Абзал Еркежан 8 сынып, №3 орта мектебі Іле ауданы, Жетіген ауылы Жетекшісі: Бақтиярова Ғ.Ю.
Президент... Бұл тіпті мыңнан бір адамға берілмейтін лауазым. Президент болу-мыңнан бір адамның қолынан келмейтін міндет. Мен қазақ жерінде, қазақ даласында өмір сүріп жатырмын. Қазақ патриотымын! Қазақстан мемлекетін көркейтуге үлес қосатын 17 млн-ның бірімін. Елімнің жері-менің жерім, елімнің Отаны-менің Отаным, елімнің Президенті-менің Президентім!
Қазақстан мемлекетінің Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы ғана емес, дүниежүзі таниды. Алты жасар баладан алпыс жасар қартқа дейін қадір тұтып, құрметтеп, әрқашан да тек қана жақсылығын айтады. "Барлығына бірдей жағу мүмкін емес" болса, Нұрсұлтан Назарбаев........
1991 жылы еліміз тәуелсіздігін алды. Еліміздің тұңғыш президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Менің елім бақытты! Өйткені, Қазақстанның күннен-күнге мерейі артып келеді. Қазақстанның астанасы – Астана. Астанада көптеген зәулім үйлер салынып жатыр.
Біздің елдің өзіне тән елтаңбасы, туы, әнұраны.....
Кемшіліктер мен артықшылықтар Өзің кемшілігің деп санап жүргендеріңнің кемшілік екеніне сенімдісің бе? Қарап көрейік. Кейде ірі, толық қыздар өзінің толық денесінен ұялып жатады. Олар өзін түрлі диеталармен, жаттығулармен зорықтырады. Мұның барлығы сенің толық болу жаман деген пікірге сенімді болуыңнан пайда болады. Толық болған жаман деп саған кім айтты? Тек сәнбикелер ғана жұрттың алдында қылдай жіңішке белімен, артық салмағы жоқ сымбатты денесімен жарқ-жұрқ етеді. Ал күнделікті өмірде барлығы бұлайша біртекті емес.
Стильді әрі көңілді томпақ қыздар ең сәнді, ұзын сирақты арық қыздарды жолда қалдыра алады. Сондықтан өзіңе ұнамағанның бәрін кемшілік деп ойлаудан аулақ бол. Асықпасаң уақыт өте келе өзіңді түсініп, бағалауды да үйренесің. Ал әзірге бір-екі кеңесті қабыл ал.
Өзіңнің жетіспейтін тұстарыңды мойында. Бұл сенің табиғи болмысың. Сондықтан өзіңді осы қалпыңда жақсы көруді үйрен. Өзіңнің кемшіліктеріңді жасырып, артықшылық-тарыңды көрсете білуді үйрен. Үйлесімді шаш үлгісі, макияж, киім, аксессуарлар, өзіңді ортада ұстай білуің мен адамдармен қарым-қатынасың - міне өзін сыйлайтын кез-келген қыз білуге тиісті әйел құпиясының сыры осында.
2 - кеңес
Бастысы өзіңді таныта білу
Кейбір қыздар көпшілік көзіне бірден шалынып, өзіне жұрттың назарын аударып тұрады. Ал сол қыздарға зер салып қарасаңыз олардың басқа қыздардан еш айырмашылығы жоқтығын байқай-сыз. Соған қарамастан олар өзіне бірден назар аудартады. Мұның себебі неде? Өйткені олар өзін көрсете.....
●•●• Қуантып, кейбірін жылататұғын сол бір күндердің алғашқы легі басталып та кетті. Нені меңзеп тұрғаным - еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бесенеден белгілі болар.. Тұрсынбек ағамыздың сөзімен айтсақ : "Ұлы бір күндік төңкеріс". Төңкеріс деуінде де мән жатыр-ау. Біз де сол сұрапыл кезеңнің батырлары емеспіз бе?! Қырғын арасынан.....
Дене тәрбиесі – коғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес . Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады.Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Дене жаттығулары, сылап - сипау , козғалыс және спорттық ойындар , жүру, жүгіру шынығу, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары болып табылады . Айтылған кұралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады . Екіншіден , өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі , яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады . Үшіншіден ,ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық , күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында , дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады , сергектік пен сенімділік қолдайды. Дене тәрбиесімен шүғылдану кезінде жас , жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау , яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді ....
Күллі мұсылманның ұлық мерекесі - Құрбан айт биыл 26 қазанда басталады.
Фото с сайта rus.azattyq.org
Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы хабарлады. Құрбан айттың бірінші күні елімізде демалыс деп белгіленген.
Ал, екінші және үшінші күндері бұл жолы сенбі, жексенбіге келіп тұрғандықтан, үш күн демалыс деп жарияланды.
Ислам мейрамдары күндік емес айлық күнтізбемен есептеледі. Мұсылман баласының ұлық мейрамы, Құрбан айт жыл сайын Зулхиджа айының 10-ы күнімен сәйкес келеді. Биыл, ол 26-қазанға тұспа-тұс. Ертең, Зулхиджа айының бірінші күні.
Құрбан шалу айт намызынан кейін жалғасқаны абзал. Құрбанға 4 түлік мал шалынады. Ірі қара малды 7 адам бірігіп шалуына да болады. Ал, Ұлық мейрам толық 3 күнге, ал 4-ші күні екінті намазына дейін жалғасады,- дейді орталық мешіттің бас имамы.
Естеріңізге сала кетейік, діни бірлестіктер мен мешіттер қайта тіркеуден толығымен өтіп бітті. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстанға 5500 қажы оралмақшы. Бұл өткен жылдан 1500 адамға артық.
Кариотип. Жоғарыда айтылғандай, хромосоманы зерттеу кезінде клетканың экваторлық пластинкасында оларды сынауға болады, ал хромосомалардың морфологиясын, құрылымын және.....