобының ішінен, қандай да бір тауарды бөліп алудың объективті қажеттігі пайда болғандағы, айырбастың дамуының ұзақ үдерісі нәтижесінде пайда болды. Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай санының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1) ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2) онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3) тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді.....
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «валюта» терминінің мәніне тоқталайық . Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996ж.) сәйкес, «Валюта- мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар(айналымнан алынған немесе алынатын, бірақайналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішіндехалықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары». Осы заңда «валюталық операцияларға» төменгідей түсінік берілген: 1.меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдалану мен байланысты мәмілелер;
2. валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту; Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады: * шетел валютасы; * номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары; * тазартылған құйма алтын; * ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары. Мұндағы резиденттерге жататындар: - ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға; - ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар,олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өклеттігі; - ҚР-нан тысқары жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өклеттіліктер жатады. Ал, бейрезиденттерге резиден құрылымында көрсетілмеген ҚР-ң барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жердегі олардың филиалдары мен өклеттіктері жатады. Кейбір экономикалық әдебиеттер валюталық құндылықтар қатарына бағалы металлдар (алтын басқа да) мен табиғи асыл тастарды(алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит және жемчуг) жатқызады. Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.....
Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі, ақын. Толық аты-жөні. Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби. Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз”, “Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғұлама. Араб парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір деректерде –оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскер басының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен “Әл-Фараби”, яғни “Фарабтық” деген атқа ие болған. Болашақ ғалым алғашта туған жері Отырар медрессесінде, кейін Шаш, Самарқан, Бұхара, Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад қалаларында оқып, жан-жақты білім алған. Ол дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған. Әлемнің екінші ұстазы (арабша жетпіске жуық тіл білген. Ол философия, жартылыстану, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия әдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мәлім. ....
Фармакологиялық заттардың көптеген топтары нигростриарлы, мезолимбиялық және тубероинфундибулярлы жолдары бар дофаминергиялық жүйеге әсер етеді. Қозғалыс белсенділігінің орталық реттелуі, мінез-құлқы және психикалық қызметтер, бірқатар гипофизаралық гормондардың өнімі (пролакти және өсу гормондары), құсу орталығының қызметі дофаминергиялық жүйенің жағдайына тікелей байланысты. Дофаминергиялық жүйенің реттелуі пост-және пресинаптикалық дофаминдік (D) рецепторлар арқылы іске асырылады. Пресинаптикалық дофаминдік рецепторларды қоздыру жүйке ұштарынан дофаминнің синтезі мен босап шығуын төмендетеді. Дофаминдік рецепторлардың 2 тобы бар: D1-рецепторлар (D1жәнеD5 топшалары) көбінесе постсинаптикалық тежелулер шақырады. Олар G5- белоктарымен байланыста. Аденилатциклазаны тежейді. Сонымен қатар, олар К+- өзекшелерін белсендіріп, Са2+-өзекшелерін тежейді. Қолданып жүрген дәрілік заттардың ішінен дофаминдік рецепторлардың тежегіштері (мысалы, психозға қарсы және кейбір құсуға қарсы заттар) ретінде және дофаминергиялық жүйені белсендіретін (паркинсон ауруында қолданылатын заттардың бірқатары; акромегалияда өсу гормоны мен пролактиннің өнімін төмендететін дофаминомиметик – бромокриптин) заттар да белгілі. ....
Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған. 1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады: Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы. ....